Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті 📌 Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы бар операцияны күтіп жүрген адамдардың тағдыры туралы баяндайтын «Хабар» агенттігінің «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. 🔵Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, белгілі дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, реципиенттер мен олардың отбасылары, сондай-ақ фильмнің авторлары мен кейіпкерлері қатысты. 📎 Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығы еліміздің басты құндылықтарының бірі екенін үнемі атап көрсететінін айтты. Президент Қазақстанда ағза трансплантациясының жүйелі түрде дамып келе жатқанын және отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейі жоғары екенін де атап өткен болатын. Бүгінде мамандарымыз заманауи технологияларды, жан-жақты дайындықты және тұтас бір команданың үйлесімді жұмысын талап ететін аса күрделі операцияларды жасап келеді. ➖ В Астане состоялся премьерный показ документального фильма «4739» 📌 В Астане состоялся премьерный показ документального фильма агентства «Хабар» «4739», посвященного теме трансплантации органов, работе врачей-трансплантологов и судьбам людей, ожидающих жизненно необходимую операцию. 🔵В мероприятии приняли участие заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации РК Аида Балаева, министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, известные врачи, ученые, общественные деятели, рецепиенты и их семьи, а также авторы и герои фильма. 📎 Открывая премьерный показ, Аида Балаева отметила, Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркивает, что здоровье нации является приоритетной ценностью нашей страны. Президент также отмечал последовательное развитие трансплантации органов в Казахстане и высокий профессиональный уровень отечественных врачей. Сегодня наши специалисты проводят сложнейшие операции, требующие современных технологий, серьезной подготовки и слаженной работы целой команды. 📱 @KZgovernment
UKIMET
Лента публикаций издания UKIMET в агрегаторе Life News. Заголовки выводятся в порядке выхода — от самых свежих к более ранним. Полные тексты остаются на сайте источника, мы публикуем только заголовок, краткое описание и ссылку.
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ 📌 Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін…
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ 📌 Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін…
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ 📌 Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып келеді. Өсімдіктерге мониторинг жүргізу және қорғаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық аяқталды. Соңғы екі жылда фитосанитариялық қызметті кезең-кезеңімен жаңғырту, заманауи мониторинг технологияларын енгізу және қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру нәтижесінде химиялық өңдеу жүргізілген алқап көлемі 3,1 млн гектардан 1,8 млн гектарға дейін қысқарып, 42%-ға азайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына жол берілген жоқ. Қол жеткізілген нәтижелер зиянкестердің жаппай таралуына ден қою тәсілінен қауіп-қатерді ерте анықтау, ошақтарды жедел оқшаулауға және фитосанитариялық тәуекелдерді алдын алуға негізделген заманауи басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік береді. Биыл химиялық өңдеу жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде 1,8 млн гектар алқапта жүргізілді. Барлық іс-шаралар Үкіметтің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынды. Реформалаудың басым бағыттарының бірі – өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуден бастап, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге дейінгі барлық кезеңді қамтитын сатып алудың бірыңғай кешенді форматына көшу. Бұл түпкілікті нәтижеге жауапкершілікті нақты бір мердігерге жүктеуге, қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру сапасын арттыруға және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізілді. 2026 жылы бюджет шығыстары 2 млрд теңгеге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 25%-ға қысқарды. Саланы жаңғыртудың тағы бір маңызды қадамы – цифрлық трансформациялау. Ауыл шаруашылығы министрлігі нақты уақыт режимінде фитосанитариялық ахуалды бақылауды, фитосанитариялық зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта тіркеуді, зиянкестердің таралу ошақтарын бақылауды және жедел басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін FITOCENTRE геоақпараттық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді. Сонымен қатар материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңартылды. Мониторинг жүргізу және химиялық өңдеу жұмыстарын орындау үшін, оның ішінде жетуі қиын аумақтарда пайдаланылатын 103 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынды. Бүрку техникасының саны 427-ден 556 бірлікке дейін ұлғайтылып, қорғаныс іс-шараларын жүргізудің жеделдігі едәуір артты. Қабылданған шешімдер нәтижесі тиімділігін толықтай дәлелдеді. Химиялық өңдеу алаңының 42%-ға қысқаруы зиянкестердің таралу ошақтары ерте кезеңде анықталып, уақтылы оқшауланатынын көрсетеді. Соның нәтижесінде қорғаныс шаралары неғұрлым нысаналы жүргізіліп, шығындар азайып, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі артты. Фитосанитариялық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Қазіргі уақытта шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Шегіртке зиянкестерінің көшу жағдайлары тіркелген жоқ. Барлық қажетті техника шекара маңындағы аумақтарға шоғырланған және қорғаныс іс-шараларын жедел жүргізуге дайын. Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. 📱@KZgovernment
Live stream finished (2 hours)
Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет: Премьер-министр көлік құралдарын заңсыз әкелудің алдын алу шаралары жөнінде тапсырма берді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. «Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Необходимо обеспечить разъяснительную работу среди населения: Премьер-министр дал поручения по мерам против «серого» ввоза автомобилей 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках реализации задач Главы государства по противодействию нелегальному торговому обороту, совершенствованию таможенного администрирования и технического регулирования, поручил Министерству финансов совместно с Министерством промышленности и строительства в десятидневный срок выработать комплекс мер по предотвращению незаконного ввоза автомобилей в Казахстан. «По имеющимся данным продолжают фиксироваться случаи незаконного ввоза транспортных средств на территорию нашей страны. Зачастую они не соответствуют техническим и экологическим требованиям. Это происходит в том числе из-за имеющихся пробелов в правоприменении норм таможенного законодательства. Министерству финансов совместно с Министерством промышленности и строительства требуется в десятидневный срок выработать комплекс мер по предотвращению незаконного («серого») ввоза автомобилей в страну. Должна быть четкая позиция в трактовании действующих законодательных норм. Соответствующие подходы в таможенном администрировании и техническом регулировании должны заработать с 1 сентября текущего года. По всем принимаемым мерам необходимо обеспечить разъяснительную работу среди населения», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
Олжас Бектенов машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды цифрландыру мен нарықтың жаңа талаптарын ескере отырып жаңартуды тапсырды 📌 Мемлекет басшысының кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, жоғары оқу орындары мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайту және қолданбалы ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру, озық технологиялар енгізу және көлікті электрлендіру мәселелерін ескере отырып, машина жасаудағы кәсіптік стандарттарды бір ай мерзімде өзектендіруді тапсырды. «Саланың орнықты әрі серпінді дамуына тікелей әсер ететін ең басты мәселе – кадрлық әлеуетті нығайту. Соңғы бес жылда жоғары оқу орындары “Машина жасау” бағыты бойынша 1700-ге жуық маман даярласа, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 32 мыңнан астам түлек тәмамдады. Сонымен қатар цифрландыру, озық инновациялық технологиялар мен автокөлікті электрлендіру мамандардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп жатыр. Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде машина жасау саласындағы кәсіптік стандарттарды заманауи талаптарға сәйкестендіре отырып, жаңартуды тапсырамын. Сондай-ақ озық халықаралық тәжірибеге сәйкес автоөнеркәсіп кластерлері базасында ғылым мен өндірістің ықпалдастығын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Ғылым және жоғары білім және Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне салалық кәсіпорындармен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бір ай ішінде ғылыми-зерттеу зертханаларын құруға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. ➖ Олжас Бектенов поручил актуализировать профстандарты в машиностроении с учетом цифровизации и новых требований рынка 📌 Во исполнение поручения Главы государства по трансформации системы профессионального образования, усилению связи вузов с реальным сектором экономики и развитию прикладной науки Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении с учетом цифровизации, внедрения передовых технологий и электрификации транспорта. «Укрепление кадрового потенциала выступает ключевым фактором устойчивого и динамичного развития отрасли. За последние пять лет по направлению “Машиностроение” высшие учебные заведения выпустили порядка 1700 специалистов, организации технического и профессионального образования – более 32 тыс. Вместе с тем, цифровизация, передовые инновационные технологии и электрификация автотранспорта кардинально меняют требования к компетенции специалистов. Поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок актуализировать профессиональные стандарты в машиностроении, обеспечив их соответствие современным требованиям. Также необходимо обеспечить интеграцию науки и производства на базе автопромышленных кластеров по аналогии с передовой международной практикой», — подчеркнул Олжас Бектенов. Министерствам науки и высшего образования и промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями и высшими учебными заведениями также поручено в течение месяца внести конкретные предложения по созданию научно-исследовательских лабораторий. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының сапары аясында қол жеткізілген аккумулятор бөлшектерін өндіру жобасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды 📌 Жуырда Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары барысында Қазақстанда аккумулятор бөлшектерін өндіру бойынша жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыруды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Елімізде электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісінің жаһандық тізбегіне ықпалдасу үшін қажетті шикізат қоры бар. Аккумулятор өндірісінде аса маңызды – сфералы графит шығаратын ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаның уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ жуырда Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында аккумулятор өндірісінде әлемдік көшбасшы саналатын CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited) компаниясының басшылығымен кездесті. Компания еліміздің аумағында жоғары технологиялық өндірісті жүзеге асыру ниетін растады. Барлық уәкілетті органдар аталған жобаны жүзеге асыру барысын ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов поручил держать на особом контроле проект по производству компонентов для аккумуляторов, договоренность по которому достигнута в ходе визита Президента 📌 По итогам недавнего визита Главы государства в Китай достигнута договоренность о реализации в Казахстане высокотехнологичного проекта по производству компонентов для аккумуляторов. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил всем уполномоченным государственным органам держать реализацию проекта на особом контроле. «В стране имеется необходимая сырьевая база для интеграции в глобальную цепочку производства аккумуляторов для электромобилей. Планируется запуск крупного проекта по производству сферического графита, критически важного в производстве аккумуляторов. Министерству промышленности и строительства совместно с заинтересованными государственными органами требуется обеспечить своевременный ввод проекта в эксплуатацию. Также в ходе недавней поездки в Китайскую Народную Республику Глава Государства встретился с руководством компании CATL (Contemporary Amperex Technology Company Limited), которая является мировым лидером в производстве аккумуляторов. Компания подтвердила свое намерение в реализации высокотехнологичного производства на территории нашей страны. Всем уполномоченным органам необходимо держать на особом контроле реализацию данного проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін халықаралық компанияларды тарту жөнінде тапсырма берді 📌 Мемлекет басшысы электромобильдер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. «Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік автокөлік сатылымындағы үлесі 40%-дан асады. Жаһандық автоөнеркәсіп саласы да белсенді түрде электр жүк көліктерін пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станса салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов дал поручения по привлечению международных компаний для развития сети электрозарядных станций 📌 В рамках обозначенной Главой государства задачи по развитию инфраструктуры для электромобилей Премьер-министр Олжас Бектенов поручил усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций. Отмечена необходимость дальнейшего расширения соответствующей инфраструктуры и создания благоприятных условий для новых инвесторов. «По данным Международного энергетического агентства, уже к 2030 году электромобили займут более 40% от общего объема продаж автомобилей по всему миру. Мировой автопром также стремительно переходит к использованию электрического грузового транспорта. На сегодняшний день вдоль ключевых автомагистралей страны функционирует порядка 70 электрозарядных станций. Недавно заключено соглашение об инвестициях с компанией Car Park Transformer по строительству 250 станций придорожного сервиса до 2030 года. Необходимо и далее активно развивать соответствующую инфраструктуру создавая благоприятные условия для новых инвесторов. Поручаю Министерству транспорта совместно с Министерством промышленности и строительства усилить работу по привлечению крупных международных компаний для развития сетей электрозарядных станций», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment
Үкімет автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қойып, қолданылатын отандық материалдар түрлерін кеңейтеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бір ай ішінде елімізде автобөлшектер өндірісін құру жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Елімізде заманауи талаптарға сай келетін автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою – маңызды бағыт. Ол үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрлерін кеңейту қажет. Мәселен, Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясы автобустар мен жүк көліктері үшін арнайы болат маркаларын шығаруда. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін қолға алу қажет. Сонымен қатар мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және басқа да өнім түрлерін дамыту саласында да үлкен әлеует бар.Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін құру бойынша тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство РК обеспечит создание локальной базы автокомпонентов и расширения доли привлекаемых отечественных материалов 📌 Во исполнение поручений Главы государства по углублению локализации автомобильного производства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок разработать план по созданию в Казахстане производств автокомпонентов. «Важным направлением является формирование полноценной локальной базы автокомпонентов соответствующих современным требованиям. Для этого требуется расширить номенклатуру отечественных материалов, используемых при их производстве. К примеру, Карагандинский Qarmet уже осуществляет производство специальных марок стали для автобусов и грузовых автомобилей. Следующим этапом необходимо наладить выпуск стали для легковых автомобилей. Имеется высокий потенциал глубокой переработки меди, алюминия, хрома, а также производства резиновых, пластиковых, кабельных и других изделий. В этой связи, поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с отраслевыми предприятиями в месячный срок разработать соответствующий план по созданию производств автокомпонентов», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment
