Life News Новостной агрегатор

Telegram-канал Сената Парламента РК — страница 2

Источник: Telegram-канал Сената Парламента РК · сбросить

Архив материалов источника Telegram-канал Сената Парламента РК, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.




Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15390

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге қатысты заңды екінші оқылымда қарады. Құжаттарға түзетулер енгізіліп, олар жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылды. Депутаттар сонымен қатар психологиялық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару, кедендік реттеу, қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, әлеуметтік саясат, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты заңдарды мақұлдады. Сенат отырысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестікке қатысты халықаралық келісімдер де ратификацияланды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15389

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📂Құрметті оқырман, Сенат отырысының құжаттарын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеп алуға болады 📂Уважаемые подписчики, документы заседания Сената вы можете скачать по этой ссылке @senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15388

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔴Қайырлы таң, құрметті оқырман! Бүгін сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы өтеді, еске саламыз. Шараны төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирден көре аласыздар. Көрсетілген уақытқа жақын қосылыңыздар. 🔴Доброе утро, уважаемые подписчики! Напоминаем, что очередное заседание Сената пройдет сегодня в 10:00. Вы можете посмотреть трансляцию мероприятия в прямом эфире по ссылке, приведённой ниже. Подключайтесь ближе к указанному времени. @senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15387

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Быть готовым к переменам, постоянно развиваться, искать новые возможности и оставаться верным своим принципам. Эти четыре правила Маулен Ашимбаев назвал ключевыми ориентирами для молодых профессионалов в условиях стремительно меняющегося мира. По его словам, сегодня особенно важно рассчитывать на собственные знания, опыт и профессиональные компетенции. Именно они помогают сохранять устойчивость в условиях глобальной неопределенности и находить новые возможности для роста и развития. Спикер Сената также подчеркнул, что главным принципом для каждого гражданина остается служение своей стране и вклад в развитие Казахстана. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15386

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

В Астане состоялась презентация книги о реформах Главы государства «Логика реформ. Семь глав казахстанской истории будущего». Автором издания выступил Спикер Сената Парламента. Как отметил Маулен Ашимбаев, книга посвящена осмыслению масштабных преобразований, реализуемых в Казахстане по инициативе Президента страны Касым-Жомарта Токаева. Это не просто анализ реформ, а приглашение к размышлению о путях развития страны, философии перемен и роли каждого гражданина в построении Справедливого Казахстана. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15382

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат депутаты Евгений Больгерт Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясына қатысып, Ассамблея басшылығымен, саяси фракциялар және ұлттық делегациялар жетекшілерімен кездесті. ЕКПА Президенті Петра Байрмен, сондай-ақ ЕКПА Саяси топтарының төрағалары Жолт Немет, Пабло Испан, Джулиан Булай, Франк Швабе және Германия ұлттық делегациясының жетекшісі Кнут Аврааммен кездесулер барысында Қазақстан мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық, еліміздегі саяси реформалар және алдағы Құрылтай сайлауы талқыланды. Сондай-ақ Евгений Больгерт Құрылтай сайлауын байқауға қатысуды жоспарлаған ЕКПА депутаттарымен кездесіп, еліміздің қоғамдық-саяси дамуы туралы пікір алмасты. Бұдан бөлек, ол ЕКПА-ның Құқықтық мәселелер және адам құқықтары жөніндегі комитетінің отырысында сөз сөйледі. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15381

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔴Уважаемые представители СМИ, завтра, 25 июня в 10:00 часов пройдет заседание Сената. В повестку дня предложен следующий вопрос: 1. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам экологии и совершенствования отдельных отраслей экономики (второе чтение); 2. О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о статусе формирований сил и средств системы коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности от 10 декабря 2010 года; 3. О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о сотрудничестве государств – членов Организации Договора о коллективной безопасности в области перевозок воинских и других формирований, их движимого имущества, а также продукции военного назначения от 15 сентября 2015 года; 4. О ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны; 5. О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов; 6. О психологической деятельности; 7. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственного управления и местного самоуправления (первое чтение); 8. О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О таможенном регулировании в Республике Казахстан» (первое чтение); 9. О кредитной рейтинговой деятельности; 10. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования и цифровизации финансового рынка, банкротства, а также оценки государственных органов (первое чтение); 11. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования социального законодательства (первое чтение); 12. Об обращении с радиоактивными отходами; 13. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обращения с радиоактивными отходами, энергетики и развития атомной отрасли (первое чтение); 14. О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» по вопросам обращения с радиоактивными отходами и совершенствования регулирования операций по недропользованию (первое чтение); Для представителей СМИ запланирован брифинг. Смотрите прямую трансляцию 🌐 на официальном сайте senate.parlam.kz 📺на телеканале «24kz» 🖤на YouTube канале. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15380

