UKIMET » публикация №24417
Нұрлыбек Нәлібаев Ақмола облысындағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысына келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар барысында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Степногорск қаласында делегация жылу электр орталығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Кәсіпорында негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 57%-ға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылу желілерінің тозу деңгейі де 59%-ға дейін азайтылған. Жұмыс сапарының соңғы нысаны «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асырып жатқан Көкшетау қаласындағы жаңа жылу электр орталығының құрылыс алаңы болды. Сапар қорытындысында Нұрлыбек Нәлібаев барлық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. «ЖЭО құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Облыс орталығының тұрғындары бұл жобаның жүзеге асуын көп жылдан бері күтіп келеді. Сонымен қатар, елімізде алғаш рет 124 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 16 вокзал Ақмола облысында орналасқан. Барлық жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етіп, жұмыс қарқынын жоғары деңгейде сақтау қажет», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары. ➖ Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией ключевых инвестиционных и инфраструктурных проектов Акмолинской области 📌Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев в рамках рабочей поездки посетил Акмолинскую область, где с главой региона Маратом Ахметжановым ознакомился с реализацией крупных проектов. Особое внимание было уделено модернизации энергетической инфраструктуры. В Степногорске делегация посетила ТЭЦ, где полным ходом идет подготовка к предстоящему отопительному сезону. На предприятии ведутся работы по снижению износа основного оборудования до 57%. Износ теплосетей также снижен до 59%. Завершающим объектом рабочей поездки стала площадка строительства новой теплоэлектроцентрали в Кокшетау, реализуемого АО «Самрук-Энерго». Подводя итоги поездки, Нурлыбек Налибаев подчеркнул важность своевременной реализации всех проектов. «Строительство ТЭЦ находится на особом контроле Главы государства. Жители областного центра уже много лет ждут реализации этого проекта. Кроме того, впервые в стране проводится масштабная реконструкция 124 железнодорожных вокзалов, в том числе 16 – в Акмолинской области. Необходимо обеспечить высокие темпы работ и завершить все проекты в установленные сроки», — отметил первый заместитель Премьер-министра. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























