Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Астана, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында TALDAU қоғамдастығының ұйымдастыруымен экологиялық акция өтті. Шара барысында қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазалап, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін насихаттады. Жиналған қоқыс арнайы санаттарға бөлініп, қайта өңдеуге жіберілді. Экологиялық бастамаға Сарапшылар клубының мүшелері, «Талдау мектебінің» түлектері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті. Акцияға жалпы саны 200-ге жуық адам атсалысты. 🚀@senate_kz
Telegram-канал Сената Парламента РК
Лента публикаций издания Telegram-канал Сената Парламента РК в агрегаторе Life News. Заголовки выводятся в порядке выхода — от самых свежих к более ранним. Полные тексты остаются на сайте источника, мы публикуем только заголовок, краткое описание и ссылку.
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар миссиясының үйлестірушісі ретінде Армениядағы парламенттік сайлауды бақылау жұмысына кірісті. Сапар аясында сенатор Грузия мен Арменияда бірқатар кездесулер өткізіп, тиімді басқару және жобалық менеджмент тақырыбында дәріс оқыды. Батумидегі мұнай терминалы қызметкерлерімен және Армения Үкіметі жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен кездесуде басқарудағы жобалық тәсілдің артықшылықтарына тоқталды. Жақып Асанов Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесін жаңғырту тәжірибесін таныстырып, жүйедегі артық процестерді қысқарту мен ресурстарды тиімді пайдалану табысты реформалардың басты шарты екенін атап өтті. 🚀@senate_kz
🙂Мәулен Әшімбаев Атырау облысының белсенді жастарымен кездесуде жаңа Конституция еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудың және мемлекетті дамытудың ұзақмерзімді бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Сенат Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Ата Заң Әділетті Қазақстан құрудың жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты. Сондай-ақ ол Конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы жастардың белсенділігіне, білімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін жеткізді. Кездесуде «Адал азамат» тұжырымдамасының маңызына да назар аударылып, еңбекқорлық, адалдық, білімге ұмтылу және отаншылдық жастар үшін басты құндылықтар екені атап өтілді. 🚀@senate_kz
О ленте источника Telegram-канал Сената Парламента РК
Life News автоматически добавляет в ленту новые публикации из RSS-канала издания Telegram-канал Сената Парламента РК. Тексты, изображения и комментарии остаются на сайте источника — в подборке выводятся только заголовки, краткие описания и ссылки на оригинал.
Если вы — представитель Telegram-канал Сената Парламента РК и хотите изменить работу с RSS-каналом или подключить дополнительный поток, напишите нам через контактную страницу.
Другие источники: #НеМолчиkz · Aqorda · Astanovka98 · Atameken Business · BES.media · Central Media24.kz · EGOV.PRESS · EL.INFO


