Life News Новостной агрегатор

Комитет государственных доходов РК » публикация №11893

МКК-нің ұжымы ҚР кеден жүйесінің дамуына ұзақ жылдар бойы өлшеусіз үлес қосқан жоғары білікті маман Ануар Амангелдіұлы Ельгельдиевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Еңбек жолында ол кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, кеден қызметін жаңғыртуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кедендік және салық саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріп, маңызды бірлескен бастамалардың жүзеге асуына және әріптестік байланыстардың нығаюына зор еңбек сіңірді. Мемлекеттік қызметтен кейін де Ануар Амангелдіұлы ел игілігі жолындағы еңбегін жалғастырды. Ол өмірінің соңына дейін өз ісіне адал болып, Қытайға жасаған жұмыс сапары кезінде дүниеден өтті. Ануар Амангелдіұлының білікті маман, сенімді әріптес әрі өз елінің патриоты ретіндегі жарқын бейнесі оны таныған және бірге қызмет атқарған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. * Коллектив КГД выражает глубокие соболезнования родным и близким в связи со скоропостижной кончиной Ануара Ельгельдиева Амангельдиевича, профессионала высокого уровня, посвятившего многие годы развитию таможенной системы Республики Казахстан. За годы своей деятельности он внес значительный вклад в совершенствование таможенного администрирования, модернизацию таможенной службы, развитию международного сотрудничества и укреплению внешнеэкономических связей нашей страны. Особое внимание он уделял развитию таможенного и налогового сотрудничества между Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой, способствуя реализации важных совместных инициатив и укреплению партнерских отношений. Даже после завершения государственной службы Ануар Ельгельдиев продолжал трудиться на благо страны. До последних дней он оставался предан своему делу и ушел из жизни во время рабочей поездки в Китай. Светлая память о нем как о высококвалифицированном специалисте, надежном коллеге и патриоте навсегда сохранится в сердцах всех, кто его знал.

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

ҚТЖ PRESS » публикация №13796

ҚТЖ PRESS ·

🏢В Карагандинской области завершена реконструкция вокзала Сарыбель ▶️В Карагандинской области завершена реконструкция вокзала Сарыбель, построенного в 1965 году. После реконструкции открыт современный одноэтажный вокзальный комплекс площадью 487,4 кв. м. ▶️Обновление объекта выполнено в рамках программы модернизации железнодорожной инфраструктуры во исполнение поручения Главы государства при поддержке Правительства Республики Казахстан, Министерства транспорта, акимата Карагандинской области и АО «Самрук-Қазына». ▶️В здании обновлены кровля, фасад и внутренние помещения, полностью заменены инженерные сети водоснабжения, канализации, теплоснабжения и электроснабжения. Реконструирован пассажирский перрон, благоустроена прилегающая территория, установлены новое оборудование и мебель. ▶️Вокзал Сарыбель относится к объектам 1 типа. Через станцию ежедневно проходят 12 пассажирских поездов, связывающих регион с Астаной, Карагандой, Семеем, Жезказганом, Кызылордой, Костанаем и Павлодаром. ▶️Проект реализован за счет собственных средств АО «НК «ҚТЖ». ▶️Модернизация вокзала позволит повысить качество обслуживания пассажиров, создать более комфортные условия для ожидания поездов и улучшить транспортную инфраструктуру региона.


UKIMET » публикация №25385

UKIMET ·

Исполнение поручений Президента: в регионах Казахстана модернизируют инфраструктуру и развивают социальную сферу 📌 В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева в регионах страны продолжается системная работа по повышению качества…


UKIMET » публикация №25379

UKIMET ·

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Еліміздің өңірлерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік сала дамып келеді 📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған…