Үкімет автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға айналдыру жөніндегі жұмысты күшейтуде 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес, отандық автомобиль өнеркәсібі толыққанды жоғары технологиялық салаға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Машина жасау саласы – экономиканы өркендетуге және оны іс жүзінде әртараптандыруға ықпал ететін аса маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы отандық автомобиль өнеркәсібін толыққанды жоғары технологиялық салаға трансформациялау міндетін қойды. Осы орайда, KIA Qazaqstan, Astana Motors және басқа да ірі жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің бүкіл өнеркәсібін технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға елеулі серпін берді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Правительство усиливает работу по трансформации автомобильной промышленности в высокотехнологичную отрасль Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что в соответствии с задачами, поставленными Главой государства, отечественная автомобильная промышленность должна быть трансформирована в полноценную высокотехнологичную отрасль. «Отрасль машиностроения является одной из важнейших точек роста и локомотивом ускоренной диверсификации экономики страны. Главой государства ставится задача по трансформации отечественной автомобильной промышленности в полноценную высокотехнологичную отрасль. Реализация ряда крупных проектов, таких как KIA Qazaqstan, Astana Motors и другие, придала значительный импульс технологической модернизации всей промышленности страны», — отметил Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment
Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов 📌 QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. «2026 жылы 4 млрд теңге инвестициямен жеке штамптау өндірісінің жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс Qarmet компаниясы өндірген болатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергіліктендіру деңгейін қосымша 11%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автобустарға арналған компоненттер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 2026 жылғы шілдеде жылына 25 мың дана жолаушылар орындығын шығаратын өндіріс, ал қарашада жылына 1,5 мың жиынтық тұтқа өндіру желісі іске қосылды. Сонымен қатар аккумуляторлар мен шиналар өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін арнайы техниканың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті. «Қазір, өздеріңіз білетіндей, өрт қаупі жоғары кезең. Ауа температурасы да күрт көтеріліп отыр. Осы ретте QazTehna зауытында шығарылған заманауи өрт сөндіру техникалары үлкен көмек көрсетуде. Аталған техникалар кеше ғана "Семей орманы" аумағында өрт сөндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанда шығарылған техниканың ел игілігіне тиімді пайдаланылып жатқаны қуантады», — деді Премьер-министр. ➖ Произведенная в Казахстане техника активно используется в пожароопасный период — Олжас Бектенов 📌 Почти вдвое планируется увеличить уровень локализации производства автобусной, коммерческой и специальной техники на предприятии QazTehna. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Александр Цой. «В 2026 году реализовался проект собственного штамповочного производства с инвестициями 4 млрд теңге. Производство осуществляется с использованием казахстанской стали Qarmet, что позволит увеличить уровень локализации еще на 11%. Дополнительно планируется запуск производства компонентной базы автобусов. В июле 2026 года запустили производство пассажирских сидений мощностью 25 тыс. единиц в год, а в ноябре 2026 года – производство 1,5 тыс. комплектов поручней в год. Параллельно ведется работа по локализации производства аккумуляторов и шин», — отметил Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов отметил высокую эффективность и значимость производимой спецтехники в Казахстане. «У нас сейчас, как вы знаете, пожароопасный период, температурный фон повышен. Помогают современные пожарные машины, произведенные на заводе QazTehna. Вчера в "Семей орманы" (прим. техника QazTehna) принимали активное участие в тушении пожаров. Это очень радует, что произведенная в Казахстане техника активно используется», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment
KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады 📌 Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры Ким Де Ки хабарлады. Оның айтуынша, локализация компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Kia компаниясының қолдауымен Қазақстанда электр сымдарын, автокөлік орындықтарын, интерьер элементтерін және басқа да бөлшектерді өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылдың соңына дейін Kia компаниясы автомобильдерін локализациялау деңгейін арттыруды жоспарлап отыр. Ким Де Ки атап өткендей, компания үшін локализациялау қазақстандық қамту үлесінің өсуін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кооперацияны дамытуды, елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуды, заманауи технологияларды енгізуді және отандық жеткізушілердің тұрақты желісін қалыптастыруды білдіреді. Бұл Қазақстанның автомобиль саласын одан әрі дамытуға негіз болады. Бүгінгі таңда кәсіпорын сенімді дамып келеді және жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге дәйекті түрде қол жеткізуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 772 автомобиль өндірілді, бұл ретте өндірістің негізгі көлемі локализациялаудың анағұрлым жоғары деңгейін және өндірістік құзыреттерді дамытуды қамтамасыз ететін CKD технологиясына тиесілі. ➖ KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане 📌 Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании Ким Де Ки. По его словам, локализация является одним из стратегических направлений развития компании. При поддержке Kia в Казахстане уже реализуются проекты по производству электропроводки, автомобильных сидений, элементов интерьера и других комплектующих. До конца текущего года компания планирует увеличить уровень локализации автомобилей Kia. Как отметил Ким Де Ки, локализация для компании означает не только рост доли казахстанского содержания, но и развитие производственной кооперации, укрепление промышленной базы страны, передачу современных технологий и формирование устойчивой сети отечественных поставщиков. Это создаст основу для дальнейшего развития автомобильной отрасли Казахстана. Сегодня предприятие уверенно развивается и последовательно выходит на запланированные производственные показатели. По итогам первого полугодия 2026 г. произведено 9 772 автомобиля,при этом основной объем производства приходится на технологию CKD, обеспечивающую более высокий уровень локализации и развитие производственных компетенций. 📱 @KZgovernment
Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың дамуы үшін де, Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты. «Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды. Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Біздің мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жылдар бойы елімізде автомобиль болаты өндірісін жолға қоя алмағанымыз таңғалдырады. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Углубление локализации и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью: Премьер-министр поддержал проект Qarmet по выпуску автомобильной стали 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства подчеркнул важность наращивания темпов локализации, в том числе работы над созданием собственных брендов автомобилей. Это имеет важное значение как для экономики, так и для престижа Казахстана. Руководитель Правительства отметил стратегическое значение проекта по освоению производства отечественной автомобильной стали. «Основная задача – максимальное углубление локализации, чтобы оставлять как можно больше стоимости внутри страны. Настал тот период, когда мы должны активно при государственной поддержке, при активном участии бизнеса работать в этом направлении, в том числе над развитием собственных брендов автомобилей. Это очень важно и с точки зрения экономики, и с точки зрения престижа страны. Мы с вами вместе должны дать хороший результат. Стратегическое значение имеет производство автомобильной стали. Удивляет, что многие десятилетия при наших возможностях мы не наладили производство автомобильной стали в стране. Поэтому этот проект (по производству автомобильной стали) мы поддерживаем в целом, как и большую программу модернизации Qarmet. Здесь получилась хорошая синергия между сталелитейным предприятием и автомобильной промышленностью. Мы, как Правительство, будем вас поддерживать», — подчеркнул Премьер-министр. 📱 @KZgovernment
Қазақстанда автокөлік шанағы бөлшектерінің өндірісі іске қосылады 📌 Қазақстанда отандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Allur» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев мәлімдеді. «Автомобиль өнеркәсібі үшін маңызды қадам қазақстандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру болады. Біз "Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan" және басқа өндірушілермен салааралық жобаны пысықтап жатырмыз, ол металлургия мен автомобиль жасауды Qarmet компаниясының болаты пайдаланылып жатқан Саран қаласындағы автобустар өндірісіне ұқсас бірыңғай өндірістік тізбекке біріктіреді», – деді Андрей Лаврентьев. Оның айтуынша, 2028 жылы Qarmet жеңіл автомобиль өндірушілерінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль парағын шығаруды жоспарлап отыр. 2029 жылы оның негізінде шанақ бөлшектерін сериялық өндіру басталады. Жобалық қуаттылығы жылына кемінде 100 мың шанақты құрайды, ал олардағы қазақстандық болаттың үлесі кемінде 75% болады. ➖ Производство кузовных деталей запустят в Казахстане В Казахстане планируется освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием отечественной стали. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель совета директоров «Allur» Андрей Лаврентьев. «Важным шагом для автомобильной промышленности станет освоение полного цикла штамповочного производства для легковых автомобилей с использованием казахстанской стали. Нами прорабатывается межотраслевой проект «Qarmet — Allur — Kia Kazakhstan» и с другими производителями, который объединит металлургию и автомобилестроение в единую производственную цепочку по аналогии с производством автобусов в городе Сарань, где уже используется сталь компании Qarmet», — сообщил Андрей Лаврентьев. По его словам, в 2028 году Qarmet планирует запустить выпуск автомобильного листа, соответствующего требованиям производителей легковых автомобилей. В 2029 году на его основе начнется серийное производство кузовных деталей. Проектная мощность составит не менее 100 тыс. кузовов в год, а доля казахстанской стали в них будет не менее 75%. 📱 @KZgovernment
Live stream started
Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда 📌 Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға қолайлы…
Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда 📌 Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді. Оның айтуынша, саланы дамытудың келесі кезеңі автомобиль кластерлерін қалыптастыру болады. Тәсіл ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен кооперациясын күшейтуге, өндірістік шығындарды азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық автомобильдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Екінші маңызды бағыт – автокөлік сатып алуға арналған заманауи қаржы құралдарын дамыту. Бүгінгі күні, азаматтарымыз ескі көлігін жаңартуға немесе жаңа көлікке ауыстыруға мүмкіндік беретін түрлі құралдар бар. Атап айтсақ, автонесие, trade-in бағдарламасы және лизингтік қаржыландыру тетіктері бар. Үшінші бағыт – ішкі нарықты қорғау. Өнеркәсіпте көлік құралдарын заңсыз әкелуге қарсы күресті күшейту, елге әкелінгенге дейін де автомобильдерді тексеру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды кеңейту қажет. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және адал бәсекелестік үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы үш бағытты жүзеге асыру автокөлік саласының тұрақты дамуына, елдің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға және қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті автокөлік өнеркәсібін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. 📱 @KZgovernment