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 25 маусымда сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді. Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді: 1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (екінші оқылым); 2. 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; 3. 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; 4. Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы; 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы; 6. Психологиялық қызмет туралы; 7. Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 8. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 9. Кредиттік рейтингтік қызмет туралы; 10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы(бірінші оқылым); 11. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 12. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы; 13. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 14. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым). БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз. Отырысты 🌐senate.parlam.kz ресми сайтында 📺«24kz» телеарнасында 🖤YouTube арнасында көре аласыздар. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15370

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы мен «Талдау мектебінің» бесінші легі әзірлеген «SMART GOVERNANCE: тиімді басқаруға қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша талдау баяндамалары жинағының тұсаукесері өтті. 🙂Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, деректерге негізделген басқару мен бүгінгі қоғамдағы сапалы талдау жасаудың рөлін атап өтті. Жаңа кітапта еліміздегі жаңғыру үдерістерінің негізгі бағыттары қамтылса, талдамалық жинақта урбанистика, экология, білім, энергетика, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару салалары бойынша зерттеулер топтастырылған. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15363

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында нотариаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты заң қаралды. Құжат нотариат саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Заңда нотариаттық цифрлық архив құру, атқарушылық жазбаларды автоматты бөлу жүйесін енгізу, нотариустардың жауапкершілігін күшейту және мемлекет кепілдік берген заң көмегінің аясын кеңейту көзделген. Сондай-ақ азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну кезіндегі құқықтық қорғалуын күшейтуге арналған нормалар енгізіледі. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15357

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті. Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және сараптамалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. Жақып Асанов цифрлық технологиялардың дамуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ тараптар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіру, азаматтық қоғаммен өзара байланыс және бірлескен сараптамалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15349

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында әлеуметтік заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң қаралды. Құжат көші-қон саясатын дамыту, инклюзивті мәдениетті қолдау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және техникалық-кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін қамтиды. Заңда еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін дамыту және кадр даярлау сапасын күшейту көзделген. Депутаттар бұл өзгерістер халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15344

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кедендік реттеу мәселелеріне қатысты заң қаралды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес әзірленген және электрондық сауда арқылы сатып алынатын тауарларды реттеуге бағытталған. Заңда «электрондық сауда операторы» ұғымын енгізу, электрондық сауда декларациясын қолдану және шетелдік интернет-платформалар арқылы жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді жетілдіру көзделген. Бұл өзгерістер кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15337

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қырғызстанда өткен мерейтойлық Ыстықкөл халықаралық форумына қатысты. Сенатор форум қатысушыларына Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын жеткізіп, мәдениетаралық диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол Шыңғыс Айтматов шығармашылығының халықтар арасындағы рухани байланысты дамытудағы ерекше рөліне тоқталды. Форум аясында Чолпон-Ата қаласындағы Мұхтар Әуезовтің үй-мұражайында қоғам қайраткері әрі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің бюстін ашу рәсімі өтті. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15327

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Астанада Сенат пен Ұлттық Банктің бірлесіп ұйымдастырған ақша-несие саясаты жөніндегі төрт апталық білім беру курсы аяқталды. Биыл жобаға 80 тыңдаушы қатысып, базалық мөлшерлеме, инфляцияны таргеттеу, валюта тәуекелдері және макроэкономикалық саясаттың негізгі тетіктері бойынша білімін жетілдірді. Бағдарлама теориялық дәрістермен қатар практикалық талқылаулар мен кейстерді де қамтыды. Жоба Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сараптамалық қауымдастықтың талдау әлеуетін арттыру және кәсіби диалогты дамыту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15318

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ҰҚШҰ аясындағы ұжымдық қауіпсіздік тетіктерін жетілдіруге және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты заңдар қаралды. Депутаттар ҰҚШҰ күштері мен құралымдарының мәртебесіне, әскери тасымалдарды ұйымдастыруға қатысты хаттамаларды, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктері мен елшілер резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімді талқылады. Қаралған құжаттар қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15308

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында 25 маусымда өтетін Палата отырысының күн тәртібі бекітілді. Сенаторлар алдағы отырыста экология, психологиялық қызмет, мемлекеттік басқару, қаржы нарығын жетілдіру, әлеуметтік заңнама және кедендік реттеу мәселелеріне қатысты заңдарды қарайды. Сонымен қатар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау жоспарланған. Сондай-ақ күн тәртібіне депутаттар бастамашылық еткен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамытуға қатысты заңдар енгізілді. Құжаттар радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және осы саладағы құқықтық реттеуді күшейтуге бағытталған. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15298