POLISIA.KZ » публикация №17601

POLISIA.KZ ·

🚔 ШҚО-да полицейлер жолда жағдайы күрт нашарлаған әйелге жедел көмек көрсетті Өскемен – Самар автожолының 65-шақырымында патрульдік полицейлер А.Костубаев пен А.Оралбековтен құралған экипажға бір азамат көмек сұрап жүгінген. Жүргізуші қатты қобалжып, жолда келе жатқан кезде туысының жағдайы күрт нашарлап, ауыр халге түскенін айтқан. Уақыт жоғалтпау мақсатында тәртіп сақшылары науқасты Өскемен қаласына қарай жеткізіп келе жатқан көлікті жедел түрде сүйемелдеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар полицейлер медициналық жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Экипаж қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекет етуінің арқасында Самсоновка ауылы маңында жедел жәрдем көлігімен жолығып, науқасты дәрігерлердің қарауына тапсырды. Бүгін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мекенжайына алғыс келіп түсті. Онда азаматтар полицейлерге көрсеткен көмегі, жанашырлығы, жоғары кәсібилігі және дер кезінде қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыстарын білдірді. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские оказали экстренную помощь женщине, которой стало плохо в дороге в ВКО На 65-м километре автодороги Усть-Каменогорск — Самар к экипажу патрульной полиции в составе А. Костубаева и А. Оралбекова обратился гражданин с просьбой о помощи. Взволнованный водитель сообщил, что во время поездки его родственнице резко стало плохо и она оказалась в тяжелом состоянии. Чтобы не терять времени, сотрудники полиции приняли решение оперативно сопроводить автомобиль, в котором находилась женщина, в сторону города Усть-Каменогорска. Кроме того, полицейские вызвали бригаду скорой медицинской помощи. Благодаря слаженным и оперативным действиям экипажа около села Самсоновка удалось встретиться с машиной скорой помощи и передать женщину медикам. Сегодня в адрес департамента полиции Восточно-Казахстанской области поступили слова благодарности. Граждане выразили искреннюю признательность полицейским за оказанную помощь, неравнодушие, высокий профессионализм и своевременно принятое решение. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


ҚТЖ PRESS » публикация №13787

ҚТЖ PRESS ·

🏢Қарағанды облысында Сарыбел вокзалын қайта жаңарту аяқталды ▶️Қарағанды облысында 1965 жылы салынған Сарыбел вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Ауданы 487,4 шаршы метрлік заманауи бір қабатты вокзал кешені қайта құрудан кейін ашылды. ▶️Нысанды жаңарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде орындалды. ▶️Ғимаратта шатыр, қасбет пен ішкі үй-жайлар жаңартылып, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілері толығымен ауыстырылды. Жолаушылар перроны қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды, жаңа жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. ▶️Сарыбел станциясы 1 типті объектілерге жатады. Станция арқылы күн сайын өңірді Астана, Қарағанды, Семей, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай және Павлодармен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді. ▶️Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды. ▶️Вокзалды жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, пойыздарды күтуге қолайлы жағдай жасауға және өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.






Минобороны РК » публикация №33790

Минобороны РК ·

🇰🇿 Қазақстан, Пәкістан, Қытай және Франция офицерлері Ұлттық қорғаныс университетінің дипломдарын алды Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде қазақстандық және шетелдік әскери қызметшілерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. 🇰🇿 Офицеры Казахстана, Пакистана, Китая и Франции получили дипломы Национального университета обороны В Национальном университете обороны Республики Казахстан состоялась торжественная церемония вручения дипломов выпускникам – казахстанским и зарубежным военнослужащим. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


