Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы мен «Талдау мектебінің» бесінші легі әзірлеген «SMART GOVERNANCE: тиімді басқаруға қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша талдау баяндамалары жинағының тұсаукесері өтті. 🙂Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, деректерге негізделген басқару мен бүгінгі қоғамдағы сапалы талдау жасаудың рөлін атап өтті. Жаңа кітапта еліміздегі жаңғыру үдерістерінің негізгі бағыттары қамтылса, талдамалық жинақта урбанистика, экология, білім, энергетика, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару салалары бойынша зерттеулер топтастырылған. 🚀@senate_kz
🇰🇿 «Айбын-2026» жиынындағы жас патриоттар жарысы қыза түсті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің «Амандық» полигонында өтіп жатқан XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жарыстар қыза түсті. 🇰🇿 Юные патриоты продолжают борьбу за лидерство на сборе «Айбын-2026» Соревнования в рамках XII Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2026» на полигоне «Амандык» Военного колледжа имени Шокана Уалиханова Министерства обороны РК набирают обороты. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🔹 Ақмола облысында қызмет бабында қаза тапқан сақшыларға арналған ескерткіш тақта ашылды Сандықтау ауданының Балкашино ауылында қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға полиция ардагерлері, департамент басшылығы, полиция қызметкерлері, сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің туыстары мен жақындары қатысты. ⛔️ Видеоматериал *** 🔹 В Акмолинской области открыли памятник стражам порядка, погибшим при исполнении служебного долга В селе Балкашино Сандыктауского района открыли памятник сотрудникам органов внутренних дел, погибшим при исполнении служебных обязанностей. На открытие памятника собрались ветераны полиции, руководство департамента, действующие сотрудники, а также родные и близкие погибших коллег. 📱 POLISIA.KZ
🚔 Абай облысында жол ережелерін өрескел бұзған той кортежіне қатысушылар жауапқа тартылды Ақсуат ауылының Қабанбай көшесінде той кортежіне қатысқан бірнеше жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған. Олардың әрекеті жолдағы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес азамат жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға қатысты маневр жасау тәртібін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау бойынша барлығы 19 хаттама рәсімделді. Сондай-ақ, олардың көліктері арнайы айыптұраққа қойылды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚔 Участников свадебного кортежа привлекли к ответственности в области Абай На улице Кабанбай в селе Аксуат Аксуатского района водители нескольких автомобилей в составе свадебного кортежа демонстративно игнорировали требования ПДД, выполняли опасные маневры и создавали угрозу безопасности других участников дорожного движения. Сотрудники полиции установили всех участников инцидента. По результатам разбирательства к ответственности привлечены 5 водителей автомобилей Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota и Lada Priora. Всего в отношении нарушителей составлено 19 административных материалов за нарушение правил маневрирования, управление транспортным средством без использования ремня безопасности, создание аварийной обстановки и нарушение правил эксплуатации транспортных средств. Кроме того, автомобили нарушителей водворены на специализированную стоянку. Любые действия, создающие угрозу безопасности на дороге, будут получать принципиальную правовую оценку независимо от повода и статуса участников. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🗣Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады ▶️2026 жылғы 25-30 маусым аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының «Турист» санатындағы вагондарына жол жүру билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады. ▶️Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына қолданылады. ▶️Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі. ▶️Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады. ▶️Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады. ➖➖➖ 🗣Нацперевозчик запускает летнюю скидку 20% на популярные туристические маршруты ▶️С 25 по 30 июня 2026 года АО «Пассажирские перевозки» предоставляет скидку 20% на билеты в вагоны категории «Турист» поездов Talgo № 207/208 и № 211/212 сообщением «Алматы – Достык». ▶️Специальное предложение распространяется как на нижние, так и на верхние места. ▶️Маршрут проходит через живописные регионы Жетысу и является одним из востребованных направлений для путешествий к побережью озера Алаколь в летний сезон. ▶️Приобрести билеты по скидочной цене можно на официальном сайте bilet.railways.kz и в билетных кассах АО «Пассажирские перевозки», а также через мобильные сервисы продажи билетов. ▶️Дополнительную информацию пассажиры могут получить по бесплатному номеру 1433.
Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысындағы энергетикалық және инфрақұрылымдық бірқатар нысанның жұмысымен танысты 📌ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор стратегиялық және өндірістік бірқатар нысанды аралап, жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ең алдымен, Премьер-министрінің бірінші орынбасары еліміздегі ең ірі стратегиялық кен орындарының бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнына барды. Жоба операторы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы халықаралық консорциум аясында жұмыс істеп жатыр. Өз кезегінде Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ саласының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталып, оның өнеркәсіптік өсудің негізгі драйверлерінің бірі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Ол компания жұмысын жоғары бағалап, ҚПО ұжымына Қарашығанақ кен орнын игеруде табыс тіледі. Бұдан бөлек, Премьер-министрінің бірінші орынбасары өңірге жұмыс сапары аясында «Жайықжылуқуат» кәсіпорнында болды. «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен кешенді іс-шаралар жоспары таныстырылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары 95%-ға орындалды. Өңірге жұмыс сапары аясында Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын қадағалады. ➖ Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой энергетических и инфраструктурных объектов Западно-Казахстанской области 📌 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в рамках рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область посетил стратегические и производственные объекты, а также ознакомился с ходом реализации ключевых инфраструктурных проектов региона. В первую очередь вице-премьер прибыл на Карачаганакское нефтегазоконденсатное месторождение — один из крупнейших стратегических объектов страны. Оператор проекта, компания Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО), осуществляет деятельность в рамках международного консорциума. Нурлыбек Налибаев подчеркнул стратегическую важность нефтегазовой отрасли для экономики страны, особо отметив её роль как одного из ключевых драйверов промышленного роста. Кроме того, первый заместитель Премьер-министра посетил предприятие «Жайыктеплоэнерго», где ему презентовали результаты выполненных работ и комплексный план мероприятий в рамках национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Также Нурлыбек Налибаев посетил строительную площадку железнодорожного вокзала Уральска и проконтролировал ход работ. Модернизация объекта, проводимая в соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию железнодорожной инфраструктуры, завершена на 95%. 📱@KZgovernment
✔️ Мемлекет басшысы: «Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді. Сондықтан Horizon Europe келесі негіздемелік бағдарламасының қауымдастырылған мүшелігіне өту үшін өтініш бердік» @ptrkkz
📊 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экономикасы орнықтылық көрсетіп, жедел дамып келеді. Былтыр ел экономикасының өсімі 6,5 пайызға жетті. Бұл – Халықаралық валюта қоры болжаған жаһандық өсім қарқынынан екі есе жоғары» @ptrkkz
🈂️ «Таза қала» жобасы Жамбыл облысына ат басын тіреді Көне Тараздың ізі, Айша бибінің аңызы және «Тектұрмас» төбесінен ашылатын көрініс – бір шығарылымда. ▫️Тарих пен туризм тоғысқан мекендер ▫️Тазалық пен абаттандыру деңгейі ▫️Жамбыл өңірінің ерекше атмосферасы 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz
🔹 ІІМ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына бақылауды күшейтті Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 МВД усиливает контроль за оборотом наркотиков и сильнодействующих веществ Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
👮♀️ Түркістанда туристік полиция шетелдік қонақтарға 5 тілде қызмет көрсетеді Тарихы терең қалада туристік полиция қызметкерлері күн сайын шетелдік қонақтарға бес тілде қызмет көрсетіп, өңірдегі қауіпсіз туризмді қамтамасыз етуге үлес қосуда. Қазіргі таңда киелі шаһарда қызмет атқарып жүрген полицейлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, "Керуен сарай" туристік кешені және Президент саябағы аумағында таңғы сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін екі ауысыммен қоғамдық тәртіпті бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алады. Тәртіп сақшылары қазақ, ағылшын, қытай, өзбек және орыс тілдерінде еркін сөйлеп, отандық және шетелдік туристерге қажетті көмек көрсетеді. Туристік полиция қызметкерлері әрбір азаматпен сыпайы әрі кәсіби қарым-қатынас орнатуды басты қағидат ретінде ұстанады. Сондай-ақ ата-анасынан адасып қалған балаларды жақындарына табыстауға, жоғалған құжаттар мен бағалы заттарды иелеріне қайтаруға, шетелдік қонақтарға Қазақстан Республикасының заң талаптарын түсіндіруге атсалысады. Солардың бірі – Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының туристік полиция инспекторы Әсел Кембаева. Ол туристік нысандарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, келушілерге бағыт-бағдар береді, құқықтық кеңес ұсынады және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 👮♀️ Туристическая полиция оказывает помощь иностранным гостям