ҚТЖ PRESS » публикация №13420
📍 Брюссель, Бельгия 📅 2026 жылғы 22 маусым Брюссель қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға арналған халықаралық бизнес-конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында ұйымдастырылып, оған Еуропаның мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының және DHL, Maersk, ЕҚДБ сияқты жетекші логистикалық компаниялардың 100-ден астам өкілі қатысты. Конференция 2026 жылғы Орта дәліздің даму перспективаларын және Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайту мәселелерін талқылауға арналған негізгі алаңдардың біріне айналды. Іс-шара аясында бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның Көлік министрлігі мен SITA әуежайларды цифрландыру және биометриялық технологияларды енгізу туралы келісімге келді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе – Ұлғайсын автожолы жобасы бойынша ЕҚДБ-мен қарыз келісіміне қол қойды. KTZ Express румындық Мидия портындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Midia Marine Terminal компаниясымен келісімге қол қойып, сондай-ақ Maersk компаниясымен контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған делегация жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Конференция қорытындысы Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын және еуропалық серіктестердің Орта дәлізді дамытуға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетті.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