UKIMET » публикация №25378

UKIMET ·

Исполнение поручений Президента: в регионах Казахстана модернизируют инфраструктуру и развивают социальную сферу 📌 В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева в регионах страны продолжается системная работа по повышению качества жизни граждан. В областях вводят в эксплуатацию новые инженерные сети, открывают социальные объекты и создают современную туристическую инфраструктуру. Завершена газификация города Косшы В г. Қосшы Акмолинской области полностью завершен и сдан в эксплуатацию проект газификации. Официально запущены второй и третий пусковые комплексы сети от магистрального газопровода «Сарыарка», благодаря чему все микрорайоны получили возможность подключения к природному газу. В рамках проекта проложено более 400 км газораспределительных сетей, установлено 1 блочное и 43 шкафных газорегуляторных пункта, а около 112 тыс. жителей обеспечены голубым топливом. Газификация села Полтавка В селе Полтавка Актюбинской области запустили природный газ — стоимость проекта составила 581,4 млн теңге. В рамках газификации проложили 6,4 км подводящего газопровода и полностью обустроили инженерную инфраструктуру. Доступ к голубому топливу получили 99 дворов и 316 жителей, благодаря чему уровень газификации региона достиг 97,5%. Водоснабжение села Бесағаш В селе Бесағаш Алматинской области построили новый водопровод протяженностью более 32 км взамен сети 1975 года с износом 95%. В результате к централизованной системе подключили свыше 800 абонентов, объединяющих более 3,8 тыс. жителей. Кроме того, в регионе завершают подготовку проектов по модернизации 127 км водопровода и установке дополнительных трансформаторов в селе Тұздыбастау. Центр активного долголетия В городе Державинске Акмолинской области открыли Центр активного долголетия. В учреждении оборудовали тренажерный зал, зоны для йоги, настольных игр и народных ремесел, а также вокальную студию. Объект разместили в одном здании с детской музыкальной школой и центром детского творчества для укрепления связи поколений. Обучение педагогов адаптивному спорту В Карагандинской области стартовал проект по подготовке 500 учителей физкультуры основам адаптивного спорта для работы с детьми с особыми образовательными потребностями. В рамках проекта каждую школу региона обеспечат подготовленным специалистом, а соответствующий курс внедрят в программу двух местных колледжей. Параллельно в области расширяют сеть адаптивных секций и число участников инклюзивных трудовых отрядов «Жасыл ел». Визит-центр «Сарыарқа сыры» В Баянаульской курортной зоне открылся современный визит-центр Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» площадью 740 м2, оснащенный цифровыми технологиями и искусственным интеллектом. Объект реализован в рамках масштабного обновления туристической инфраструктуры региона, которая также включает новую въездную стелу и благоустройство зон отдыха. Комплексная модернизация позволит увеличить турпоток в этом году до 300 тыс. человек. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25377

