Life News Новостной агрегатор

ТРК Президента

Источник: ТРК Президента · сбросить

Лента публикаций издания ТРК Президента в агрегаторе Life News. Заголовки выводятся в порядке выхода — от самых свежих к более ранним. Полные тексты остаются на сайте источника, мы публикуем только заголовок, краткое описание и ссылку.


ТРК Президента » публикация №12609

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🌳 «Таза қала» Атырауға жетті Лотусы гүлдейтін, Нарын құмы толқитын, тарихтан сыр шертетін өңір – біздің назарда. ▫️Индердегі тұзды көл несімен ерекше? ▫️Каспий қаншалықты шегінді? ▫️Атырау облысының туристік әлеуеті қандай? 📺 Ертең, 19:40-та Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12607

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті Президентіміз Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. Мемлекет басшысы қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес. – Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті. @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12605

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституция – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы» @ptrkkz




ТРК Президента » публикация №12602

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇺🇸Президент АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады ▫️ Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. ▫️ Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. ▫️Былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызына тоқталды. ▫️Жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін атап өтті. @ptrkkz





ТРК Президента » публикация №12598

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚜️ Мемлекет басшысы Астана күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті. Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс. Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін. Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін! @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12597

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚜️Домбыра – ұлттың үні ▫️Біздің ұлттық аспабымыз бүгін Ұлттық домбыра күнінде бұрынғыдан да асқақ үнмен күмбірлеп, ұлттың күші оның тамыры мен өнерінде екенін тағы бір мәрте еске салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, домбыра – Қазақстанның мәдениетін әлемге танытатын бірегей ұлттық бренд. 🎶 Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған домбырашы күй орындауда. Тек Астана қаласының өзінде ғана «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» атты челленджге 10 000-нан астам жас орындаушы қатысса, Ұлттық домбыра күні аясындағы мерекелік іс-шаралар ел бойынша 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. @ptrkkz



ТРК Президента » публикация №12595

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын…


ТРК Президента » публикация №12594

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз. Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді! Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12593

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🎥 Телерадиокомплекс Президента РК представляет специальный репортаж «НАРОДНАЯ КОНСТИТУЦИЯ. РЕФОРМЫ ТОКАЕВА» 🇰🇿Казахстан начал жить по Новой Конституции. С 1 июля вступила в силу Народная Конституция. 2026 год уже входит в историю, как момент глубокой трансформации – страна переосмысливает саму модель государственного устройства. Эти реформы стали возможны благодаря политическому курсу Президента Касым-Жомарта Токаева, который выступил инициатором и проводником системных преобразований. ▫️Что именно изменилось в жизни страны? ▫️Почему это произошло именно сейчас? ▫️И что это означает для страны и ее граждан? ⚡️ Эксклюзивные кадры, ключевые политические решения, мнения ведущих экспертов и хроника событий, которые определили новый этап развития страны. 🈂️ Смотрите специальный репортаж ТРК Президента в это воскресенье, 5 июля, в 15:00 на телеканале Jibek Joly! @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12592

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақмерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім» @ptrkkz







ТРК Президента » публикация №12577

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

⚡️ Глава государства: «Мы стремимся не ограничиваться экспортом сырья, а создавать высокую добавленную стоимость внутри страны путем развития современной пищевой промышленности, внедрения передовых технологий и формирования устойчивых производственно-сбытовых цепочек» @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12571

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🇰🇿Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді: – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан…





ТРК Президента » публикация №12565

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🤝 Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🇰🇿Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді: – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ▫️Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады: – Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы. @ptrkkz


ТРК Президента » публикация №12564

ТРК Президента · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿 Біздің Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында сөз сөйледі ▫️Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты ▫️Жұмысты жүйелі жүргізу үшін 2026 жыл – Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды ▫️Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді ▫️ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды ▫️Қазақстанның цифрлық экономикасының негізгі элементтерінің бірі саналатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құруға ниеттіміз ▫️Астанада Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын ашу бастамасы аясында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылады ▫️Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді ▫️Бүгінде Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимге ие, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді ▫️Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш ▫️Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» форматында жұмыс істей бастады ▫️Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық @ptrkkz


О ленте источника ТРК Президента

Life News автоматически добавляет в ленту новые публикации из RSS-канала издания ТРК Президента. Тексты, изображения и комментарии остаются на сайте источника — в подборке выводятся только заголовки, краткие описания и ссылки на оригинал.

Если вы — представитель ТРК Президента и хотите изменить работу с RSS-каналом или подключить дополнительный поток, напишите нам через контактную страницу.

Другие источники: #НеМолчиkz · Aqorda · Astanovka98 · Atameken Business · BES.media · Central Media24.kz · EGOV.PRESS · EL.INFO