UKIMET » публикация №24424
📌Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы Туризмді дамыту мәселелері қаралды 🔹 Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Олжас Бектенов туристік аймақтардың жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. 🔹 Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды. 🔹 Үкімет Almaty Superski жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жеделдетеді. 🔹 Әкімдерге туристік инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамыту тапсырылды. 🔹 Барлық жедел әрекет ету қызметтері жазғы туристік маусымда жоғары дайындық режимінде жұмыс істейтін болады. 🔹 Премьер-министр танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды. 🔹 Туризм министрлігіне туристер тарту үшін ұлттық парктер әлеуетін пайдалану тапсырылды. 🔹 Өңір әкімдері демалушыларға арналған орындар тапшылығы мәселесін шешуі қажет. *** 🔹 Премьер-министр Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. 🔸 Екіжақты кездесулер 🔹 Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады: қор сарапшылары ақша-несие саясатының жетістіктерін атап өтті . 🔹 Премьер-министр Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті. 🔹 Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесу өткізді. *** 🔹 Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысты: Үкімет Президенттің тау-кен металлургия кешені саласында терең өңделген өнім өндіруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда. 🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді. *** 🔹 Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады. 🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақмола облысындағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикалық өсім мен халықтың нақты табыстарының өзара байланысын талдау мәселесі қаралған сарапшылар кеңесінің отырысын өткізді. Сондай-ақ Торғай өңірін кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. 🔹 Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесу өткізді. 🔹 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























