UKIMET » публикация №24404
Көтерілген сұрақтарға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері пікір білдірді. Қаржы министрі Мәди Такиев кедендік әкімшілендіру және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мәселелері бойынша айтты. Кедендік рәсімдердің ашықтығы мен біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында саланы ауқымды цифрландыру жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Елдің сыртқы шекараларындағы 9 автомобильдік өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталды, сондай-ақ автоматтандырылған бақылау тетіктері мен электрондық декларациялау жүйелері енгізілуде. Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов техникалық реттеу жүйесін және өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. EUROBAK-пен консультациялардың қорытындысы бойынша өнімді сәйкестендіру актілерін рәсімдеуді жеңілдету, техникалық регламенттерді әзірлеуге бизнестің қатысуын кеңейту және E-КТРМ ақпараттық жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалғаны атап өтілді. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және фармацевтикалық деректердің эксклюзивтілігі мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде халықаралық міндеттемелерді қатаң орындайтыны атап өтілді: ұлттық заңнама, Халық денсаулығы туралы Кодексті қоса алғанда, дәрілік заттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарының құпия ақпараты мен деректерін қорғаудың алты жылдық мерзіміне нақты кепілдік береді, өтініш берушінің келісімінсіз оларды жария етуге немесе коммерциялық пайдалануға жол бермейді. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан өнеркәсіптік кооперация, минералды-шикізат базасын дамыту және маңызды материалдар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өз бағыттары бойынша пікір білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларына өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін әрбір мәселе бойынша еуропалық серіктестермен екіжақты консультациялар өткізуді тапсырды. Қазақстан Үкіметі еуропалық бизнес-қоғамдастықпен барынша ашық, айқын және сындарлы диалогті қолдауға бағытталған және жаңа серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























