Аумағы бірнеше стадионның көлемімен шамалас: Қазақстандағы ең ірі дата-орталық қалай ұйымдастырылады Деректерді өңдеу орталығы – бұл Nvidia компаниясының графикалық процессорларының базасында өнімділігі жоғары серверлерді пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі IT-хаб құруға бағытталған Қазақстан мен Америка бірлескен жобасы. Технологиялық әріптестік туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин айтып берді. Нысанның құрылысын қазақстандық тарап толық қамтамасыз ететін болады, ал америкалық Firebird компаниясы қымбат серверлік жабдықтарды жеткізу және әлемдегі ірі IT-компанияларды тарту міндетін өз мойнына алады. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде 109 МВт электр қуатын пайдалану көзделсе, екінші кезеңде бұл көрсеткіш 136 МВт болады. IT-инфрақұрылымның жалпы аумағы бірнеше стадионның көлемімен шамалас. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз Екібастұзда әлемдік деңгейдегі деректерді өңдеу орталығын құрып жатырмыз. Шын мәнінде, Қазақстан Екібастұз көмірін экспортқа бағытталған цифрлық табысқа айналдырып отыр. Көмірден өндірілетін энергия жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған қызметке айналып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі ірі шетелдік компанияларға сатылатын болады. Бұл – бірлескен бизнес жоба. Біздің Firebird компаниясындағы серіктестеріміздің әлемдік ірі компаниялармен қызмет көрсету бойынша кепілдендірілген келісімшарттары бар. Соның нәтижесінде елімізге шетел валютасындағы түсімдер тартылатын болады», – деп атап өтті Бағдат Мусин. 📱@KZgovernment
UKIMET — страница 16
Архив материалов источника UKIMET, страница 16. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Как проект «Долина ЦОД» превратит Казахстан в цифровой хаб Евразии В рамках реализации поручений Главы государства по развитию цифровой инфраструктуры страны в Казахстане запускается проект «Data Center Valley». Он призван обеспечить растущие потребности не только национальной, но и мировой экономики, государственных сервисов и сферы высоких технологий мощными вычислительными ресурсами на базе решений от мировых лидеров ИТ-индустрии. О перспективах партнерства и переходе к экономике ИИ рассказал заместитель Премьер-министра — министр искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев. «Сегодня искусственный интеллект становится новой базовой инфраструктурой мировой экономики, поэтому Казахстан последовательно формирует условия для привлечения ведущих международных технологических компаний и инвестиций в эту сферу. Мы выстраиваем необходимую инфраструктуру, совершенствуем регуляторную среду и создаем экосистему, которая позволит нашей стране стать региональным цифровым хабом. Именно поэтому Правительством принимаются меры по развитию сотрудничества с такими стратегическими партнерами, как Nvidia и Firebird AI, обладающими передовыми технологиями и международной экспертизой», — подчеркнул Жаслан Мадиев. Практическим шагом в реализации этой стратегии стало подписание соглашения о сотрудничестве между профильным министерством и компанией Firebird AI. Проект «Долина ЦОД» предусматривает привлечение не менее $10 млрд. На эти средства будут созданы центры обработки данных для искусственного интеллекта суммарной мощностью не менее 300 МВт. Ожидается, что функционирование этих мощностей обеспечит существенный рост экспортной выручки. «Реализация совместных инициатив позволит укрепить вычислительный потенциал страны, ускорить внедрение ИИ в различных отраслях экономики и создать новые возможности для отечественных разработчиков, научных исследований и технологических стартапов. Проект Data Center Valley, должен стать платформой для привлечения глобальных технологических игроков, развития локальных компетенций и создания экспортоориентированных цифровых сервисов. Казахстан строит экономику ИИ-токенов – это новая экономика, высокомаржинальный экспортоориентированный продукт. Наша задача – превратить инфраструктурные преимущества Казахстана в долгосрочный фактор экономического роста и укрепить позиции страны как одного из ключевых цифровых хабов Евразии», — отметил заместитель Премьер-министра. 📱@KZgovernment
«Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы қалай Қазақстанды Еуразияның цифрлық хабына айналдырады Мемлекет басшысының елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда «Data Center Valley» жобасы іске қосылуда. Ол тек ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік экономиканың, мемлекеттік қызметтердің және жоғары технологиялар саласының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін әлемдік ІТ индустрия көшбасшыларының шешімдері негізінде қуатты есептеу ресурстарымен қамтамасыз етуді көздейді. Серіктестік перспективалары мен жасанды интеллект экономикасына көшу туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев айтып берді. «Бүгінде жасанды интеллект әлемдік экономиканың жаңа базалық инфрақұрылымына айналып отыр, осыған байланысты Қазақстан аталған салаға жетекші халықаралық технологиялық компаниялар мен инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде қалыптастыруда. Біз қажетті инфрақұрылымды дамытып, реттеуші ортаны жетілдіріп, еліміздің өңірлік цифрлық хабқа айналуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырып жатырмыз. Сондықтан Үкімет NVIDIA және Firebird AI сияқты озық технологиялар мен халықаралық тәжірибеге ие стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту шараларын қабылдап отыр», — деді Жаслан Мадиев. Осы стратегияны жүзеге асырудағы нақты қадам ретінде салалық министрлік пен Firebird AI компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы кемінде $10 млрд тартуды көздейді. Бұл қаражат есебінен жалпы қуаты 300 МВт-тан кем емес жасанды интеллектке арналған деректерді өңдеу орталықтары салынады. Бұл қуаттардың жұмыс істеуі экспорттық түсімнің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде. «Бірлескен бастамаларды жүзеге асыру еліміздің есептеу әлеуетін нығайтуға, экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллектіні енгізуді жеделдетуге және отандық әзірлеушілер, ғылыми зерттеулер мен технологиялық стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды. «Data Center Valley жобасы жаһандық технологиялық компанияларды тартуға, жергілікті құзыреттерді дамытуға және экспортқа бағытталған цифрлық сервистерді қалыптастыруға арналған маңызды платформаға айналуы тиіс. Қазақстан жасанды интеллект токендері экономикасын құруда — бұл жаңа экономика, жоғары маржиналды, экспортқа бағытталған өнім. Біздің міндетіміз — Қазақстанның инфрақұрылымдық артықшылықтарын ұзақмерзімді экономикалық өсім факторы ретінде қалыптастырып, елдің Еуразиядағы негізгі цифрлық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайту», — деді Премьер-министрдің орынбасары. 📱@KZgovernment
NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредян – «Деректер орталықтары алқабы» жобасының дамуы туралы Бұл тарихи сәт. Мұндай бәрін түбегейлі өзгертетін жаңа өнертабыс, инновация жиі бола бермейді. Ауқымды өнертабыс мүмкін, шамамен жүз жыл бұрын – алғашқы…
NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредян – «Деректер орталықтары алқабы» жобасының дамуы туралы Бұл тарихи сәт. Мұндай бәрін түбегейлі өзгертетін жаңа өнертабыс, инновация жиі бола бермейді. Ауқымды өнертабыс мүмкін, шамамен жүз жыл бұрын – алғашқы өнеркәсіптік революция кезеңінде болған шығар. Бірінші өнеркәсіптік революция электр энергиясын өндіру және оны пайдалану технологиясынан басталды. Дәл осы жаңалық бүгін бізді қоршап тұрғанның барлығын дерлік қалыптастырды. Электрсіз әлемді елестету мүмкін емес. Өйткені электр қуаты біздің күнделікті айналысатын іс-әрекеттеріміздің бәрінде қолданылады. Бірақ алғашқы жылдары, шамамен жүз жыл бұрынғы жағдайды елестетсек, сол кездегі адамдар мұның не екенін түсіне алмады. Олар сымдар мен генераторлардан шығатын көзге көрінбейтін нәрсе үшін неге ақша төлеу керегін де елестете алмады. Алайда мұны алғаш түсініп, технологияны дамытуға ерте кіріскен елдер үлкен артықшылыққа ие болды. Ең ірі компаниялар мен ең табысты мемлекеттер — жаңа технологияны меңгергендер. Уақыт өте келе бұл технология бәріне қолжетімді болды. Бүгінде біз электр энергиясын қалыпты құбылыс ретінде қабылдаймыз — себебі ол әр елде бар. Бірақ артықшылық оны алғашқылардың бірі болып игергендердің еншісінде болды. Қазір біз жаңа технология пайда болып, оның салдарын енді ғана түсіне бастаған ерекше кезеңдеміз. Негізінде бұл – қайта жүктеу сияқты: жер бетіндегі әрбір ел мен әрбір адам бастапқы мүмкіндіктерден бастайды. Ал мұны тез түсініп, технологияны жылдам дамытқан мемлекеттер артықшылыққа ие болады. Жасанды интеллектті дамыту үшін «бес қабатты торт» деп атайтын құрылым қажет. NVIDIA компаниясының бас директоры Дженсен Ван бұл бес қабатты тортты былай сипаттайды: бірінші қабат, яғни негізі – энергия. Екінші қабат – чиптер. Бұл NVIDIA компаниясы өндіретін компоненттер. Үшінші қабат – инфрақұрылым. Одан кейінгі қабат – жасанды интеллект модельдері. Дәл осыны көпшілік жасанды интеллект деп түсінеді: ChatGPT, бұлттық сервистер және біз осы деңгейде өзара әрекеттесетін өзге де ИИ жүйелері. Бұл деңгейде біз төменгі қабаттардағы барлық технологияларды алып, оларды әртүрлі салалар мен бағыттарға арналған қосымшаларға айналдырамыз, осылайша олар нақты пайда мен құндылық әкеледі. Бірақ бәрі энергиядан