Life News Новостной агрегатор

Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15506

Источник: Telegram-канал Сената Парламента РК
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15506

30 лет законодательной деятельности, развития парламентаризма и взаимодействия с обществом. За три десятилетия Сенат прошел большой путь, став важной частью развития казахстанского общества и законодательной системы страны. Главные цифры, факты и результаты работы Палаты - в нашей карусели. 🚀@senate_kz

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

UKIMET » публикация №24690
UKIMET » публикация №24690

UKIMET ·

Стартовал проект реконструкции автомобильной дороги Жезказган – Караганда Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в область Ұлытау принял участие в официальной церемонии запуска проекта реконструкции автомобильной дороги Жезказган – Караганда. Общая протяженность автодороги составляет 572 км, из которых 335 км проходят по территории области Ұлытау. В торжественной церемонии начала реализации проекта приняли участие председатель правления АО «НК «КазАвтоЖол» Дархан Имашев, аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, а также представители государственных органов и подрядных организаций. «Это один из самых важных и долгожданных проектов, который находится на личном контроле Главы государства. Сегодня мы официально даем старт его реализации. Согласно плану, завершение проекта намечено на 2029 году. Вместе с тем мы проведем переговоры с подрядными организациями и поставим перед ними соответствующие задачи. Наша главная цель — ускорить темпы строительства и по возможности завершить проект уже в 2028 году», — отметил Нурлыбек Налибаев. Выступая на мероприятии, аким области Ұлытау Дастан Рыспеков подчеркнул стратегическое значение данного проекта для региона. «Эта автодорога соединяет Астану с южными регионами страны через область Ұлытау. Поэтому реконструкции этой республиканской трассы давно ждали не только жители нашего региона, но и тысячи водителей и пассажиров, ежедневно пользующихся этим маршрутом. Решение вопроса финансирования и начало реализации проекта стали по-настоящему долгожданной и радостной новостью. Пользуясь случаем, выражаю искреннюю благодарность Главе государства, Правительству, а также всем, кто принимает участие в реализации этой важной инициативы», — сказал аким области. Реконструкция автомобильной дороги Жезказган – Караганда позволит вывести транспортную инфраструктуру региона на качественно новый уровень, повысить безопасность дорожного движения, улучшить условия для грузовых и пассажирских перевозок, а также станет важным стимулом для дальнейшего социально-экономического развития области Ұлытау. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24683
UKIMET » публикация №24683

UKIMET ·

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасының ресми басталуына қатысты. Жобаның жалпы ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Республикалық маңызы бар жол құрылысының басталу рәсіміне «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы, ел үшін айрықша маңызы бар әрі көптен күткен жоба. Бүгін оның құрылысына ресми түрде бастау беріліп отыр. Жоспарға сәйкес жоба 2029 жылы аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, тиісті міндеттер жүктейміз. Негізгі мақсатымыз – құрылыс қарқынын жеделдетіп, жобаны мүмкіндігінше ертерек, яғни 2028 жылы аяқтау», — деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев. Іс-шара барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аталған жобаның өңір үшін стратегиялық маңызына тоқталды. «Бұл жол Астана мен еліміздің оңтүстік өңірлерін Ұлытау арқылы байланыстыратын маңызды көлік дәлізі. Сондықтан республикалық маңызы бар автожолды жаңғыртуды облыс тұрғындары ғана емес, күн сайын осы бағытта қатынайтын мыңдаған жүргізуші мен жолаушы көптен бері күтті. Қаржыландыру мәселесі шешіліп, жобаның нақты жүзеге аса бастауы – барша жұртшылық үшін қуанышты жаңалық. Осы маңызды бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, Үкіметке, сондай-ақ жобаны іске асыруға атсалысып жатқан барлық азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді облыс әкімі. Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. 📱@KZgovernment


Aqorda » публикация №33896
Aqorda » публикация №33896

Aqorda ·

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Оспанбеков Амирбек Канатбекович освобожден от должности руководителя Представительства Президента Республики Казахстан в Парламенте Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33895
Aqorda » публикация №33895

Aqorda ·

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды. ✍️ Распоряжением Главы государства Азильханов Марат Алмасович освобожден от должности заместителя Председателя Ассамблеи народа Казахстана, заведующего Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана Администрации Президента Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi


