📊 Президент Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесуде қандай маңызды көрсеткіштерді атап өтті? @ptrkkz
ТРК Президента — страница 2
Архив материалов источника ТРК Президента, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
💰 Соңғы он бес жылда мемлекет көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард доллардан астам инвестиция салды – Мемлекет басшысы @ptrkkz
🧷 Біздің Президент: «Елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылды» @ptrkkz
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады» @ptrkkz
📸 Президентіміз Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен суретке түсті @ptrkkz
🇰🇿🇨🇳 Президентіміз Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті ▫️Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығына» бірге қадам бастық ▫️Былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды ▫️Біз біртұтас инновациялық экожүйе қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сол арқылы суперкомпьютердің қуаты, жасанды интеллект зертханалары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, білім беру бағдарламалары, стартаптар мен экспортқа бағытталған цифрлық қызметтер бір арнаға тоғысады ▫️Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистика хабы болуға тиіс ▫️Қазір еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады ▫️XXI ғасырда көлік дәлізінің бәсекеге қабілетін инфрақұрылымның сапасымен өлшеу жеткіліксіз. Қазір мұндай жобалардың табысты болуы, ең алдымен, деректер алмасу жылдамдығына, цифрлық ықпалдастық деңгейіне және логистиканың ашықтығына байланысты ▫️Біз ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмысын қарқынды жүргізіп келеміз. Әсіресе, дрондарды, спутник арқылы шолу тәсілін, дәлдігі жоғары егіншілік технологияларын кеңінен енгізіп жатырмыз. Қазір елімізде 200-ден астам агроөнеркәсіп «ақылды ферма» қағидаты бойынша жұмыс істейді ▫️Алатау қаласы Smart City шешімдерінің, интеллектуалды көлік, цифрлық төлем жүйелерінің, сондай-ақ энергияны үнемдейтін нысандар мен озық телекоммуникация инфрақұрылымының негізгі алаңына айналуы керек ▫️Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз ▫️Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! @ptrkkz
🇰🇿🇨🇳 Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті Шанхайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстелі өтті. Басқосуда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды. @ptrkkz
✈️ Біздің Президент жұмыс сапарымен Қытайға барды Мемлекет басшысының кортежі әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірі – 25 миллионнан астам халқы бар Шанхай көшелерімен жүріп өтті. @ptrkkz
✈️ Біздің Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен келді Ертең Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізіп, қытайлық жетекші компаниялар басшыларымен өтетін дөңгелек үстелге қатысады.…
✈️ Біздің Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен келді Ертең Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізіп, қытайлық жетекші компаниялар басшыларымен өтетін дөңгелек үстелге қатысады. 🗓️ Ал 17 шілдеде Президент «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. @ptrkkz
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту» @ptrkkz
🌳 «Таза қала» Атырауға жетті Лотусы гүлдейтін, Нарын құмы толқитын, тарихтан сыр шертетін өңір – біздің назарда. ▫️Индердегі тұзды көл несімен ерекше? ▫️Каспий қаншалықты шегінді? ▫️Атырау облысының туристік әлеуеті қандай? 📺 Ертең, 19:40-та Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz
#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «Конституция – это новый фундамент сильного, энергичного и конкурентоспособного Казахстана» @ptrkkz
🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті Президентіміз Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. Мемлекет басшысы қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес. – Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті. @ptrkkz
#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «Основной закон станет верным путеводителем для молодых людей» @ptrkkz
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституция – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы» @ptrkkz
#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «В Конституции отражены мечты и чаяния каждого из нас, надежда и вера в светлое будущее наших детей и внуков» @ptrkkz
🐎 Астананың жаңа символы атанған Ақжан несімен ерекше? @ptrkkz
🇰🇿🇺🇸Президент АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады ▫️ Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. ▫️ Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. ▫️Былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызына тоқталды. ▫️Жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін атап өтті. @ptrkkz
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды, бұл жастарға арналған құжат десек, қате болмайды» @ptrkkz
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары» @ptrkkz
Астана күні құтты болсын! С днем столицы! @ptrkkz
⚜️ Мемлекет басшысы Астана күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті. Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс. Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін. Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін! @ptrkkz
⚜️Домбыра – ұлттың үні ▫️Біздің ұлттық аспабымыз бүгін Ұлттық домбыра күнінде бұрынғыдан да асқақ үнмен күмбірлеп, ұлттың күші оның тамыры мен өнерінде екенін тағы бір мәрте еске салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, домбыра – Қазақстанның мәдениетін әлемге танытатын бірегей ұлттық бренд. 🎶 Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған домбырашы күй орындауда. Тек Астана қаласының өзінде ғана «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» атты челленджге 10 000-нан астам жас орындаушы қатысса, Ұлттық домбыра күні аясындағы мерекелік іс-шаралар ел бойынша 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. @ptrkkz
🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде ұлтымызды әлемге танытатын бірегей брендке айналуы керек» @ptrkkz
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын…
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз. Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді! Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! @ptrkkz
🎥 Телерадиокомплекс Президента РК представляет специальный репортаж «НАРОДНАЯ КОНСТИТУЦИЯ. РЕФОРМЫ ТОКАЕВА» 🇰🇿Казахстан начал жить по Новой Конституции. С 1 июля вступила в силу Народная Конституция. 2026 год уже входит в историю, как момент глубокой трансформации – страна переосмысливает саму модель государственного устройства. Эти реформы стали возможны благодаря политическому курсу Президента Касым-Жомарта Токаева, который выступил инициатором и проводником системных преобразований. ▫️Что именно изменилось в жизни страны? ▫️Почему это произошло именно сейчас? ▫️И что это означает для страны и ее граждан? ⚡️ Эксклюзивные кадры, ключевые политические решения, мнения ведущих экспертов и хроника событий, которые определили новый этап развития страны. 🈂️ Смотрите специальный репортаж ТРК Президента в это воскресенье, 5 июля, в 15:00 на телеканале Jibek Joly! @ptrkkz
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақмерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім» @ptrkkz
#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «Новая Конституция, выбранная нашими гражданами, открывает путь в новую эпоху Казахстана» @ptrkkz
Архив ТРК Президента — страница 2
Это 2-я страница архива публикаций источника ТРК Президента. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.