Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15380
🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 25 маусымда сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді. Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді: 1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (екінші оқылым); 2. 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; 3. 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; 4. Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы; 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы; 6. Психологиялық қызмет туралы; 7. Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 8. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 9. Кредиттік рейтингтік қызмет туралы; 10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы(бірінші оқылым); 11. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 12. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы; 13. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым); 14. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым). БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз. Отырысты 🌐senate.parlam.kz ресми сайтында 📺«24kz» телеарнасында 🖤YouTube арнасында көре аласыздар. 🚀@senate_kz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























