Life News Новостной агрегатор

UKIMET » публикация №24426

Источник: UKIMET
UKIMET » публикация №24426

Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Жиында Қазақстандағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Талқылауға Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, жасанды интеллект және цифрлық даму, ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері қатысты. «Жалпыұлттық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясы технологиялық инновациялар мен жеделдетілген цифрлық трансформация арқылы экономиканы нығайтуға мүмкіндік ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатты айқындады. Бұл жыл Цифрландыру жылы деп жарияланып, экономиканың барлық саласына ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуге басымдық беріліп отыр. 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазақстанның цифрлық трансформация бағдарламасын ілгерілетуге Дүниежүзілік банктің қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Біз жоспарлаған барлық бастаманың уақтылы жүзеге асырылуына үлкен мән береміз», — деді Олжас Бектенов. Қазақстан Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінің (GTMI) «А» тобына кіреді және әлемде 6-шы орында тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Дүниежүзілік банк инклюзивті экономика үшін жеделдетілген цифрландыру, ЖИ саласында адами капиталды дамыту бойынша бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелін салу, ауылдық жерлерде байланысты қамтамасыз ету және цифрлық мемлекеттік сервистер, жасанды интеллект және технопарктер саласындағы бастамалар бар. Дүниежүзілік банк осы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын. «Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі мәртебесі – көптеген басқа дамушы елдермен салыстырғанда өте озық. Сіздерде жақсы дамыған мобильді байланыс, сапалы қызмет көрсететін электрондық үкімет платформасы, жеке секторға арналған дамыған экожүйе, тиімді ұлттық стратегия және саясат бар. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабылдадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Жасанды интеллект саласында жаңа сын-қатерлер бар, сондықтан да бұл міндетті жүзеге асыру бәріміз үшін оңай соқпасы анық», — деп атап өтті Сангбу Ким. Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанды Дүниежүзілік банктің цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифрлық байланыс пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллект экожүйесін ілгерілетуді қамтиды. Елдерге арналған цифрлық келісімдер әр мемлекеттің ұлттық басымдықтарына сәйкес бейімделеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық күн тәртібі Дүниежүзілік банктің қолдауымен нақты инвестициялық жобалармен және реформалармен үйлестірілетін болады. Премьер-министр Олжас Бектенов вице-президент Сангбу Кимге және Дүниежүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің World Bank

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

UKIMET » публикация №24494
UKIMET » публикация №24494

UKIMET ·

Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті 📌 Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. ➖ В Правительстве состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики 📌 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики при Правительстве РК. В первом заседании Комиссии в обновленном составе приняли участие представители государственных органов, депутаты Парламента, руководители общественных организаций, а также известные ученые и эксперты в области языкознания. В ходе заседания члены Комиссии заслушали отчеты центральных и местных исполнительных органов о реализации государственной языковой политики. В частности, рассмотрены вопросы совершенствования методики обучения государственному языку в системе просвещения, расширения сферы применения казахского языка и увеличения доли казахоязычного контента в рамках реализации Концепции языковой политики на 2023-2029 годы. 📱@KZgovernment


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20520
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20520

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос мажилисмена по одномандатному округу Бакытжана Базарбека Генеральному прокурору Берику Асылову, министру юстиции Ерлану Сарсембаеву, председателю Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадине Абылкасымовой, председателю Агентства по делам государственной службы Дархану Жазыкбаю о незаконном взаимодействии некоторых нотариусов и ЧСИ с микрокредитными организациями. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20519
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20519

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос члена фракции партии «Ак Жол» Ерлана Барлыбаева заместителю Премьер-министра – министру национальной экономики Серику Жумангарину о завышенных требованиях расширения экспорта по субсидиям в сельхозпереработке. t.me/mazhilis_kz









ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20510
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20510

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаевтың Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа Индер көлінің экологиясын қорғау мәселесі туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz


MFA Qazaqstan » публикация №24867
MFA Qazaqstan » публикация №24867

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан мен Түркия халықаралық құқық мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады 🔸 Казахстан и Турция подтвердили заинтересованность в укреплении сотрудничества по международно-правовым вопросам 🔹 Kazakhstan and Türkiye Reaffirm Commitment to Strengthening Cooperation on International Legal Issues @PressMFAKZ




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20507
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20507

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабектің Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға балаларға арналған цифрлық контенттің сапасы туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20506
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20506

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабектің Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға балаларға арналған цифрлық контенттің сапасы туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz


ТРК Президента » публикация №12330
ТРК Президента » публикация №12330

ТРК Президента ·

🈂️ «Таза қала» – туристік Шымкентте Шымкенттің көрікті орындары, тазалығы мен қонақжайлығы – біздің назарда. ▫️Қала туристерді немен таңғалдырады? ▫️Демалыс орындарының тазалығы қандай? ▫️Шымкентті таза әрі тартымды етуге кімдер үлес қосып жүр? 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz


MFA Qazaqstan » публикация №24866
MFA Qazaqstan » публикация №24866

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Алғашқы Қазақстан-Испания форумы серіктестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты 🔸 Первый Казахстанско-испанский форум открыл новые перспективы партнерства 🔹 The First Kazakhstan-Spain Forum Opened New Prospects for Partnership @PressMFAKZ




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20503
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20503

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Нәжметдинұлының Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлан Нәлібаевқа халықаралық тасжолдардағы жылдамдық режимі туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20502
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20502

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Нәжметдинұлының Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлан Нәлібаевқа халықаралық тасжолдардағы жылдамдық режимі туралы жолдаған депутаттық сауалы. t.me/mazhilis_kz




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20499
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20499

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Премьер-Министру Олжасу Бектенову об изменении правил подушевого финансирования частных школ и объявленном моратории на госзаказ с 2026 года. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20498
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20498

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Премьер-Министру Олжасу Бектенову об изменении правил подушевого финансирования частных школ и объявленном моратории на госзаказ с 2026 года. t.me/mazhilis_kz




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20495
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20495

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос члена фракции партии «AMANAT» Дюсенбая Турганова Премьер-Министру Олжасу Бектенову об устранении несоответствия между фактической и юридической границей Каспийского моря. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20494
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20494

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Депутатский запрос члена фракции партии «AMANAT» Дюсенбая Турганова Премьер-Министру Олжасу Бектенову об устранении несоответствия между фактической и юридической границей Каспийского моря. t.me/mazhilis_kz