UKIMET ·

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Еліміздің өңірлерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік сала дамып келеді 📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстарда жаңа инженерлік желілер пайдалануға беріледі, әлеуметтік нысандар ашылып, заманауи туристік инфрақұрылым құрылуда. Қосшы қаласын газбен қамтамасыз ету Ақмола облысының Қосшы қаласында газбен қамтамасыз ету жобасы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. «Сарыарқа» магистральды газ құбырынан тартылған желінің екінші және үшінші іске қосу кешендері ресми түрде іске қосылды, нәтижесінде барлық шағын аудан табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, 1 блокты және 43 шкафты газ реттеу пункті орнатылды, ал 112 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Полтавка ауылын қамту Ақтөбе облысының Полтавка ауылында табиғи газ іске қосылды. Жобаның құны – 581,4 млн теңге. Газбен қамту аясында 6,4 шақырым газ құбыры тартылып, инженерлік инфрақұрылым толықтай салынды. Нәтижесінде 99 аула мен 316 тұрғын табиға газға қол жеткізді. Осылайша, өңірді газбен қамтамасыз ету деңгейі 97,5%-ға жетті. Бесағаш ауылын сумен қамтамасыз ету Алматы облысының Бесағаш ауылында тозу деңгейі 95%-ға жеткен 1975 жылы салынған су құбырының орнына ұзындығы 32 шақырымнан асатын жаңа құбыр салынды. Нәтижесінде 800-ден астам абонент, яғни, 3,8 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Сонымен қатар өңірде Тұздыбастау ауылында 127 шақырым су құбырын жаңғырту және қосымша трансформаторлар орнату жобалары аяқталуда. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ақмола облысының Державинск қаласында күнделікті 30-ға жуық адамды қабылдай алатын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Орталықта жаттығу залы, йогаға арналған аймақтар, үстел ойындары мен қолөнер шеберханасы, сондай-ақ вокал студиясы жабдықталған. Нысан ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында балалар музыка мектебі және балалар шығармашылығы орталығымен бір ғимаратта орналасқан. Педагогтерді бейімделген спорт негіздері бойынша оқыту Қарағанды облысында жыл соңына дейін 500-ге жуық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған бейімделген спорт негіздері бойынша оқудан өтеді. Жоба аясында өңірдегі әрбір мектепте арнайы даярланған маман болады. Сонымен қатар аталған курс екі жергілікті колледждің оқу бағдарламасына енгізіледі. Бұдан бөлек, облыста бейімделген спорт секцияларының желісі мен инклюзивті «Жасыл ел» еңбек жасақтарына қатысушылар саны кеңейтілуде. «Сарыарқа сыры» визит-орталығы Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағында ауданы 740 шаршы метр болатын заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды. Нысан цифрлық технологиялармен және жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған. Жоба өңірдің туристік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында жүзеге асырылды. Оның құрамына жаңа кіреберіс стеласы мен демалыс аймақтарын абаттандыру жұмыстары да кіреді. Кешенді жаңғырту нәтижесінде биыл өңірге келетін туристер саны 300 мың адамға дейін артады деп күтілуде. 📱 @KZgovernment




ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6898

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ·

▪️ Жительница Шымкента, ограниченная в возможностях по здоровью (2-я группа), обратилась в суд с требованием признать недействительными доверенности и договоры купли-продажи жилого дома с земельным участком и квартиры. ▪️Истец указала, что не помнит, при каких обстоятельствах была выдана доверенность и момент ее подписания. ▪️ Утверждает, что она не выражала воли на распоряжение имуществом. ▪️ На момент оформления доверенности и заключения сделки она находилась на стационарном лечении в областном центре психического здоровья. ▪️ Ссылалась на то, что ответчики (двое нотариусов и трое родственников) воспользовались её психическим состоянием и оформили документы, по которым в последствии было реализовано всё принадлежащее ей имущество – жилой дом с земельным участком и квартира. ▪️ Межрайонный суд по гражданским делам г.Шымкента при рассмотрении дела установил, что получив доверенности от женщины,ответчики действовали от ее имени и распорядились принадлежащей ей недвижимостью, в результате чего истец лишилась жилья и была вынуждена проживать у родственников. ▪️Судебно-психиатрической экспертизой подтверждено, что с 2019 года эта женщина страдает психическим заболеванием –расстройством личности органической этиологии со снижением интеллектуально-мнестических функций. ▪️ На момент подписания доверенности она не могла понимать значение своих действий и руководить ими. ▪️ Выводы экспертов основаны на данных медицинской документации, сведениях о неоднократных госпитализациях в психиатрический стационар, нахождении на диспансерном учете в результате клинического обследования, установлении ограничения по здоровью бессрочно. ▪️ Исследование показало выраженные нарушения мышления, памяти, эмоциональной устойчивости и интеллектуальных функций. ▪️ Оценив представленные доказательства, суд пришел к выводу, что волеизъявление истца при оформлении доверенностей не было осознанным, а потому сделки не могут считаться законными. ▪️ Суд признал недействительными как доверенности, так и договоры купли-продажи, приведя стороны в первоначальное положение ▪️ Имущественные права женщины восстановлены. ▪️Решение вступило в законную силу. При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан https://t.me/shymkent_sottary


ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6897

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ·

▪️ Шымкент қаласының тұрғыны (ІІ топтағы мүгедектігі бар) тұрғын үй мен жер учаскесіне, сондай-ақ пәтерге қатысты берілген сенімхаттар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа жүгінді. ▪️Талап қоюшы сенімхаттың қандай жағдайда берілгені және оған қашан қол қойғаны есінде жоқ екенін, ол өз мүлкіне билік етуге ешқандай ерік білдірмегенінін, сенімхат ресімделгенде және мәміле жасалған кезде өзі облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық режимде ем қабылдағанын мәлімдеді. ▪️ Жауапкерлер (екі нотариус және оған туыс боп келетін үш адам) оның психикалық жағдайын пайдаланып, құжаттарын ресімдегенін, содан кейін оған тиесілі барлық мүлкі, яғни жер учаскесі бар тұрғын үйі мен пәтері сатылып кеткенін атап көрсетті. ▪️Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты істі қарау барысында жауапкерлер әйел адамнан сенімхаттарды алғаннан кейін оның атынан әрекет етіп, оған тиесілі жылжымайтын мүлкіне билік еткенін, соның салдарынан талап қоюшы тұрғын үйінен айырылып, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр болғанын анықтады. ▪️ Сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен бұл әйел 2019 жылдан бастап психикалық ауруға – зияткерлік-мнестикалық функцияларының төмендеуімен сипатталатын органикалық этиологиядағы тұлғалық бұзылысқа шалдыққаны расталды. ▪️ Сенімхатқа қол қойған кезде ол өз әрекеттерінің мәнін түсінбеген және оларға басшылық жасай алмаған. ▪️ Сарапшылардың қорытындылары медициналық құжаттардағы мәліметтерге, талап қоюшының психиатриялық стационарға бірнеше рет емдеуге жатқызылғаны туралы деректерге, клиникалық тексеру нәтижесінде диспансерлік есепте тұрғанына және оған денсаулық жағдайына байланысты мүгедектігі мерзімсіз белгіленгеніне негізделген. ▪️ Зерттеу нәтижесінде оның ойлау қабілеті, жады, эмоциялық тұрақтылығы және зияткерлік функцияларының айқын бұзылыстары анықталған. ▪️ Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, сенімхаттарды ресімдеу кезінде талап қоюшының ерік білдіруі саналы болмаған деген қорытындыға келді, сондықтан мәмілелер заңды деп есептелмейді. ▪️ Сот тараптарды бастапқы қалпына келтіріп, сенімхаттарды да, сатып алу-сату шарттарын да жарамсыз деп таныды. ▪️ Осылайша, сотқа жүгінген әйел адамның мүліктік құқықтары қалпына келтірілді. ▪️ Шешім заңды күшіне енді. Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет. https://t.me/shymkent_sottary



POLISIA.KZ » публикация №17600

POLISIA.KZ ·

📱ІІМ: Жасөспірімдер әлеуметтік желіде өздерін қалай қорғай алады Ақпарат сайтта. 📱МВД: Как подросткам защитить себя в социальных сетях Информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17599

POLISIA.KZ ·

🔹 ІІМ-нің 51 мыңнан астам ұсынуы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етті Ұсынуларды қарау нәтижесінде: - әлеуметтік жағдайы қолайсыз аудандарда, сауда объектілерінде және ойын-сауық орындарында екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылды; - автокөлік…


POLISIA.KZ » публикация №17598

POLISIA.KZ ·

🔹 ІІМ-нің 51 мыңнан астам ұсынуы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етті Ұсынуларды қарау нәтижесінде: - әлеуметтік жағдайы қолайсыз аудандарда, сауда объектілерінде және ойын-сауық орындарында екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылды; - автокөлік жолдарының 157 авариялық қауіпті учаскесінде жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, жол белгілері орнатылып, жол таңбалары жаңартылды; - 63 объектіде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, күзет жүйелері жаңғыртылды; - білім беру ұйымдарында 60-тан астам профилактикалық іс-шара өткізілді; - заңсыз қызметті жүзеге асырған төрт субъектінің қызметі тоқтатылды, 10-нан астам кафе мен түнгі клубтың жұмыс уақытына шектеу қойылды. Толық ақпарат сайтта.