басталады. Егер энергия болмаса, қалғанын дамыту мүмкін емес. Бұл – іргетас әрі шектеу. Қажетті даму деңгейіне жету үшін жеткілікті энергия болмаса, алға жылжу да болмайды. Қазақстанда энергия ресурстары бар. Олардың мол қоры болғандықтан және оны одан әрі өндіру мүмкіндігі жоғары болғандықтан, ел бұл бағытты бастау үшін өте қолайлы орын болып саналады. Шын мәнінде, Қазақстан осы бес қабатты торттың әрбір деңгейіне қатыса алады. Мен көргенім, оқығаным және қазір осында болып байқағаным бойынша, Қазақстанның рухы мен жігері алға ұмтылуға және елдің бар байлығын — табиғи ресурстарын да, адами капиталын да — жасанды интеллектінің жаңа дәуіріне кіру үшін пайдалануға бағытталған. Бұл өте шабыттандырады, әрі осында болу мен үшін үлкен мәртебе. 📱 @KZgovernment
Firebird компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Размик Овакимян – Қазақстан Үкіметі мен Firebird компаниясы арасындағы жасанды интеллект саласындағы келісімге қол қою туралы Біз – Firebird компаниясымыз. Президенттің 2026 жылды «Жасанды интеллект…
Firebird компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Размик Овакимян – Қазақстан Үкіметі мен Firebird компаниясы арасындағы жасанды интеллект саласындағы келісімге қол қою туралы Біз – Firebird компаниясымыз. Президенттің 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау жөніндегі көреген шешімін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанға алғаш келген кезде-ақ елдің өршіл мақсаттары, біліктілігі мен әлеуеті әлемдік деңгейде екеніне бірден көз жеткіздік. Біз АҚШ-та әзірленген бағдарламалық құралдар кешенін Қазақстанға әкеліп, бұл жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жеке секторлармен бірлесіп жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Жобаның 2027 жылы іске қосылуы Қазақстанды осындай ауқымдағы технологияларға ие әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосады. Бұл әлеуетті одан әрі арттырады. Бізде мықты команда, бірегей мүмкіндік бар және Қазақстан Үкіметімен, сондай-ақ АҚШ-тағы серіктестеріміз – NVIDIA және Dell компанияларымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Мұның әсері бірнеше деңгейде байқалады. Біріншіден, бұл жергілікті құрылыс саласын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Ал жасанды интеллект экожүйесін кеңірек қарастыратын болсақ, мұнда мультипликативтік әсер туындайды. Себебі жаңа технологиялық қуаттар қалыптасып, технологиялық компаниялар мен стартаптардың батыл идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде олар шын мәнінде озық әрі инновациялық өнімдер мен шешімдер жасай алады. Тіпті 100 мегаватт есептеу қуатының өзі қалыптастыратын экономикалық құндылықтың көлемі миллиардтаған долларлық әсермен және табыспен өлшенеді. Сондықтан бұл жоба жергілікті деңгейде пайда әкеліп қана қоймай, Қазақстанға жаһандық деңгейде үлкен мақсаттар қойып, ауқымды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық әсерге келсек, жобаның алғашқы 100–125 МВт қуатқа арналған инвестиция көлемі $5 млрд-ты құрайды. Әрбір 5 млрд қосымша блок пайдаланылатын стекке байланысты $10 млрд-қа дейін табыс әкелуі мүмкін. Бұл екі кезеңнен тұратын жоба. Біз көздеп отырған 250 МВт қуат деңгейіне жету Қазақстан экономикасына салынатын жалпы көлемі $10 млрд-қа дейінгі инвестицияға айналуы мүмкін. Бұл мультипликативтік әсердің нәтижесінде экономиканың ауқымын іс жүзінде кеңейтеді: жаңа жұмыс орындары ашылып, технологиялық экожүйеде жаңа компаниялар пайда болады. Біз бірінші кезеңнің басталуын және 2027 жылы екінші кезеңге дейін өте жылдам кеңеюді асыға күтеміз – ЖІӨ-ге тікелей әсер ететін шамамен $10 млрд-тық жоба. 📱 @KZgovernment
Сооснователь и генеральный директор Firebird Размик Овакимян подчеркнул высокий потенциал Казахстана для развития цифровой инфраструктуры. «Хочу отметить дальновидность Президента в отношении 2026 года как «Года ИИ». Когда мы впервые посетили Казахстан, нам…
«Долина ЦОДов»: Правительство Казахстана и IT-гиганты Firebird и NVIDIA подписали пакет соглашений в области ИИ на $10 млрд 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом NVIDIA Ревом Лебаредяном и сооснователями Firebird:…
«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird…