UKIMET » публикация №24682
UKIMET » публикация №24682

UKIMET ·

Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің алаңында Қазпошта қызметінің шарттарын жетілдіру жайы талқыланды 📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі – ұлттық пошта байланысы операторы «Қазпошта» АҚ қызметін салықтық реттеудің жекелеген аспектісі. Талқылау түйіні, «Қазпошта» АҚ Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әмбебап пошта қызметін қаржыландыруды жетілдіру ісін пысықтауы қажет. ➖ На площадке Проектного офиса внедрения Налогового кодекса обсудили вопросы совершенствования условий деятельности Казпочты 📌Под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина состоялось заседание Проектного офиса внедрения нового Налогового кодекса. Одним из вопросов повестки стали отдельные аспекты налогового регулирования деятельности национального оператора почтовой связи – АО «Казпочта». По итогам обсуждения АО «Казпочта» совместно с Министерством финансов поручено проработать вопрос совершенствования механизмов финансирования универсальных почтовых услуг при формировании проекта республиканского бюджета на 2027 год. 📱@KZgovernment


Aqorda » публикация №33894
Aqorda » публикация №33894

Aqorda ·

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Карин Ерлан Тынымбайулы назначен первым заместителем Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан. Он освобожден от ранее занимаемой должности. t.me/aqorda_resmi


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15496
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15496

Telegram-канал Сената Парламента РК ·

30 жыл бойы заң шығару қызметі, парламентаризмді дамыту және қоғаммен өзара іс-қимыл мінсіз жүзеге асырылды. Сенат үш онжылдықта өркендеу жолынан өтті, қазақстандық қоғам мен еліміздің заңнамалық жүйесін дамытудың маңызды бөлігіне айналды. Палатаның басты көрсеткіштері, деректер мен қорытындылар біздің карусельде. 🚀@senate_kz


Aqorda » публикация №33893
Aqorda » публикация №33893

Aqorda ·

⚡️Президент: «Особые слова признательности хочу адресовать фракции и всем членам партии AMANAT за активную и созидательную позицию. Вы на деле демонстрируете пример подлинного патриотизма и гражданской ответственности. На недавнем партийном съезде было принято важнейшее стратегическое решение о присоединении к новой партии «Әділет». Всецело приветствую и поддерживаю этот поистине исторический шаг. Консолидация всех прогрессивных общественно-политических сил вокруг общенациональных ценностей и целей придаст значимый импульс проводимым в стране глубинным реформам. В конечном счете, у всех нас одна цель – создание цивилизованного и передового государства, открывающего путь в светлое будущее для молодого поколения. У нас нет другой Родины, кроме Казахстана. Успешное развитие нашей страны нужно только нам самим. Если мы сможем сплотиться как единая нация, мы покорим любые вершины и достигнем всех намеченных целей. Мы укрепим устои нашей священной Независимости и построим Справедливый, Сильный, Безопасный, Чистый и Передовой Казахстан. Я твердо верю в это! Самоотверженно трудиться на этом пути – сыновний долг каждого гражданина. Пусть в нашей стране всегда царят мир и благополучие! Пусть будет вечной наша Родина!» t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33892
Aqorda » публикация №33892

Aqorda ·

⚡️Президент: «Сондай-ақ бүгін мен «AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіздер. Саяси ұйымның таяуда өткен съезінде «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын. Бүгінгі таңда барлық озық әрі жасампаз күштер жалпыұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттарға бірігуде. Мұндай қадам елімізде қолға алынып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін берері сөзсіз. Түптеп келгенде, баршамыздың мұратымыз – бір. Бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын өркениетті әрі озық мемлекет құру. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің ойдағыдай дамуы бізге ғана керек. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек, біз кез келген белесті бағындырамыз, көздеген мақсатымыздың бәріне қол жеткіземіз. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін! Осы жолда аянбай еңбек ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!» t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33891
Aqorda » публикация №33891

Aqorda ·

⚡️Глава государства: «Курултай – важнейший символ Нового Казахстана. Поэтому в его состав должны войти истинные патриоты, инициативные и государственно мыслящие личности – то есть лучшие из лучших. Ведь именно по работе Курултая народ будет оценивать, насколько результативными оказались реформы. В этот важный момент я хочу еще раз выразить искреннюю благодарность руководству и депутатам Сената и Мажилиса за добросовестный и упорный труд на благо страны. Вы смело поднимали насущные проблемы народа, последовательно отстаивали национальные интересы. Новый этап – это время новых возможностей. Думаю, что ряд депутатов перейдет в состав Курултая и продолжит трудиться во благо страны. Считаю, что и в Қазақстан Халық Кеңесі должны быть такие квалифицированные граждане, как вы». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33890
Aqorda » публикация №33890

