ҚТЖ PRESS » публикация №13314
🗣Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі ▶️Құрық портында «Әзірбайжан-Қазақстан Теңіз Кабельдік Жүйесі» (Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System) стратегиялық жобасы шеңберінде суасты талшықты-оптикалық кабель партиясын қабылдау бойынша операция сәтті жүргізілді. ▶️Ірі және ауыр салмақты жүк үш мамандандырылған көліктен тұратын автоколоннамен жеткізілді. Портта транскаспий цифрлық инфрақұрылымын салу үшін алдағы уақытта Әзірбайжан Республикасына жөнелтілетін жабдықтарды қабылдау және өңдеу бойынша жұмыстар орындалды. ▶️Жобаны іске асыру халықаралық телекоммуникациялық дәліздерді дамытуға, Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты нығайтуға, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте деректерді беру арналарының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. ▶️Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға және Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ете отырып, ірі халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды көліктік-логистикалық қолдауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. ➖➖➖ 🗣Новый этап проекта Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System ▶️В порту Курык успешно проведена операция по приему партии подводного волоконно-оптического кабеля в рамках стратегического проекта «Азербайджано-Казахстанская Морская Кабельная Система» (Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System). ▶️Крупногабаритный и тяжеловесный груз был доставлен автоколонной из трех специализированных транспортных средств. В порту выполнены работы по приему и обработке оборудования, которое в дальнейшем будет отправлено в Азербайджанскую Республику для строительства транскаспийской цифровой инфраструктуры. ▶️Реализация проекта направлена на развитие международных телекоммуникационных коридоров, укрепление цифровой связности между Азией и Европой, а также повышение надежности и пропускной способности каналов передачи данных на евразийском пространстве. ▶️Порт Курык продолжает играть важную роль в обеспечении транспортно-логистической поддержки крупных международных инфраструктурных проектов, способствуя развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута и укреплению позиций Казахстана как ключевого транзитного узла между Востоком и Западом.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