«Біз ондаған жылдарға есептелген инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыру заманауи есептеу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жасанды интеллект технологияларын енгізуді жеделдетуге және жаһандық технологиялық компанияларды тартуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — Қазақстанда Еуразиядағы ең ірі цифрлық кластерлердің бірін қалыптастыру», — деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан үшін заманауи деректер орталықтары мен есептеу платформаларын дамыту инвестиция тартуға, цифрлық сервистерді локализациялауға, инженерлік кадрларды даярлауға және технологиялар саласында жаңа экспортқа негізделген бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Өзінің жоғары өнімді инфрақұрылымының болуы сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, стартаптарды қолдауға, бұлтты сервистерді кеңейтуге және ел ішінде жасанды интеллект шешімдерін кеңейтуге жағдай жасайды. Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды: 🟦 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді; 🟦 «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, «ДӨО алқабы» жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды. Қол жеткізілген келісімдер «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады. 📱@KZgovernment
Firebird компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Размик Овакимян Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы жоғары әлеуетін атап өтті. «Президенттің 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау жөніндегі көреген шешімін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанға алғаш келген кезде-ақ елдің биік мақсаттары, технологиялық тәжірибесі мен адами капиталы әлемдік деңгейде екені бірден байқалды. Бүгінде жасанды интеллектінің озық есептеу қуаттарына, таланттарды дамытуға және инновациялық экожүйелерге инвестиция салып жатқан елдер ертеңгі экономикалық мүмкіндіктерді қалыптастыратын болады. Firebird АҚШ-тың озық технологияларын енгізу тәжірибесін, жаһандық жасанды интеллект экожүйесіндегі тығыз серіктестік байланыстарын және ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды қауіпсіз әрі ерекше жылдамдықпен жүзеге асыру қабілетін біріктіреді. 2027 жылы жобаны іске қосу Қазақстанды әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосады. Біздің командамыз мықты, мүмкіндіктеріміз зор және біз Қазақстан Үкіметімен, NVIDIA компаниясымен және АҚШ-тағы серіктестерімізбен ынтымақтаса отырып, Қазақстанның мақсат-мұратын шынайы жүзеге асыруға өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз», — деді Размик Овакимян. NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредян «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға арналған негізгі технологиялық құралдар мен тәсілдерді және Қазақстанның жаһандық жасанды интеллект экожүйесіне интеграциялану перспективаларын таныстырды. «Жасанды интеллектті дамыту үшін “бес қабатты торт” деп атайтын құрылым қажет. Бұл деңгейде біз төменгі қабаттардағы барлық технологияларды алып, оларды түрлі салалар мен бағыттарға арналған қосымшаларға айналдырамыз, осылайша олар нақты пайда мен құндылық әкеледі. Бірақ бәрі энергиядан басталады. Егер энергия болмаса, қалғанын дамыту мүмкін емес. Бұл – іргетас. Қазақстанда энергия ресурстары бар. Оның қоры мол әрі оны одан әрі өндіру мүмкіндігі болғандықтан, Қазақстан бұл бағытты бастау үшін өте қолайлы орын болып саналады. Шын мәнінде Қазақстан осы бес қабатты торттың әрбір деңгейіне қатыса алады. Мен көргенім, оқығаным және қазір осында болып байқағаным бойынша, Қазақстанның рухы мен жігері алға қарай ұмтылуға және елдің бар игілігін — табиғи ресурстарын да, адами капиталын да — жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне қадам басу үшін пайдалануға бағытталған», — деді Рев Лебаредян. Кездесуге қатысушылар мұндай жобаларға әлем бойынша қызығушылықтың қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллектінің жаһандық нарығының көлемі жүздеген млрд доллардан асады, ал AI-модельдерді оқыту және пайдалану үшін қажетті есептеу қуаттарына сұраныс жыл сайын екі есе қарқынмен өсіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттер тек әзірлеушілер мен технологиялар үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа буынның цифрлық экономикасының негізіне айналатын инфрақұрылым үшін де белсенді бәсекеге түсуде. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан жасанды интеллектті дамытуға арналған ұлттық инфрақұрылымды жүйелі түрде қалыптастыруда. «ДӨО алқабы» жобасы жасанды интеллекті экономикасының жаңа буыны – ЖИ-токендер экономикасының негізгі платформаларының біріне айналады. $10 млрд көлеміндегі инвестициялар елімізде NVIDIA GB300 және Vera Rubin чиптерін қоса алғанда, соңғы буындағы 100 мың GPU-чиптері негізінде ауқымды есептеу кластерін құруға мүмкіндік береді. Біздің бағалауымыз бойынша, жобаны жүзеге асыру жыл сайын кемінде $3 млрд көлемінде экспорттық кіріс әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаһандық технологиялық компанияларды тартады және Қазақстанның Еуразиядағы негізгі цифрлық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады», — деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.