Aqorda ·

⚡️Мемлекет басшысы: «Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды. Осындай маңызды сәтте мен тағы бір мәрте Сенат пен Мәжілістің басшылығына және депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Себебі сіздер мемлекетіміздің игілігі үшін адал әрі қажырлы еңбек еттіңіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын батыл көтеріп, ұлт мүддесін бәрінен биік қоя білдіңіздер. Жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер уақыты. Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33889
Aqorda » публикация №33889

Aqorda ·

⚡️Президент: «Вступление в законную силу новой Конституции – это историческое событие, оказывающее прямое влияние на судьбу нации. Наш Основной закон открывает путь к этапу масштабных общественно-политических процессов. В связи с этим мною будет подписан ряд документов, в том числе Указ о проведении выборов в Курултай. Соответственно, конкуренция между партиями также усилится. Мы как созидательная нация должны провести и эту политическую кампанию на высоком уровне. Предстоящие выборы должны стать примером открытой, честной и справедливой политической конкуренции. Народ Казахстана – это главная движущая сила коренных преобразований, происходящих в обществе. Наши граждане на деле доказывают, что они неравнодушны к будущему страны и способны сделать осознанный выбор в решающий момент. Эти качества присущи исключительно нациям, отличающимся высокой ответственностью, крепким единством, сильным духом и богатой культурой. Участие в выборах означает причастность к делам государственной важности. В этой связи хочу высказать уверенность в том, что наши соотечественники примут самое активное участие в предстоящей электоральной кампании». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33888
Aqorda » публикация №33888

Aqorda ·

⚡️Президент: «Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады. Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоямын. Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі. Біз жасампаз ел ретінде осы саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс. Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді. Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы және мәдениеті биік ұлттарға ғана тән қасиет. Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33887
Aqorda » публикация №33887

Aqorda ·

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Осознанное лидерство вы проявили при продвижении концепции «Адал Азамат» и общенационального проекта «Таза Казахстан», заложивших основы новой прогрессивной общественной этики. Парламентская деятельность стала зримым воплощением принципа «Закон и Порядок», всемерно способствуя его укоренению в государственной политике и превращению в неотъемлемую часть общенациональной идентичности. Наряду с этим депутатский корпус внес весомый вклад в укрепление международных позиций Казахстана как ответственной и влиятельной средней державы. Через активную деятельность в межпарламентских ассамблеях, зарубежные визиты и участие в представительных форумах наши законодатели выстроили доверительный и продуктивный диалог с иностранными коллегами и глобальными институтами. Важнейшим элементом нашей прагматичной внешней политики традиционно являлись Съезды лидеров мировых и традиционных религий. Секретариат этой авторитетной диалоговой площадки долгие годы успешно работал под эгидой Сената. Курултаю, который станет главным законодательным органом, предстоит обеспечить органичную преемственность по всем ключевым направлениям деятельности, сохранить глубокую институциональную память и бережно развивать уникальную парламентскую культуру. Высший представительный орган страны призван внести определяющую лепту в построение Справедливого Казахстана – государства равных возможностей для всех и каждого, а также активно работать в этом направлении. Уверен, что с честью реализуя свою ответственную законодательную миссию, Курултай будет всемерно содействовать утверждению в нашем обществе незыблемых принципов Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33886
Aqorda » публикация №33886