Минобороны РК » публикация №33789

Минобороны РК ·

🇰🇿 Тоқтар Әубәкіров – 80 «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ел тарихында өшпес із қалдырды. Ғарышқа көтерілер сәтте ана тілімізде ұран тастаған батырдың бұл сөзі Отанға деген өшпес махаббаттың үлгісі. Ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут маңызды зерттеулер жүргізген Халық қаһарманының ерлігі ел жадынан өшпейді! 🇰🇿 Тохтару Аубакирову - 80 лет! «Мой народ, ради тебя я готов пройти через огонь и воду!» Эти слова первого космонавта суверенного Казахстана Тохтара Аубакирова стали символом безграничной любви к Родине и несгибаемой силы духа. Он произнес их 2 октября 1991 года в момент старта с космодрома Байконур на корабле «Союз ТМ-13». Тохтар Аубакиров провел в космосе 7 суток, 22 часа и 13 минут. Осуществляя важные научные эксперименты и исследования, он достойно представлял Казахстан на мировой космической арене. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


Минобороны РК » публикация №33781

Минобороны РК ·

🇰🇿 Ғарышты бағындырған авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста Бүгін, 27 шілде күні, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 80 жасқа толды. 🇰🇿 Покорителю космоса генерал-майору авиации Токтару Аубакирову – 80 лет Сегодня, 27 июля, исполнилось 80 лет первому казахстанскому космонавту, Герою Советского Союза, Халық қаһарманы, выдающемуся государственному и общественному деятелю генерал-майору авиации Токтару Онгарбаевичу Аубакирову. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


UKIMET » публикация №25374

UKIMET ·

Климатические особенности регионов и логистика Продолжительность зимы в Казахстане существенно различается в зависимости от региона. Если на юге отопительный сезон длится около 151 дня, то на севере он достигает 222 дней. И этот фактор учитывается при расстановке приоритетов: 🟦 На севере и востоке страны холода наступают раньше, поэтому готовность тепловых сетей будет полностью обеспечена уже к 1 сентября, а к 15 сентября на станциях завершатся основные ремонты. 🟦 В южных и западных частях Казахстана старт отопительного сезона намечен на более поздний срок, поэтому завершение всех ключевых работ на объектах планируется к концу сентября. На случай аномальных морозов государство заранее увеличивает запасы. Прямо сейчас на складах энергоисточников накоплено около 3,5 млн тонн угля – это на 8% больше, чем в это же время в прошлом году, и 143 тыс. тонн мазута. Для нужд населения и коммунального сектора на новый сезон требуется 7,3 млн тонн угля. Чтобы избежать проблем с поставками топлива, Правительство предусмотрело ряд мер: 1. АО «НК «КТЖ» выделило под эти задачи порядка 18,3 тыс. полувагонов. Поставки будут идти стабильно и строго по графику. 2. В период подготовки к отопительному сезону с 15 августа специальный Республиканский штаб под руководством Госэнергонадзора совместно с акиматами и угольными разрезами будет пресекать попытки создания искусственного дефицита и завышения цен на местах. 3. Внедряются цифровые инструменты, которые позволят прозрачно отслеживать путь каждой тонны угля от добывающего разреза до складов (тупиков) в регионах, исключая необоснованные логистические издержки. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25373