на 5 языках в Туркестане Сотрудники туристической полиции ежедневно обеспечивают безопасность туристов и оказывают помощь иностранным гостям на пяти языках, способствуя развитию безопасного туризма в регионе. В настоящее время в сакральном городе несут службу 25 инспекторов туристической полиции, которые следят за общественным порядком и предотвращают правонарушения в районе мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави, туристического комплекса "Керуен сарай" и Президентского парка в две смены — с 08:00 до 24:00. Стражи порядка свободно владеют казахским, русским, английским, узбекским и китайским языками, а также оказывают необходимую помощь как отечественным, так и зарубежным туристам. В своей работе сотрудники полиции руководствуются принципами вежливости, открытости и профессионализма. Кроме того, туристические полицейские помогают родителям находить потерявшихся детей во время прогулок, содействуют возврату утерянных документов и ценных вещей, а также разъясняют иностранным гражданам нормы законодательства Республики Казахстан. Одна из таких — инспектор туристической полиции батальона патрульной полиции управления полиции города Туркестан Асель Кембаева. Она не только следит за соблюдением общественного порядка на туристических объектах, но и помогает гостям города, оказывает правовые консультации и проводит профилактические беседы по вопросам безопасности дорожного движения. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
⚡️ Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталды: 20 келіге жуық марихуана тәркіленді Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Задержание подозреваемых в незаконном обороте наркотиков в Мангистау: изъято около 20 кг марихуаны Информация на сайте #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жұмысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа…
Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жұмысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа чемпиондарының 17-ші жыл сайынғы кездесуінің ашылу салтанатына қатысып, Моңғолия Премьер-министрімен, Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті және бас директорымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Форум жұмысына Үкімет басшылары, ірі компаниялар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Күн тәртібі технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру, ЖИ және экономикалық өсудің жаңа драйверлерін іздеу мәселелерін қамтиды. Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың биыл сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ екі ел басшылары қойған өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін жеткізу міндетін жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Ням-Осорын Учрал өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрі Тарик Рахманмен кездесу барысында сауда және инвестиция, көлік-логистика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Премьер-министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан және мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге, Әділетті Қазақстан құруға бағытталған реформалар еліміздің орнықты экономикалық өсуіне, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қажетті жағдай жасап отырғанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-бангладеш ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік және экономиканың басым салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық расталды. World Economic Forum президенті және бас директоры Алоис Цвингимен келіссөздер барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форуммен жүйелі сараптамалық әріптестікке көшуге мүдделілігі айтылды. Сондай-ақ «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы ынтымақтастыққа қызығушылық танылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда инвестициялық ахуалды жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кең ауқымы қолжетімді. Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, салықтық және кедендік преференциялар қолданылады. Жобаларды сүйемелдеу «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады. 📱@KZgovernment
Поздравление Руководителя Судебной администрации Наиля Ахметзакирова с «Днем судьи и работника суда» Уважаемые судьи и работники судов! Примите искренние поздравления с профессиональным праздником! Развитие и укрепление судебной системы во многом обеспечиваются вашим ежедневным добросовестным трудом и ответственным отношением к делу. Ваша принципиальность и высокая квалификация способствуют формированию в обществе устойчивого доверия к судебной власти и утверждению верховенства права. Сегодня в судебной системе активно внедряются цифровые технологии и инновационные решения. Это требует от работников судов глубоких знаний законодательства и высокой компетентности в использовании современных инструментов. Вы достойно справляетесь с этими задачами, обеспечивая эффективность и доступность правосудия. Уверен, что вы и впредь будете последовательно вносить значимый вклад в повышении авторитета суда. Желаю вам успехов в реализации новых проектов и во всех начинаниях на благо развития Республики Казахстан!