Aqorda ·

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда жаңа этиканы қалыптастыруға арқау болды. Депутаттар осы жалпыұлттық бастамалардың мән-маңызын халыққа түсіндіруге және іске асыруға белсене атсалысты. Парламенттің қажырлы қызметінің арқасында «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекет саясатында түбегейлі орнығып, ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айнала бастады. Сонымен қатар Парламент депутаттары Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосты. Сол арқылы еліміздің жауапты әрі ықпалды «орта держава» ретіндегі рөлі күшейе түсті. Депутаттар парламентаралық ассамблеялардың, шетелдік сапарлар мен форумдар аясында шетелдік әріптестерімен және жаһандық институттармен сенімді әрі нәтижелі байланыс орната білді. Осы тұста Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің жұмысын айрықша атап өту қажет. Беделді диалог алаңының хатшылығы ұзақ жыл бойы Сенат аясында табысты жұмыс істеп келді. Құрылтай басты заң шығарушы орган ретінде барлық бағыт бойынша сабақтастықты және институционалдық дәстүрді сақтап, жылдар бойы қалыптасқан бірегей парламенттік мәдениетті жоғалтпай, оны одан әрі дамытуға баса мән беруге тиіс. Еліміздің жоғары өкілді органы – Құрылтайдың негізгі мақсаты – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта белсенді жұмыс істеу. Бір палаталы өкілді орган өзінің заңнамалық миссиясын табысты орындай отырып, қоғамда Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік, Тазалық, Қоршаған ортаны қорғау сынды мызғымас құндылықтарды орнықтыра түсуге барынша ықпал етеді деп сенемін». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33885
Aqorda » публикация №33885

Aqorda ·

⚡️Глава государства: «Помимо озвученных мною кодексов и законов, в фокусе деятельности Парламента находился огромный массив и других не менее важных вопросов. За период работы восьмого созыва депутаты подготовили свыше двух тысяч запросов, провели более 30 правительственных часов и 9 парламентских слушаний. Активно и плодотворно действовали профильные комитеты обеих палат. В будущем, с учетом перехода к однопалатному Курултаю, структура его комитетов должна отражать ключевые векторы и приоритеты государственной политики. Все эти годы депутатский корпус кропотливо выстраивал действенную систему «обратной связи» с гражданами через реализацию партийных проектов и регулярные выезды в регионы для встреч с избирателями. В ходе общественных приемов граждан учитывались их требования и решались насущные запросы. Парламент стал подлинным центром притяжения для авторитетных ученых, экспертов и гражданских активистов. Эта уникальная интеллектуальная экосистема опиралась на Клуб экспертов при Сенате и Общественную палату при Мажилисе, которые содействовали организации продуктивного диалога и всесторонней экспертизе законопроектов». t.me/aqorda_resmi


ТРК Президента » публикация №12501
ТРК Президента » публикация №12501

ТРК Президента ·

🇰🇿Бүгін Президенттің қатысуымен ел тарихындағы қос палаталы парламенттің соңғы бірлескен отырысы өтті. Ертеңнен бастап жаңа Ата Заң күшіне енеді. 🧷Осы орайда Мемлекет басшысының парламенттің соңғы отырысында сөйлеген негізгі сөздерін ұсынамыз: — «Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді» — «Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды» — «Тек кейінгі үш жылдың өзінде 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында еліміздің алдағы биік белестерінің сенімді арқауы болатын, тарихи мәні зор конституциялық заңдар мен кодекстер бар» — «Біздің басты мұратымыз – халықтың әл-ауқатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл көрсеткіштерді ұдайы көтеріп, осы үрдісті үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет» — «Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұр» — «Шын мәнінде, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады» — «Сол себепті, мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсындым. Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар алаңы мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын біріктіреді» — «Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады» — «Қаражат деген уақытша дүние, оның құны жыл сайын төмендеп бара жатыр, ал оны тиімді пайдалану, бұл – нақты нәтижелерге қол жеткізу, тиісті нысандарды өскелең ұрпақтарға аманат етіп қалдыру деген сөз» — «Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де» @ptrkkz


Aqorda » публикация №33884
Aqorda » публикация №33884

Aqorda ·

Мемлекет басшысы: Сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам сауал жолдады. Сондай-ақ 31 Үкімет сағатын және 9 Парламент тыңдауын өткізді. Қос палатаның комитеттері белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкен соң заң шығарушы органның комитеттері де мемлекет саясатының басым бағыттарын негізге ала отырып, құрылғаны жөн. Осы жылдар ішінде депутаттық корпус азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс жүйесін қалыптастырды. Атап айтқанда, партия жобаларын табысты жүзеге асырды. Сондай-ақ тұрақты түрде аймақтарға барып, жұртшылықпен кездесіп отырды. Қоғамдық қабылдаулар кезінде азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, өзекті мәселелердің шешім табуына ықпал етті. Парламент беделді ғалымдарды, байыпты сарапшыларды және қоғам белсенділерін ортақ мүддеге біріктірген орталыққа айналды. Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата осы бірегей зияткерлік экожүйенің берік тірегі болды. Бұл құрылымдар сындарлы диалогті дамытып, заң жобаларын жан-жақты талдауға жол ашты». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33883
Aqorda » публикация №33883