UKIMET ·

Өңірлердің климаттық ерекшеліктері және логистика Қазақстандағы қыстың ұзақтығы аймаққа байланысты айтарлықтай өзгереді. Егер оңтүстікте жылыту маусымы шамамен 151 күнге созылса, солтүстікте ол 222 күнге жетеді. Бұл фактор басымдықтарды белгілеу кезінде ескеріледі: 🟦 Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде суық ауа райы ертерек басталады. Сондықтан бұл аймақтарда жылу желілерінің дайындығы 1 қыркүйекке дейін толық қамтамасыз етіледі, ал 15 қыркүйекке дейін стансалардағы негізгі жөндеу жұмыстары аяқталады. 🟦 Қазақстанның оңтүстік және батыс бөліктерінде жылыту маусымының басталуы неғұрлым кеш мерзімге белгіленеді, сондықтан нысандардағы барлық негізгі жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қалыпты аяз болған жағдайда мемлекет отын қорларын алдын-ала көбейтеді. Қазіргі уақытта энергия көздерінің қоймаларында шамамен 3,5 млн тонна көмір жинақталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп. Сонымен қатар 143 мың тонна мазут қоры дайындалған. Тұрғындар мен коммуналдық сектордың қажеттіліктері үшін жаңа маусымға 7,3 млн тонна көмір қажет. Жанармай жеткізу мәселелерін болдырмау үшін Үкімет бірқатар шараны қарастырды: 1. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ осы мақсаттарға шамамен 18,3 мың жартылай вагон бөлді. Жеткізу жұмыстары тұрақты түрде және қатаң белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 2. Жылыту маусымына дайындық кезеңінде 15 тамыздан бастап мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың басшылығымен арнайы Республикалық штаб әкімдіктермен әрі көмір разрездерімен бірлесіп жасанды тапшылық жасау және жергілікті жерлерде бағаны көтеру әрекеттерін тоқтататын болады. 3. Негізсіз логистикалық шығындарды қоспағанда, әрбір тонна көмірдің өндіруші разрезден бастап өңірлердегі қоймаларға дейінгі қозғалысын ашық бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық құралдар енгізілуде. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25372

UKIMET ·

Как продвигаются ремонты оборудования на ТЭЦ? Всего на 2026 год запланирован капитальный ремонт 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбины. На сегодняшний день работы идут строго по графику, на некоторых объектах выявляются скрытые дефекты. Текущий статус выглядит так: 🟦 2 энергоблока полностью готовы, еще 2 находятся в процессе ремонта. 🟦 13 котлов капитально отремонтированы, 27 в работе. 🟦 8 турбин сданы, на 16 объектах ремонты продолжаются. Параллельно идет плановый текущий ремонт – им охвачено более 500 единиц вспомогательного оборудования по всей стране. Электросети и тепловые магистрали Комплексная работа продолжается и на сетевой инфраструктуре: 🟦 Уже отремонтировано около 6,3 тыс. км линий электропередачи, 135 подстанций и 1 253 распределительных пункта. Всего до конца года обновят свыше 17 тыс. км ЛЭП и более 3,4 тыс. распределительных пунктов. 🟦 Из запланированных 377 км труб по республике уже готово 65 км теплосетей, работы активно ведутся еще на 278 км. Отставания от графика нет. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25371

UKIMET ·

ЖЭО-лардағы жабдықтарды жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? 2026 жылы барлығы 9 энергоблокқа, 55 қазандыққа және 51 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Кейбір нысандарда жөндеу барысында бұрын анықталмаған жасырын ақаулар анықталуда. Қазіргі жағдайы төмендегідей: 🟦2 энергоблок толық дайын, тағы 2 энергоблокта жөндеу жұмыстары жалғасуда. 🟦13 қазандыққа күрделі жөндеу аяқталды, 27 қазандық бойынша жұмыстар жүргізілуде. 🟦8 турбина пайдалануға берілді, 16 нысанда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары да қатар жүргізілуде – оған бүкіл ел бойынша қосалқы жабдықтардың 500-ден астам бірлігі қамтылған. Электр желілері және жылу магистральдары Желілік инфрақұрылым бойынша да кешенді жұмыстар жалғасуда: 🟦Қазіргі уақытта шамамен 6,3 мың шақырым электр беру желілері, 135 қосалқы станса және 1 253 тарату пункті жөнделді. Жыл соңына дейін барлығы 17 мың шақырымнан астам электр беру желілерін және 3,4 мыңнан астам тарату пунктін жаңарту жоспарланып отыр. 🟦Республика бойынша жоспарланған 377 шақырым құбырдың 65 шақырым жылу желісі пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта тағы 278 шақырым бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес орындалуда, жоспардан кешігу жоқ. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25370

