POLISIA.KZ » публикация №17334
🤝 Шетел азаматы жоғалған сөмкесін тауып берген Қазақстан полицейлеріне алғыс айтты Шетел азаматтарының елімізде қауіпсіз әрі жайлы сапар жасауын қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қонақтар тарапынан алғыс жиі айтылып жатады. Осындай оқиғалардың бірі Атырау – Ақтөбе тасжолының Сағыз ауылы маңында болған. Қытай Халық Республикасының Ван Тао есімді азаматы құжаттары, телефоны және қомақты ақшасы салынған қол сөмкесін жоғалтып алған. Оқиға туралы ақпарат алған патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жоғалған мүлікті іздеуге кірісті. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қол сөмке бір сағаттың ішінде табылып, иесіне қайтарылды. Өзінің құжаттары мен бағалы заттарын толық күйінде алған шетелдік азамат тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдіріп, көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🤝 Гражданин Китая выразил благодарность полиции Казахстана за оперативную помощь Сотрудники полиции, обеспечивающие безопасность иностранных граждан на территории страны, регулярно получают слова признательности за свою работу. Один из таких случаев произошел на автодороге Атырау — Актобе вблизи села Сагыз Атырауской области. Гражданин КНР Ван Тао обнаружил пропажу ручной сумки, в которой находились документы, мобильный телефон и крупная сумма денежных средств. После поступления сообщения сотрудники полиции незамедлительно организовали поисковые мероприятия и совместно с участковыми инспекторами приступили к поиску утерянного имущества. Благодаря оперативным и слаженным действиям полицейских сумка была обнаружена менее чем за час и возвращена владельцу в полной сохранности. Иностранный гражданин искренне поблагодарил сотрудников полиции за отзывчивость и своевременно оказанную помощь, отметив высокий уровень обеспечения безопасности и правопорядка. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