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировтің «Судья және сот қызметкері күнімен» құттықтауы Құрметті судьялар мен сот қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сот жүйесінің дамуы мен нығаюы сіздердің күнделікті адал еңбектеріңіз бен іске деген жауапты көзқарастарыңыздың арқасында қамтамасыз етіледі. Сіздердің берік ұстанымдарыңыз бен жоғары біліктіліктеріңіз қоғамда сот билігіне деген тұрақты сенімнің қалыптасуына және заң үстемдігінің орнығуына ықпал етеді. Бүгінде сот жүйесінде цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Бұл сот қызметкерлерінен заңнаманы терең білуді және заманауи құралдарды қолдануда жоғары құзыреттілікті талап етеді. Сіздер бұл міндеттерді абыроймен атқарып, сот төрелігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп келесіздер. Алдағы уақытта да соттың беделін арттыруға елеулі үлес қоса бересіздер деп сенемін. Сіздерге жаңа жобаларды жүзеге асыруда және Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!
Поздравление Председателя Верховного Суда Республики Казахстан Асламбека Мергалиева с «Днем судьи и работника суда» Уважаемые коллеги! Сердечно поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем судьи и работника суда! Судебная система является неотъемлемой основой правового государства, важнейшим институтом обеспечения законности, защиты прав и свобод граждан. От вашего профессионализма, объективности и приверженности высоким нравственным принципам во многом зависит уровень доверия общества к суду. В настоящее время в стране последовательно реализуются меры, направленные на укрепление независимости судебной системы и повышение качества отправления правосудия. Особое внимание уделяется внедрению современных цифровых решений и инновационных подходов, способствующих повышению эффективности и доступности судебной защиты. Уважаемые ветераны, судьи и сотрудники судов! Выражаю вам искреннюю признательность за добросовестный труд, высокий профессионализм и значимый вклад в развитие судебной системы. Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и новых достижений на благо правосудия.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің «Судья және сот қызметкері күнімен» құттықтауы Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья және сот қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің ажырамас негізі, заңдылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды институты. Қоғамның сотқа деген сенімі сіздердің кәсібиліктеріңізге, әділдіктеріңізге және жоғары адамгершілік қағидаттарының берік ұстанымдарына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта елімізде сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, сот қорғауының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін заманауи цифрлық шешімдер мен инновациялық тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Құрметті ардагерлер, судьялар және сот қызметкерлері! Сіздерге адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және сот төрелігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!
☄️ ІІМ мен ҰҚК жалған дәрілік заттарды өндіру және тарату желісінің жолын кесті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, кейін оларды еліміздің дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметін тоқтатты. Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ☄️ МВД и КНБ пресекли контрафактное производство и сеть по распространению поддельных лекарственных препаратов Министерством внутренних дел и Комитетом национальной безопасности в городе Алматы пресечена деятельность четырех фармацевтических компаний, организовавших схему контрабандного ввоза лекарственных препаратов из сопредельных государств, включая сильнодействующие медикаменты, с последующей реализацией через аптечную сеть на территории страны. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