UKIMET ·

Подготовка к новой зиме 2026-2027 годов: текущие планы и цифровой контроль Для дальнейшего закрепления достигнутых результатов подготовка к следующему отопительному сезону началась без пауз. Объемы финансирования снова выросли – только на ремонт электростанций в текущем году собственниками объектов выделяется 384 млрд теңге. Это на 9% больше, чем в прошлом году. Важно отметить, что эти средства формируются за счет тарифа на электроэнергию, и каждая станция самостоятельно определяет наиболее уязвимые участки для первоочередного ремонта. На особом контроле в настоящий момент остаются 5 теплоэнергоцентралей, которые пока находятся в «красной» зоне риска: ТЭЦ в Семее, Уральске, Таразе, ТЭЦ-2 Актау и ГРЭС-1 Темиртау. По итогам года планируется снизить средний износ оборудования электростанций до 52%. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25369

UKIMET ·

2026–2027 жылдардағы қысқы маусымға дайындық: ағымдағы жоспарлар және цифрлық бақылау Қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі нығайту мақсатында келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр. Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды – биыл тек электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөлуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Айта кету керек, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды. Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1. Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №25368

UKIMET ·

Өткен жылыту маусымы: атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық қаржыландыру көлемін арттыру арқылы жүргізілді. Инфрақұрылымды жаңартуға қомақты мемлекеттік және инвестициялық қаражат салынды: 🟦…


UKIMET » публикация №25367

UKIMET ·

Өткен жылыту маусымы: атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық қаржыландыру көлемін арттыру арқылы жүргізілді. Инфрақұрылымды жаңартуға қомақты мемлекеттік және инвестициялық қаражат салынды: 🟦 2025 жылы электр стансаларын жөндеуге энергия нысандарының меншік иелері 348 млрд теңге бағыттады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға артық. 🟦 Жылу желілерін жаңартуға 129 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Бір жылда не жөнделді? 🟦Стансаларда: 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. 🟦Желілерде: 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станса жаңартылды, сондай-ақ 323 шақырым тозған жылу желілері ауыстырылды. Тұрғындар үшін әсері қандай? Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігі артып, жабдықтардың тозу деңгейі төмендеді. Атап айтқанда, электр стансаларындағы тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінде 50%-ға, ал электр желісі нысандарында 66,2%-ға дейін төмендеді. Ең суық кезеңде – өткен жылдың желтоқсан айындағы ең жоғары жүктеме кезінде – жүйе 17,3 ГВт қуат өндіру арқылы жүктемеге төтеп берді. Соның нәтижесінде тұрғын үйлердегі температуралық режимнің бұзылу жағдайлары республика бойынша үш есеге азайды: 65 жағдайдан 21 жағдайға дейін төмендеді. Стансалардағы технологиялық бұзушылықтар саны 15%-ға, ал электр желілеріндегі бұзушылықтар 12%-ға азайды. Әрбір жағдай бойынша мемлекеттік органдар тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдады. Сонымен қатар жылу электр орталықтарының жағдайы жақсарды: қабылданған шаралар нәтижесінде 5 ЖЭО тәуекелдің «қызыл» аймағынан анағұрлым тұрақты «сары» аймаққа шығарылды, тағы 3 ЖЭО «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Және де қоймаларда жеткілікті көлемде отын қоры жасақталды. Халық пен әлеуметтік нысандардың қажеттіліктері үшін жоспар бойынша 7,5 млн тонна көмірдің орнына 8 млн тоннадан астам көмір дайындалды. 📱 @KZgovernment