ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6763
Жоғарғы Сотта судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, судьялар корпусы мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. ◾️ Іс-шараны аша отырып, ол сот жүйесі үшін биылғы жылдың ерекше маңызын атап өтті. 1 шілдеден бастап Конституцияның жаңа редакциясы күшіне енеді, ол азаматтардың негізгі құқықтарымен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтеді, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің негізгі институттарының бірі ретінде сот билігінің тәуелсіздігін нығайтады. ◾️ Конституцияда сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретінде әкімшілік әділетті бекіту туралы айта келе, А.Мерғалиев Мемлекет басшысының әкімшілік соттардың қызметіне жоғары баға бергенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік органдармен дау-дамайда адал азаматтардың пайдасына жасалған шешімдер әділдік пен заңдылық қағидаттарын нақты қамтамасыз етуді айғақтайды. ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы сот жүйесіндегі ауқымды өзгерістерге ерекше назар аударды. Олардың ішінде: сот ісін жүргізудің жаңа сатылық моделін енгізу және қазірдің өзінде талап етілетінін көрсететін және азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға ықпал ететін кассациялық сатының құрылуы бар. ◾️ Соттардың цифрлық трансформациясының динамикасы бөлек атап өтілді. Бүгінгі таңда сот жүйесі электрондық істерді, аумақтан тыс соттылықты, жекелеген процестерді роботтандыруды және сот практикасын талдаудың интеллектуалды құралдарын белсенді қолданады. Азаматтар мен бизнестің соттармен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді ететін IT-сервистерді дамыту жалғасуда. ◾️ Реформалардың нәтижелілігі объективті деректермен расталады: Ұлттық статистика бюросының тәуелсіз сауалнамасына сәйкес, халықтың сот органдарына деген сенім деңгейі тұрақты өсуде және бұрынғы 55%-ға қарағанда 63,2% -ға жетті. Сот жүйесіндегі қол жеткізген жетістіктер мен өзгерістер – еліміздің барлық өңірлерінде қызмет атқарып жүрген судьялардың, сондай-ақ ардагер судьялардың кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады», – деп атап өтті А.Мерғалиев. ◾️ Әріптестеріне арнаған сөзінде ол сот жүйесінің алдында тұрған құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді табысты шеше алатынына сенім білдіріп, одан әрі кәсіби өсуді, қағидаттылық пен заңға адалдықты тіледі. ◾️ Осы күні Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ведомство қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың соттардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға қосқан үлесін атап өтті. ◾️ Салтанатты іс-шара кәсіби жетістіктері мен көп жылдық адал еңбегі лайықты танылған судьялармен сот жүйесінің қызметкерлеріне ведомстволық наградалар тапсыру рәсімімен аяқталды.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