Aqorda ·

⚡️Президент: «Чтобы стать созидательной нацией, стремящейся к новаторству, мы в первую очередь должны опираться на наши незыблемые ценности, богатую историю и культурное наследие. Через несколько дней мы всей страной отметим Национальный день домбры. Это особый праздник, который подчеркивает нашу самобытность и поднимает дух народа, особенно подрастающего поколения. Как писал выдающийся поэт Кадыр Мырза Али, «Нағыз қазақ – домбыра». Действительно, прославляя домбру, мы возносим на пьедестал наше национальное искусство. Домбра, являющаяся нашей священной ценностью, призвана стать уникальным брендом, представляющим наш народ во всем мире. В целом, государство не оставляет без внимания развитие духовной сферы. В это благородное дело весомый вклад внесли и вы – депутатский корпус. Конечно, в рамках одного доклада невозможно передать весь масштаб и фундаментальную значимость проделанной вами работы». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33882
Aqorda » публикация №33882

Aqorda ·

⚡️Президент: «Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет. Бірнеше күннен кейін бәріміз бір ел болып «Ұлттық домбыра күнін» атап өтеміз. Бұл – болмысымызды айшықтайтын, жұртымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтеретін айрықша мереке. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деп жырлауы тегін емес. Расында, домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз. Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде ұлтымызды әлемге танытатын бірегей брендке айналуы керек. Жалпы, мемлекет руханият саласын дамытуға әрдайым баса назар аударып келеді. Бұл тағылымды іске депутаттар корпусы – сіздер де зор үлес қостыңыздар. Әрине, сіздер атқарған ауқымды жұмыстың мән-маңызын бір ғана жиынның аясында жеткізу мүмкін емес». t.me/aqorda_resmi.


Aqorda » публикация №33881
Aqorda » публикация №33881

Aqorda ·

⚡️Глава государства: «В Казахстане выстроена многоуровневая и адресная система социальной помощи. Эта помощь должна направляться действительно нуждающимся людям. Поддержка оказывается в электронном формате с помощью технологических возможностей «Цифровой карты семьи». Благодаря настойчивости депутатов Парламента решен застарелый, крайне болезненный вопрос работников вредных производств, которые теперь имеют законное право на социальную выплату и переход на более легкий труд с 55 лет и до достижения пенсионного возраста. Широкую общественную поддержку получили ваши законодательные решения по защите прав женщин и детей, снижению уровня закредитованности населения и лудомании в обществе, противодействию наркопреступности и кибермошенничеству. Наша главная стратегическая цель – воспитать высокообразованную, физически и интеллектуально развитую, прогрессивную молодежь, способную на практике воплощать высшие конституционные принципы». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33880
Aqorda » публикация №33880

Aqorda ·

⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің көп деңгейлі жүйесі жолға қойылған. Бұл көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Көмек «Отбасының цифрлық картасы» технологиялық шешімі арқылы көрсетіледі. Парламент депутаттарының табандылығы арқасында зиянды өндірісте еңбек ететіндердің мәселесі шешілді. Бұл жиі көтеріліп, әбден жауыр болған түйткіл еді. Енді өндіріс еңбеккерлері әлеуметтік төлем алуға, 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін жеңілірек жұмысқа ауысуға заң жүзінде қақылы. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға, ойынқұмарлыққа, есірткі қылмысына және кибералаяқтыққа қарсы күрес шараларына қатысты қабылданған заңнамалық шешімдеріңіз жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33879
Aqorda » публикация №33879

Aqorda ·

⚡️Президент: «Развивается и отечественная медицина. В целом по стране с 2019 года построено около 1300 медицинских объектов. Средняя продолжительность жизни граждан составляет практически 76 лет. По данным Всемирного банка, Казахстан лидирует по этому показателю в регионе, что, несомненно, является значимым индикатором развития нашей страны. Всем гражданам, независимо от их статуса застрахованности, гарантирована базовая медицинская помощь. Кроме того, нашим соотечественникам доступны самые высокотехнологичные медицинские услуги – от нейрохирургии до репродуктивной медицины. Параллельно мы создаем достойные условия труда для тех, кто посвятил себя служению обществу, конкретными действиями поднимаем престиж профессий педагога и врача. Заработная плата учителей, медиков и социальных работников планомерно повышается. За последние три года существенное увеличение окладов – от 50 до 100 процентов – получили более одного миллиона двухсот тысяч человек». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33878
Aqorda » публикация №33878

