UKIMET » публикация №24398
Аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды. Биылғы бес айда маршрут бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 69%-ға, ал көлік құралдарының саны 38%-ға өскен. Қазақстан Орта дәлізді Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр және Global Gateway бастамасын одан әрі ілгерілетуге мүдделі. Қазақстандық тарап, сондай-ақ, визалық режимді оңайлату бойынша диалогты ілгерілетуді де жақтайды. Отырыс барысында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич, Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне, Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов, Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Мацуокколо және Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтановтар баяндама жасап, ұсыныстарын айтты. Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич зияткерлік меншік құқықтарын, фармацевтикалық зерттеулер деректерін қорғау жөніндегі нормаларды қолдану, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, техникалық регламенттерді біркелкі пайдалану және реттеуші ортаның ашықтығын одан әрі арттыру тақырыптарын қозғады. Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне өз сөзінде техникалық стандарттарды жоспарлы үйлестіру арқылы экономикалық қатынастарды кеңейту және тереңдету мәселесін көтерді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы тәсілдерді одан әрі жақындастырудың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов болжамды нормативтік-құқықтық ортаның маңыздылығына және шетелдік инвесторлардың еліміздің реттеу саясатына деген сенімін одан әрі нығайтуға назар аударды. Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Мацуокколо италиялық тараптың салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ инвесторлар үшін реттеуші ортаның болжамдылығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұсыныстарын айтты. Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтанов аса маңызды шикізат материалдары саласына заманауи геоғылымды енгізу, геологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және жоғары дәлдіктегі аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жобаны ұсынды.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