Олжас Бектенов Қазақстанда электромобильдер шығару жобасын жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуда әлемдегі жетекші электромобиль өндірушілерімен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұловтың BYD компаниясымен ынтымақтастық туралы ақпаратын тыңдаған Олжас Бектенов Үкіметтің Қазақстанда электромобильдер шығаратын зауыт ашуға мүдделі екенін баса айтты. «Биыл BYD автобустарын өндіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Шанхайда делегация құрамында BYD компаниясымен кездестік. Жеңіл автокөліктерге келетін болсақ, біз бұл тапсырманы қарастырдық. Келесі жылы BYD өндірісін игереміз деп жоспарлап отырмыз. Себебі BYD бірегей автомобильдер шығаратын компания. Олар электр қуатымен жүретін гибридті және толық электрлі көліктер өндіреді. Уақтылы берген тапсырма үшін алғыс айтамын. Компаниямыз тұтынушыларының және экономикамыздың барлық талабы мен сұраныстарына сай болу үшін BYD автокөліктерін өндіруді игеруі қажет», — «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов. Премьер-министр қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растап, жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды. «Біз Қазақстанда BYD электромобильдер шығаратын зауыттың ашылуына мүдделіміз. Үкіметтен қажетті қолдау көрсетіледі, осы жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді сұраймын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінде BYD Қазақстандағы жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдер нарығында жетекші орынға ие. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында аталған брендтің 2 мыңнан астам көлігі, соның ішінде 795 электромобиль сатылды. Жыл соңына дейін дистрибьютор сатылым көлемін 6500 автокөлікке дейін, ал 2027 жылы 12 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. ➖ Олжас Бектенов поручил ускорить реализацию проекта по производству электромобилей в Казахстане 📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность сотрудничества с ведущими мировыми производителями электромобилей для развития отечественного автопрома. Олжас Бектенов, заслушав информацию председателя группы компаний «Астана Моторс» Нурлана Смагулова о сотрудничестве с компанией BYD, отметил заинтересованность Правительства в открытии в Казахстане завода по производству электромобилей. «Мы в этом году прорабатываем производство автобусов BYD. В Шанхае в составе делегации мы встречались с компанией BYD. Что касается легковых автомобилей, мы эту задачу рассматривали: будем исполнять в следующем году и освоим производство BYD. Потому что BYD – это уникальные автомобили, они только делают на электрической тяге гибридные и чисто электрические автомобили. Спасибо за своевременное поручение. Наша компания обязана освоить производство автомобилей BYD, чтобы соответствовать всем требованиям и запросам потребителей нашей экономики», — председатель группы компаний «Астана Моторс» Нурлан Смагулов. Руководитель Правительства подтвердил готовность оказать необходимую поддержку и поручил ускорить реализацию проекта. «Мы заинтересованы в том, чтобы завод по производству электромобилей BYD открылся у нас в Казахстане. Необходимая поддержка от Правительства будет оказана, прошу вас ускорить реализацию этого проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов. BYD занимает лидирующие позиции на казахстанском рынке автомобилей на новых источниках энергии. За первое полугодие текущего года реализовано свыше 2 тыс. автомобилей бренда, в том числе 795 электромобилей. До конца года дистрибьютор планирует увеличить продажи до 6 500 автомобилей, а в 2027 году – до 12 тыс. 📱 @KZgovernment
Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды 📌Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік құралдарының өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. «Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – “Астана” атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі», – деді Нұрлан Смағұлов. Оның айтуынша, дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленуде. Ал «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр. ➖ В Казахстане запустят производство автобусов бренда «Астана» 📌 В Казахстане расширят линейку отечественной автотехники и запустят выпуск новых транспортных средств. Об этом на заседании Правительства сообщил председатель группы компании «Астана Моторс» Нурлан Смагулов. «Одним из ключевых проектов предприятия является запуск собственного бренда автобусов с названием «Астана». Сами автобусы уникальные, разработаны с участием технологических партнеров из Китая, с использованием компонентов ведущих мировых производителей. Непосредственно наши инженеры из Казахстана участвовали в дизайне этих автобусов. Автобусы будут производиться на территории Казахстана», — сообщил Нурлан Смагулов. По его словам, серийное производство дизельных и газовых автобусов начнется в ноябре текущего года. Кроме того, ведется работа над линейкой электротранспорта совместно с технологическим партнером BYD с использованием новых аккумуляторных батарей. Начало производства электрических автобусов «Астана» запланировано на март 2027 года. 📱 @KZgovernment
Live stream finished (1 hour)
Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді 📌 Қазақстанда жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр атап өткендей «Машина жасау» және «Көлік және логистика» салалық атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды. Нәтижесінде 31 жаңа мамандық қалыптасып, 22 қолданыстағы мамандық трансформацияланады. Соның негізінде жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жаңартуда. Сондай-ақ 73 мың кәсіпорын қатысуымен ауқымды сауалнама жүргізілді, оның 92-сі автоөнеркәсіп саласының кәсіпорындары. Бұл сала үшін инженерлік және жұмысшы кадрларға деген қажеттілік алдағы үш жылда 10 мыңнан астам адамды құрайды. ➖ Обновленные версии атласов новых профессий для автопрома разработали в РК 📌 В Казахстане разработаны 9 отраслевых и 20 региональных атласов новых профессий и компетенций. Об этом на заседании Правительства сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. В частности, как отметил министр, отраслевые атласы профессий «Машиностроение» и «Транспорт и логистика», региональные атласы Карагандинской и Костанайской областей непосредственно охватывают машиностроительную отрасль. Отмечено, что появляются 31 новая профессия и подлежат трансформации 22 существующих профессий. На их основе вузы обновляют свои образовательные программы. Кроме того, проведено масштабное анкетирование 73 тыс. предприятий, из них 92 в сфере автопрома. Для сферы автомобильной промышленности потребность в инженерных и рабочих кадрах на ближайшие три года составляет более 10 тыс. человек. 📱 @KZgovernment
Президент тапсырмасын жүзеге асыру: Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылуда 📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда Министрлік цифрлық өндірісте, роботтандырылған жүйелерде және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істей алатын инженерлерді даярлау жүйесін қалыптастырып келе жатқанын атап өтті. Автомобиль өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау еліміздің 19 жоғары оқу орнында 34 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Автомобиль өнеркәсібіне қажетті инженерлік бағыттар бойынша 4 мыңға жуық студент білім алуда. Биыл осы бағыттарға 3 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. «Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемдік деңгейдегі мамандар даярлануда. 176 маман даярланды, қазіргі уақытта 23 стипендиат Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Жапония, Қытай, Италия және басқа да елдерде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтуде», — деп атап өтті Саясат Нұрбек. Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап инженерлік білім берудің жаңа моделі енгізіліп жатқанын айтты. Даярлаудың бірыңғай траекториясына өту көзделген, инженерлік білім берудің пәнаралық өтпелі стандарты енгізілді, білім, ғылым және өндіріс интеграциясы күшейтілді, тұрақты кәсіби өсудің жаңа тетіктері айқындалды. ➖ Исполнение поручения Президента: в Казахстане выстраивается новая модель инженерного образования 📌 Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства доложил о проводимой работе по подготовке инженерных кадров для автомобильной промышленности. Он отметил, что на сегодня министерство выстраивает систему подготовки инженеров, способных работать с цифровым производством, роботизацией и искусственным интеллектом. Подготовка кадров для автопрома ведется в 19 вузах страны по 34 образовательным программам. Почти 4 тыс. студентов получают инженерное образование по направлениям, востребованным автомобильной промышленностью. В этом году выделено более 3 тыс. государственных грантов. «Одновременно готовим специалистов мирового уровня через программу «Болашақ». Уже подготовлено 176 специалистов, в текущий момент 23 стипендиата проходят обучения и научные стажировки в Германии, Великобритании, США, Чехии, Японии, Китае, Италии и других странах», — сообщил Саясат Нурбек. Министр добавил, что по поручению Главы государства с 2024 года внедряется новая модель инженерного образования. Предусмотрен переход на единую траекторию подготовки, внедрен сквозной стандарт инженерного образования, усилена интеграция образования, науки и производства, определены новые механизмы постоянного профессионального роста. 📱 @KZgovernment
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды 📌 Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. «Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», — деді министр. Оның айтуынша бұл оң динамика биыл да сақталуда. Осы жылдың алты айында 94 400 көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары. Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып, 190 мың көлік шығару. «Саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті кадрларға тікелей байланысты. Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салуда. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту үшін еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау күшеюде. Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынып, жұмысшы мамандықтары жылы аясында “Наурыз жұмыскер” тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды», — деді министр. ➖ Свыше 171 тыс. автомобилей выпустили в Казахстане по итогам прошлого года 📌 В Казахстане общая численность занятых в сфере автомобилестроения превышает 10 тыс. человек. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. «За последние 5 лет в отрасль привлечено около 457 млрд тенге инвестиций. В прошлом году было произведено более 171 тыс. автомобилей, а объем производства увеличился на 18%», — доложил министр. По его словам, положительная динамика сохраняется и в текущем году: за 6 месяцев произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше показателя аналогичного периода прошлого года. План на текущий год – увеличить объем производства на 11% и выпустить 190 тыс. автомобилей. «Дальнейшее развитие отрасли напрямую зависит от инженерного потенциала и квалифицированных кадров. Предприятия на системной основе инвестируют в развитие инженерных компетенций, формирование кадрового резерва и подготовку специалистов. Данная работа осуществляется совместно с высшими учебными заведениями и колледжами через программы дуального обучения. Кроме того, для привлечения специалистов в регионы усиливаются меры по улучшению условий труда и социальной поддержке. Строятся корпоративные кампусы и общежития, а в рамках Года рабочих профессий запущена жилищная программа "Наурыз жұмыскер"», — отметил Ерсайын Нагаспаев. 📱 @KZgovernment