Aqorda ·

⚡️Президент: «Отандық медицина саласы да дамып келеді. Жалпы, 2019 жылдан бері елімізде шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан осы аймақта көш бастап тұр. Бұл ел дамуының нақты көрінісі екені сөзсіз. Азаматтардың бәріне сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмек алуға кепілдік берілген. Бұдан бөлек, отандастарымызға нейрохирургиядан бастап репродуктивті медицинаға дейінгі ең жоғары технологиялық медициналық ем-шаралардың барлығы қолжетімді. Сонымен қатар қоғамға қызмет ету жолын таңдағандардың алаңсыз еңбек етуіне лайықты жағдай жасап жатырмыз. Нақты қадамдар арқылы ұстаздар мен дәрігерлердің беделін арттыра береміз. Мұғалімдердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Соңғы үш жылда 1,2 миллионнан астам адамның еңбекақысы 50 пайыздан 100 пайызға дейін артты». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33877
Aqorda » публикация №33877

Aqorda ·

⚡️Касым-Жомарт Токаев: «В нынешних условиях нам необходимо сосредоточиться на развитии научной сферы и системы высшего образования, чтобы и дальше укреплять технологический суверенитет страны. Мы уделяем особое внимание модернизации отечественных университетов и активно открываем филиалы ведущих зарубежных вузов. Принятый вами новый Закон «О науке и технологической политике» уже повлиял на заметное улучшение научной инфраструктуры и открыл новые возможности для молодых ученых. В целом, перед нами стоит важная задача – максимально повысить уровень науки и ее эффективность. Разумеется, база интеллектуального потенциала нации закладывается на уровне среднего образования. За последние три года в стране возведены 584 современные школы, из которых каждая третья построена в инновационном формате «Келешек мектептері». В текущем году будут введены в строй еще 84 школы, причем более половины из них – в сельской местности». t.me/aqorda_resmi.


Aqorda » публикация №33876
Aqorda » публикация №33876

Aqorda ·

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз қазір білім экономикасы үстемдік құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Осындай кезеңде технологиялық дербестігімізді күшейте түсу үшін ғылым саласын және жоғарғы мектеп жүйесін дамытуға баса назар аударуымыз қажет. Соған сәйкес біз еліміздегі университеттерді жаңғырту жұмысын қолға алдық. Бұдан бөлек, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Өздеріңіз мақұлдап, қабылдаған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң ғылыми инфрақұрылымды жақсартып, жас ғалымдарға мол мүмкіндіктер беруге зор ықпал етуде. Жалпы, алдымызда ғылым деңгейін, оның тиімділігін барынша көтеруге қатысты маңызды мақсат тұр. Әрине, кез келген ұлттың зияткерлік әлеуеті сол елдегі орта білімнің деңгейімен өлшенетіні ақиқат. Соңғы үш жылда республика бойынша 584 заманауи мектеп салынды. Әрбір үшінші мектеп инновациялық үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерді. Биыл тағы 84 мектеп ашылады. Оның жартысынан көбі ауылдық жерлерде салынып жатқанын атап өту қажет». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33875
Aqorda » публикация №33875

Aqorda ·

⚡️Президент: «Благодаря специальной конституционной норме мы первыми в регионе трансформировали природные богатства в реальный стартовый капитал граждан. Программа «Нацфонд – детям» доказала свою высокую эффективность: за три года 2,3 миллиарда долларов поступили на счета шести с половиной миллионов наших юных граждан. Логическим продолжением этой системной заботы стали накопительная система «Келешек» и комплексная поддержка одаренных детей – победителей международных олимпиад. Именно так мы понимаем инвестиции в будущее. И какая страна в нашем окружении – то есть на Евразийском континенте – выделяет столь значительные средства на социальные нужды? Ответ, по-видимому, очевиден». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33874
Aqorda » публикация №33874