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева 20 июня 2023 года была образована Парламентская комиссия по мониторингу реализации национальных целей и задач в области устойчивого развития. Возглавил Комиссию Спикер Сената Маулен Ашимбаев. За три года работы Комиссия стала важной площадкой для парламентского контроля, межведомственного взаимодействия и продвижения повестки устойчивого развития в Казахстане. В карусели - ключевые результаты деятельности Комиссии за этот период. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15297

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔍Соцобъекты дорожают. Новую экспертизу для проверки стоимости предлагают сенаторы. Почему в Правительстве против? 💰Ошибки бюджета? Экономика растет, а доходы населения – не так активно. Что выявила Высшая аудиторская палата? 🎓 Будущее за молодежью! Выпускники вузов получают дипломы. 🎬Подробнее в программе “Время Сената” 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15296

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💰2025 жылғы республикалық бюджет қалай атқарылды? Сенат отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралды. 🎓 Елордада NU университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Сенат Төрағасы арнайы қатысты. 👩‍🍳Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі қандай? Палата депутаттары осы мәселеге назар аударды. 🎬Толығырақ Сенат сөзінде 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15285

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Алматыда өткен «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қорытынды дәрісіне қатысты. Жақып Асанов жобаның еліміздің сараптамалық-талдау әлеуетін дамытудағы маңызына тоқталып, деректерге негізделген шешім қабылдау мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ вице-спикер қатысушылармен жобалық басқару және көшбасшылық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қауымдастық қалыптастырудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, жоба түлектері алған білімдері мен дағдыларын елдің дамуына бағытталған тиімді бастамаларды іске асыруға пайдалана алады. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15284

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы мен қызметкерлеріне жобалық басқару, көшбасшылық және өзгерістерді тиімді іске асыру тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында сенатор ірі жобаларды басқару тәжірибесімен бөлісіп, нәтижеге бағытталған жұмыстың, жауапкершіліктің және тиімді командалық өзара іс-қимылдың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жобалық басқарудың күрделі міндеттерді шешудегі және мансаптық өсудегі рөліне назар аударды. Сонымен қатар дәрісте жасанды интеллект технологияларын пайдалану, ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру және заманауи басқару құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15274

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай «Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл: естелік, жауапкершілік, болашақ» тақырыбы бойынша Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Іс-шара барысында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, радиациялық әсердің ұзақ мерзімді салдарын зерттеу, медициналық бақылауды күшейту және бұрынғы полигон аумақтарын экологиялық оңалту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық бастамаларын және ядролық сынақ құрбандарына қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағыттарын қарастырды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15273

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Польша Республикасы Парламенті Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға да назар аударылды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15267

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде Сергей Карплюктің төрағалығымен кредиттік рейтингтік қызмет пен қаржы нарығын жетілдіруге қатысты заңдар қаралды. Комитет отырысында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін құқықтық реттеу, олардың тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық рейтинг нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қаржы нарығын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, киберқауіпсіздікті күшейту, төлем қызметтерін дамыту және банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған түзетулер қаралды. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15259

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Польша Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа Конституцияның негізгі бағыттарына назар аударылды. Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Польша арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Малгожата Кидава-Блоньская екі ел арасындағы ынтымақтастықты және парламентаралық диалогты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15258

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🙂В ходе заседания Палаты Спикер Сената Маулен Ашимбаев заявил, что важно определиться по перспективам развития квазигоссектора, государственных и нацкомпаний. Напомнив об Указе Президента Касым-Жомарта Токаева о либерализации экономики, а также падении темпов приватизации, он призвал концептуально определить перспективы госсектора, чтобы перестать раздувать его бюджетное финансирование в ущерб эффективности всей экономики. 🚀@senate_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15257

Telegram-канал Сената Парламента РК · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Поддержка бизнесу должна оказываться объективно, а процедура проводиться систематизировано, заявил на заседании Сената Спикер Палаты. 🙂Маулен Ашимбаев подчеркнул, что сегодня большое количество институтов и структур занимаются поддержкой бизнеса, однако этот переизбыток субъектов ведет к дублированию функций, увеличению административных расходов и неэффективности финального результата. 🚀@senate_kz


Архив Telegram-канал Сената Парламента РК — страница 2

Это 2-я страница архива публикаций источника Telegram-канал Сената Парламента РК. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.