Қазақстан өңірлерінде автомобиль компоненттерінің өндірісі кеңейтілуде 📌 Қазақстанда отандық қамтуды арттыруға баса назар аудара отырып, автокомпоненттер өндірісін дамыту жандандырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобусқа арналған металл бөлшектер, орындықтар мен мультимедиялық жүйелер шығаруды игерді. «Одан бөлек, бамперлер, электр сымдары, доңғалақ дискілері және лак-бояу материалдарын шығаратын жаңа жобалар іске асырылуда. Осы бағытты дамыту үшін машина жасау және көлік мәселелері бойынша заң қабылданып, онда «өнеркәсіптік кластер» ұғымы енгізілді. Қазіргі уақытта ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында қалыптасқан», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. ➖ Производство автомобильных компонентов расширяют в регионах Казахстана 📌 В Казахстане активизируют развитие производства автокомпонентов с акцентом на увеличение казахстанского содержания. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. По его словам, данное направление развивается динамичными темпами. На сегодняшний день отечественными предприятиями освоен выпуск широкого перечня продукции, включая шины, детали двигателей, аккумуляторы, металлические детали для автобусов, сиденья и мультимедийные системы. «Реализуются новые проекты по производству бамперов, электрических жгутов, колесных дисков и лакокрасочных материалов. В целях развития данного направления принят Закон по вопросам машиностроения и транспорта, которым введено понятие "промышленный кластер". В настоящее время крупнейшие промышленные кластеры сформированы в городах Костанай, Сарань и Алматы», — доложил Ерсайын Нагаспаев. 📱 @KZgovernment
Қазақстанда 2028 жылға дейін пилотсыз жүк тартқыш көліктер мен үш жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады 📌 Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы…
Қазақстанда 2028 жылға дейін пилотсыз жүк тартқыш көліктер мен үш жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады 📌 Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл өндірістерде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қауіпсіздікті жедел басқаруға арналған жасанды интеллектке негізделген ахуалдық орталық іске қосылды. Интеллектуалды платформа бейнекамералардан, датчиктерден және ақпараттық жүйелерден келіп түсетін деректерді талдап, тәуекелдерді, төтенше жағдайларды және ауытқуларды жедел анықтап, оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы салада жаңа өндірістік қуаттар іске қосылды. Атап айтқанда, жалпы инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асатын KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты екі ірі зауыт ашылды. «Саланың өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөлік өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары аясында автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін, SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарды шығаруды және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансалары желісін дамыту көзделуде», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. 📱 @KZgovernment
Президенттің экономиканы нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралуда 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында отандық автокөлік жасау саласының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары қаралды. «Мемлекет басшысы Үкіметке елімізді орнықты дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, ұлттық экономика құрылымын нығайтуды тапсырды. Биыл маусым айында машина жасау және көлік мәселелері бойынша заңнамаларға тиісті түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және өндірістік технологияларды жетілдіруді мақсат етеді», — деді Олжас Бектенов. Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі автомобиль жасау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оны дамыту перспективалар туралы, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрі кадрлық пен ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту мәселелері жөнінде баяндама жасайды. ➖ Исполнение поручений Президента по укреплению экономики: в Правительстве рассматривают развитие автопрома 📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены текущее состояние и дальнейшие перспективы отечественного автомобилестроения. «Главой государства перед Правительством поставлена задача по дальнейшему обеспечению устойчивого развития страны и укреплению структуры национальной экономики. В июне текущего года внесены законодательные поправки по вопросам машиностроения и транспорта, которые направлены на повышение конкурентоспособности отечественных производителей и улучшение технологического процесса производства», — сказал Олжас Бектенов. На заседании заслушаны доклады министра промышленности и строительства о проводимой работе и перспективах развития отрасли автомобилестроения, науки и высшего образования – о развитии кадрового и научно-технологического потенциала. 📱 @KZgovernment
Live stream started
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (21.07.2026) Күн тәртібі — машина жасау саласын дамыту барысы. ➖ 📢📢 Заседание Правительства Казахстана (21.07.2026) Повестка заседания — развитие отрасли автомобилестроения. 📱@KZgovernment
О ленте источника UKIMET
Life News автоматически добавляет в ленту новые публикации из RSS-канала издания UKIMET. Тексты, изображения и комментарии остаются на сайте источника — в подборке выводятся только заголовки, краткие описания и ссылки на оригинал.
Если вы — представитель UKIMET и хотите изменить работу с RSS-каналом или подключить дополнительный поток, напишите нам через контактную страницу.
Другие источники: #НеМолчиkz · Aqorda · Astanovka98 · Atameken Business · BES.media · Central Media24.kz · EGOV.PRESS · EL.INFO