Aqorda ·

⚡️Президент: «Біз арнайы конституциялық нормаға сүйене отырып, табиғи байлықты азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекіттік. Қазақстан – осындай бірегей бастаманы іске асырған аймақтағы алғашқы мемлекет. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Бұл жобаның тиімділігі жоғары: үш жылдың ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды. Сондай-ақ біз қамқорлық шараларының нақты жалғасы ретінде «Келешек» жинақтау жүйесін іске қостық. Дарынды балаларға, соның ішінде халықаралық олимпиада жеңімпаздарына жүйелі түрде қолдау көрсете бастадық. Болашаққа инвестиция салу дегеніміз де – осы. Ал, айналамызда, яғни Еуразия құрлығында қай мемлекет әлеуметтік мақсаттарға осыншама қомақты қаражатты бөліп беріп жатыр? Жауап белгілі сияқты». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33873
Aqorda » публикация №33873

Aqorda ·

⚡️Глава государства: «Пятое. Развитие человеческого капитала Как уже не раз мной подчеркивалось: ни сырьевые ресурсы, ни численность населения сами по себе не гарантируют успеха государства в XXI веке. Единственный капитал, абсолютно не подверженный инфляции, – это качество человеческого потенциала. Именно поэтому мы рассматриваем социальную сферу как стратегическое направление. Сегодня государство выделяет значительные средства на все ключевые направления, нацеленные на всестороннее развитие граждан. Особое внимание уделяется развитию науки и образования, культуры и здравоохранения, спорта и системы социальной поддержки. Только в текущем году на эти ключевые направления планируется выделить свыше 19 триллионов тенге, что составляет более половины всего государственного бюджета. Казахстан остается одним из немногих государств мира, проводящих столь глубокую, последовательную и масштабную социальную политику. Важно отметить весомую роль Парламента в продвижении социально значимых инициатив и утверждении принципов справедливости в обществе. Однако подлинная справедливость – это не уравнительное распределение общественных благ. Это скрупулезно сбалансированная и предельно эффективная система по созданию равных возможностей для каждого гражданина. Фундаментом такого подхода является равенство всех перед законом. Ярким примером торжества этого принципа стало принятие вами Закона «О возврате государству незаконно приобретенных активов», который позволил вернуть в страну более триллиона тенге. Свыше половины этих средств уже работают на благо народа: на них возведено 450 важнейших социальных и коммунальных объектов». t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33872
Aqorda » публикация №33872

Aqorda ·

⚡️Президент: «Бесінші мәселе. Бұл – адам капиталын дамыту. ХХІ ғасырда шикізатқа немесе халық санына ғана сеніп отыра беруге болмайды. Мұндай ұстаным кез келген мемлекетті жарға жығады. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін. Қазір де қайталаймын: инфляцияға тәуелді емес бір ғана капитал бар: бұл – адам әлеуетінің сапасы. Сондықтан біз әлеуметтік салаға бірден-бір стратегиялық бағыт ретінде қараймыз. Бүгінде мемлекет азаматтарды жан-жақты дамытуды көздейтін негізгі салалардың барлығына қомақты қаражат бөліп отыр. Соның ішінде ғылым мен білім, мәдениет пен денсаулық, спорт және әлеуметтік қолдау саласын ерекше атап өткен жөн. Биылдың өзінде осы стратегиялық мақсатқа 19 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл – мемлекет бюджетінің жартысынан көбі деген сөз. Расында, Қазақстан – әлеуметтік салаға айрықша мән беріп, жүйелі әрі байыпты саясат жүргізіп келе жатқан әлемдегі аз ғана мемлекеттің бірі. Осы орайда, Парламенттің әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және қоғамда әділдік қағидатын орнықтыруға ерекше үлес қосқанын атап өткен жөн. Бірақ біз мына нәрсені дұрыс түсінуіміз керек: шынайы әділеттілік дегеніміз ел игілігін бәріне бірдей бөліп бере салу емес. Нағыз әділеттілік – әрбір азаматқа тең мүмкіндік беретін тиімді әрі мұқият ойластырылған жүйе құру деген сөз. Ең бастысы, барлығы заң алдында тең болуға тиіс. Бұл – Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты. Парламенттің «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды қабылдауы – осы қағидаттың нақты көрінісі. Аталған Заң аясында елге триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қазірдің өзінде осы қаржының жартысынан көбі халық игілігіне жұмсалды. Соның есебінен 450 аса маңызды әлеуметтік және коммуналдық нысан салынды». t.me/aqorda_resmi