«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты. Америкалық Firebird компаниясы жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға, деректер орталықтарын дамытуға және жоғары өнімді есептеу жүйелерін әзірлеуге маманданған. Компания әлемнің түрлі өңірлерінде жобаларды жүзеге асырып, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және цифрлық инфрақұрылым саласындағы әлемдік көшбасшы NVIDIA сияқты жетекші технологиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатқан. Компанияның шешімдері әлемдегі жетекші суперкомпьютерлер мен деректерді өңдеу орталықтарының басым бөлігінде қолданылады, сондай-ақ қазіргі заманғы генеративті жасанды интеллект модельдерінің елеулі бөлігінің негізін құрайды. Кездесу барысында ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Олардың қатарында жоғары өнімді есептеу қуаттарын құру, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды. Премьер-министр жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы 2026-шы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы аптада «Digital Qazaqstan» цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазіргі таңда негізгі цифрлық жобалардың бірі – Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Біздің мақсатымыз – жаһандық цифрлық инфрақұрылымды орналастыруға арналған алаң қалыптастыру. Біз Firebird және NVIDIA серіктестерімен жасалған келісімдерді жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр «ДӨО алқабы» жобасының негізгі артықшылықтарына назар аударды. Олардың қатарында ауқымды жер резерві, жеңілдіктер және электр энергиясының бәсекеге қабілетті бағасы бар. Жобаны кең ауқымда тарату мүмкіндігі инвесторлар үшін маңызды фактор болып табылады, яғни қазіргі таңда 300 МВт қуат қолжетімді болса, алдағы уақытта оны кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице…
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице…
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Жиында Қазақстандағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Талқылауға Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, жасанды интеллект және цифрлық даму, ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері қатысты. «Жалпыұлттық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясы технологиялық инновациялар мен жеделдетілген цифрлық трансформация арқылы экономиканы нығайтуға мүмкіндік ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатты айқындады. Бұл жыл Цифрландыру жылы деп жарияланып, экономиканың барлық саласына ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуге басымдық беріліп отыр. 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазақстанның цифрлық трансформация бағдарламасын ілгерілетуге Дүниежүзілік банктің қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Біз жоспарлаған барлық бастаманың уақтылы жүзеге асырылуына үлкен мән береміз», — деді Олжас Бектенов. Қазақстан Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінің (GTMI) «А» тобына кіреді және әлемде 6-шы орында тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Дүниежүзілік банк инклюзивті экономика үшін жеделдетілген цифрландыру, ЖИ саласында адами капиталды дамыту бойынша бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелін салу, ауылдық жерлерде байланысты қамтамасыз ету және цифрлық мемлекеттік сервистер, жасанды интеллект және технопарктер саласындағы бастамалар бар. Дүниежүзілік банк осы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын. «Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі мәртебесі – көптеген басқа дамушы елдермен салыстырғанда өте озық. Сіздерде жақсы дамыған мобильді байланыс, сапалы қызмет көрсететін электрондық үкімет платформасы, жеке секторға арналған дамыған экожүйе, тиімді ұлттық стратегия және саясат бар. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабылдадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Жасанды интеллект саласында жаңа сын-қатерлер бар, сондықтан да бұл міндетті жүзеге асыру бәріміз үшін оңай соқпасы анық», — деп атап өтті Сангбу Ким. Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанды Дүниежүзілік банктің цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифрлық байланыс пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллект экожүйесін ілгерілетуді қамтиды. Елдерге арналған цифрлық келісімдер әр мемлекеттің ұлттық басымдықтарына сәйкес бейімделеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық күн тәртібі Дүниежүзілік банктің қолдауымен нақты инвестициялық жобалармен және реформалармен үйлестірілетін болады. Премьер-министр Олжас Бектенов вице-президент Сангбу Кимге және Дүниежүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің World Bank
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте 🔸 Заседание Правительства Рассмотрены вопросы развития туризма 🔹 Исполнение поручений Президента: Олжас Бектенов отметил необходимость обеспечить круглогодичную работу туристических зон. 🔹 Олжас Бектенов поручил МВД усилить контроль за защитой природных памятников. 🔹 Правительство ускорит работы по реализации проекта Almaty SuperSki. 🔹 Акимам поручено обеспечить опережающие темпы развития туристической инфраструктуры. 🔹 Службы экстренного реагирования будут работать в режиме повышенного внимания в летний туристический сезон. 🔹 Премьер-министр поручил увеличить количество авиарейсов и железнодорожных мест на популярных туристических направлениях. 🔹 Минтуризма поручено использовать потенциал нацпарков для привлечения туристов. 🔹 Руководству регионов необходимо решить проблему нехватки мест для отдыхающих. *** 🔹 Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию промышленности, укреплению инфраструктуры и углублению переработки в АПК в Астане. 🔸 Двусторонние встречи 🔹 Руководитель Правительства обсудил с главой миссии МВФ Аминой Лареш вопросы устойчивого развития экономики Казахстана: эксперты фонда отметили успехи денежно-кредитной политики 🔹 Премьер-министр провел встречу с министром промышленности и минеральных ресурсов Королевства Саудовская Аравия Бандаром аль-Хураифом. 🔹 Олжас Бектенов провел встречу с председателем совета директоров АО «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат» Сильваном Гелером. *** 🔹 Олжас Бектенов принял участие в Astana Mining & Metallurgy 2026: Правительство реализует поручения Президента по развитию продукции высокого передела в ГМК. 🔹 Премьер-министр провел заседание диалоговой платформы «Казахстан-Евросоюз». *** 🔹 Правительство одобрило соглашение по строительству первого завода в Казахстане по производству карбамида. 🔸 Заместители Премьер-министра 🔹 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией инвестиционных и инфраструктурных проектов Акмолинской области, а также провел совещание по вопросам реализации проекта строительства водовода от канала им. К.И. Сатпаева до города Астаны. 🔹 Заместитель Премьер-министра – министра национальной экономики Серик Жумангарин провел заседание экспертного совета, где был представлен анализ взаимосвязи экономического роста и реальных доходов населения, а также совещание по комплексному развитию Торгайского региона. 🔹 В рамках рабочей поездки в Китай заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Канат Бозумбаев провел встречу с мэром города Шэньчжэнь Цинь Вэйчжуном. 🔹 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось совещание по комплексной реализации Указа Президента РК «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации». 📱 @KZgovernment
📌Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы Туризмді дамыту мәселелері қаралды 🔹 Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Олжас Бектенов туристік аймақтардың жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. 🔹 Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды. 🔹 Үкімет Almaty Superski жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жеделдетеді. 🔹 Әкімдерге туристік инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамыту тапсырылды. 🔹 Барлық жедел әрекет ету қызметтері жазғы туристік маусымда жоғары дайындық режимінде жұмыс істейтін болады. 🔹 Премьер-министр танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды. 🔹 Туризм министрлігіне туристер тарту үшін ұлттық парктер әлеуетін пайдалану тапсырылды. 🔹 Өңір әкімдері демалушыларға арналған орындар тапшылығы мәселесін шешуі қажет. *** 🔹 Премьер-министр Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. 🔸 Екіжақты кездесулер 🔹 Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады: қор сарапшылары ақша-несие саясатының жетістіктерін атап өтті . 🔹 Премьер-министр Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті. 🔹 Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесу өткізді. *** 🔹 Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысты: Үкімет Президенттің тау-кен металлургия кешені саласында терең өңделген өнім өндіруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда. 🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді. *** 🔹 Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады. 🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақмола облысындағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикалық өсім мен халықтың нақты табыстарының өзара байланысын талдау мәселесі қаралған сарапшылар кеңесінің отырысын өткізді. Сондай-ақ Торғай өңірін кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. 🔹 Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесу өткізді. 🔹 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. 📱 @KZgovernment
Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штаб) алғашқы отырысы өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрылды. Оның негізгі міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және елдің технологиялық басымдықтарын айқындау. ➖ В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций Под председательством заместителя Премьер-министра-министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций (Инновационный штаб), в котором приняли участие министр науки и высшего образования Саясат Нурбек, а также представители государственных органов, заместители акимов областей и городов и бизнес-сектора. Инновационный штаб создан по поручению Премьер-министра, задача которого обеспечить межведомственную координацию сферы инновационной деятельности и выработку технологических приоритетов. 📱@KZgovernment
Нұрлыбек Нәлібаев Ақмола облысындағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысына келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар барысында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Степногорск қаласында делегация жылу электр орталығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Кәсіпорында негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 57%-ға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылу желілерінің тозу деңгейі де 59%-ға дейін азайтылған. Жұмыс сапарының соңғы нысаны «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асырып жатқан Көкшетау қаласындағы жаңа жылу электр орталығының құрылыс алаңы болды. Сапар қорытындысында Нұрлыбек Нәлібаев барлық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. «ЖЭО құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Облыс орталығының тұрғындары бұл жобаның жүзеге асуын көп жылдан бері күтіп келеді. Сонымен қатар, елімізде алғаш рет 124 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 16 вокзал Ақмола облысында орналасқан. Барлық жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етіп, жұмыс қарқынын жоғары деңгейде сақтау қажет», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары. ➖ Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией ключевых инвестиционных и инфраструктурных проектов Акмолинской области 📌Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев в рамках рабочей поездки посетил Акмолинскую область, где с главой региона Маратом Ахметжановым ознакомился с реализацией крупных проектов. Особое внимание было уделено модернизации энергетической инфраструктуры. В Степногорске делегация посетила ТЭЦ, где полным ходом идет подготовка к предстоящему отопительному сезону. На предприятии ведутся работы по снижению износа основного оборудования до 57%. Износ теплосетей также снижен до 59%. Завершающим объектом рабочей поездки стала площадка строительства новой теплоэлектроцентрали в Кокшетау, реализуемого АО «Самрук-Энерго». Подводя итоги поездки, Нурлыбек Налибаев подчеркнул важность своевременной реализации всех проектов. «Строительство ТЭЦ находится на особом контроле Главы государства. Жители областного центра уже много лет ждут реализации этого проекта. Кроме того, впервые в стране проводится масштабная реконструкция 124 железнодорожных вокзалов, в том числе 16 – в Акмолинской области. Необходимо обеспечить высокие темпы работ и завершить все проекты в установленные сроки», — отметил первый заместитель Премьер-министра. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов лауазымдық міндеттерін атқаруға биылғы ақпан айында кіріскен Халықаралық валюта қорының…
Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов лауазымдық міндеттерін атқаруға биылғы ақпан айында кіріскен Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесу өткізді. Онда ХВҚ сарапшылар тобының Қазақстан экономикасының соңғы үрдістерін, жүргізіліп жатқан реформалардың басымдықтарын және одан әрі даму перспективаларын зерделеу жөніндегі қызметінің алдын ала қорытындылары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов серіктестіктің маңыздылығына тоқтала отырып, Қазақстанның экономикалық саясатын жетілдірудегі сараптамалық сүйемелдеудің рөлін атап өтті. Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция әртараптандырылған орнықты экономиканы дамыту үшін институционалдық негіз қалайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес экономикалық жаңғыртудың кешенді күн тәртібі жүзеге асырылуда. «Біз Қазақстанның экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын Халықаралық валюта қорымен әріптестігімізді жоғары бағалаймыз. Бұл диалог ХВҚ-ның тұрақты миссиялары, мақсатты кеңестері және мемлекеттік органдарға көрсетілетін техникалық көмегі аясында жалғасуда. Ағымдағы миссияның қорытындылары бойынша ұсынымдар еліміздің макроэкономикалық және макропруденциалдық саясатын одан әрі жетілдіру үшін құнды бағдар болады деп сенемін», — деп атап өтті Премьер-министр. ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Лареш макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляциялық қысымды төмендету бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. «Бүгінде Қазақстан экономикасы дамуының оң динамикасын атап өтуге болады. Мұнай жеткізіліміне байланысты сыртқы факторлардың тиімді өтемақысы нәтижесінде төлем балансының жағдайы жақсаруда, экономика тұрақтылықты көрсетуде. Сондай-ақ экономикалық саясат пен қабылданып жатқан шешімдер жүйелі түрде жетілдіріліп келе жатыр. Макроэкономикалық тұрақтандыруға ықпал ететін жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатын оң бағалаймыз. Экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтай отырып, инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі байқалады. Біз Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдауын құптаймыз және экономикалық саясатты жүзеге асыруға үйлестірілген көзқарас макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді деп сенеміз», — деді Амина Лареш. Қор сарапшылары экономикалық өсімнің тұрақтылығын атап өтті. Өңдеу өнеркәсібін, қызмет көрсету салаларын, көлік және құрылыс секторларын дамыту бойынша жүйелі шаралар мұнай өндіру көлемінің қысқаруының орнын толтыруда. Инфляция қарқынын бәсеңдету, салықтық әкімшілендіруді жақсарту және фискалдық саясатты жетілдіру бағыттарында ілгерілеу байқалып отыр. Бұл бағытта инфляциялық тәуекелдерді одан әрі төмендету және квазифискалдық саясатты жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Талқылауға Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, қаржы министрі Мәди Такиев, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Амина Лареш пен ХВҚ командасына реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалогке ашық. Сапар қорытындысы бойынша Халықаралық валюта қорының ұсыныстары салалық мемлекеттік органдар тарапынан қаралады. 📱@KZgovernment
Отмечено, что активно развивается сотрудничество в сфере критически важных сырьевых материалов. Внимание уделено развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута. За пять месяцев текущего года объем транзитных перевозок по маршруту увеличился…
Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание диалоговой платформы «Казахстан-Евросоюз» 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел 19-е заседание диалоговой платформы «Казахстан – Европейский Союз» с участием руководителей дипломатических…
Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуропа елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, ірі шетелдік бизнес-қауымдастықтар мен компаниялардың…
Көтерілген сұрақтарға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері пікір білдірді. Қаржы министрі Мәди Такиев кедендік әкімшілендіру және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мәселелері бойынша айтты. Кедендік рәсімдердің ашықтығы мен біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында саланы ауқымды цифрландыру жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Елдің сыртқы шекараларындағы 9 автомобильдік өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталды, сондай-ақ автоматтандырылған бақылау тетіктері мен электрондық декларациялау жүйелері енгізілуде. Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов техникалық реттеу жүйесін және өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. EUROBAK-пен консультациялардың қорытындысы бойынша өнімді сәйкестендіру актілерін рәсімдеуді жеңілдету, техникалық регламенттерді әзірлеуге бизнестің қатысуын кеңейту және E-КТРМ ақпараттық жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалғаны атап өтілді. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және фармацевтикалық деректердің эксклюзивтілігі мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде халықаралық міндеттемелерді қатаң орындайтыны атап өтілді: ұлттық заңнама, Халық денсаулығы туралы Кодексті қоса алғанда, дәрілік заттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарының құпия ақпараты мен деректерін қорғаудың алты жылдық мерзіміне нақты кепілдік береді, өтініш берушінің келісімінсіз оларды жария етуге немесе коммерциялық пайдалануға жол бермейді. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан өнеркәсіптік кооперация, минералды-шикізат базасын дамыту және маңызды материалдар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өз бағыттары бойынша пікір білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларына өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін әрбір мәселе бойынша еуропалық серіктестермен екіжақты консультациялар өткізуді тапсырды. Қазақстан Үкіметі еуропалық бизнес-қоғамдастықпен барынша ашық, айқын және сындарлы диалогті қолдауға бағытталған және жаңа серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. 📱@KZgovernment
Аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды. Биылғы бес айда маршрут бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 69%-ға, ал көлік құралдарының саны 38%-ға өскен. Қазақстан Орта дәлізді Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр және Global Gateway бастамасын одан әрі ілгерілетуге мүдделі. Қазақстандық тарап, сондай-ақ, визалық режимді оңайлату бойынша диалогты ілгерілетуді де жақтайды. Отырыс барысында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич, Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне, Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов, Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Мацуокколо және Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтановтар баяндама жасап, ұсыныстарын айтты. Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич зияткерлік меншік құқықтарын, фармацевтикалық зерттеулер деректерін қорғау жөніндегі нормаларды қолдану, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, техникалық регламенттерді біркелкі пайдалану және реттеуші ортаның ашықтығын одан әрі арттыру тақырыптарын қозғады. Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне өз сөзінде техникалық стандарттарды жоспарлы үйлестіру арқылы экономикалық қатынастарды кеңейту және тереңдету мәселесін көтерді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы тәсілдерді одан әрі жақындастырудың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов болжамды нормативтік-құқықтық ортаның маңыздылығына және шетелдік инвесторлардың еліміздің реттеу саясатына деген сенімін одан әрі нығайтуға назар аударды. Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Мацуокколо италиялық тараптың салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ инвесторлар үшін реттеуші ортаның болжамдылығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұсыныстарын айтты. Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтанов аса маңызды шикізат материалдары саласына заманауи геоғылымды енгізу, геологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және жоғары дәлдіктегі аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жобаны ұсынды.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуропа елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, ірі шетелдік бизнес-қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысуымен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» диалог платформасының 19-шы отырысын өткізді. Жиында инвестициялық ахуалдың өзекті мәселелері, техникалық стандарттар мен реттеуші тәсілдерді үйлестіру, кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ геологиялық барлау және аса маңызды минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Кейінгі жылдары Еуропалық Одақпен ынтымақтастық тұрақты оң серпін көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы $45,2 млрд-ты құрады. 2026 жылдың алғашқы төрт айында өзара сауда көлемі $12,4 млрд-қа жетті, бұл ретте қазақстандық экспорт $9,27 млрд-ты құрады. Шикізаттық емес сектор сапалық өсім көрсетеді, атап айтқанда, отандық ауыл шаруашылығы өнімінің ЕО елдеріне экспорты 34,3%-ға артып, $266,2 млн-ды құрады. Отырысты ашқан Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістерге тоқталды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстан экономиканы сапалы әртараптандыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Үкімет қызметінің басым бағыттарының бірі – инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, проактивті инвестициялық саясат жүзеге асырылып, 2030 жылға дейінгі тұжырымдама өзектендірілді. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар тарту үшін Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде. Сонымен қатар Kazakh Invest компаниясының халықаралық қатысуы кеңейтілуде, Kazakhstan Investment House инвесторларды сүйемелдеудің бірыңғай орталығы құрылуда. Бас прокуратура жанынан бизнесті қорғауды күшейту үшін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс істейді, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылды. Олжас Бектенов Қазақстан ашықтық, болжамдылық және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген инвестициялық саясатты дәйекті түрде жүргізіп отырғанын және шетелдік серіктестермен сындарлы диалогті дамытуға бейілді екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. бүгінде біздің әріптестігіміз қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы саудасының 30%-дан астамы Еуропалық Одақтың үлесіне тиесілі. Еліміздің экономикасына құйылған еуропалық инвестициялардың жиынтық көлемі $200 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер елдеріміз арасындағы өзара экономикалық қызығушылықтың жоғары деңгейін айқын көрсетеді. Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік, өнеркәсіп кооперациясы және көлік байланысын дамыту мәселелерінде Еуропалық Одақтың сенімді әрі болжамды серіктесі болып қала береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Гонконгта Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстелі өтті 📌ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ қаржы, технология және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Сапардың іскерлік бағдарламасының жалғасы ретінде Қанат Бозымбаев пен Джон Ли Гонконгтың ірі инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, технологиялық компаниялары мен іскерлік қауымдастықтарының өкілдерін біріктірген Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Қазақстандық делегацияның Гонконгқа жұмыс сапары Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін халықаралық аренада ілгерілетудің маңызды кезеңі болды. ➖ В Гонконге состоялся инвестиционный круглый стол Alatau City Roadshow 📌В рамках рабочего визита в Специальный административный район Гонконг КНР заместитель Премьер-министра РК Канат Бозумбаев встретился с Главой администрации Гонконга Джоном Ли. Стороны обсудили текущее состояние и перспективы развития торгово-экономического сотрудничества между Казахстаном и Гонконгом, а также вопросы расширения взаимодействия в финансовой, технологической и инновационной сферах. В продолжение деловой программы визита Канат Бозумбаев и Джон Ли приняли участие в инвестиционном круглом столе Alatau City Roadshow, который объединил представителей крупнейших инвестиционных фондов, финансовых институтов, технологических компаний и деловых ассоциаций Гонконга. Рабочий визит казахстанской делегации в Гонконг стал важным этапом продвижения инвестиционного потенциала Alatau City на международной арене. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов Өскемен титан-магний комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар…
Архив UKIMET — страница 16
Это 16-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.