ҚТЖ PRESS » публикация №13312
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды «Нұрлы жол» вокзал кешені аумағында Қазақстан темір жолдарының тарихы туралы «Жібек жолынан бастап болат магистральдарға дейін» мұражайының ашылуы өтті. Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және теміржол саласының өкілдері қатысты. Ауданы 3200 шаршы метрлік мұражай төрт тақырыптық: «Түрксіб және Мұхамеджан Тынышбаев», «Локомотивтердің эволюциясы», «Кәсіптер мен инновациялар», «Қазақстан темір жолдарының тарихы» залдарын қамтиды. Экспозиция интерактивті панельдерді, мультимедиялық экрандарды, AR және VR шешімдерін және симуляторларды қоса алғанда тарихи материалдар мен заманауи цифрлық технологияларды, біріктіреді. Мұражайда түпнұсқа локомотивтер мен жылжымалы құрам үлгілері, соның ішінде CR200J жаңа буындағы жолаушылар вагоны бар. Келушілер оның интерьерімен және заманауи техникалық шешімдерімен таныса алады. Негізгі экспонаттардың қатарына ЧМЭ3 және 2ТЭМ10 сериялы маневрлік тепловоздар, ВЛ80 сериялы жүк электровозы және ТЭП70 жолаушылар тепловозы жатады, олар елдің темір жолын дамытуда маңызды рөл атқарды. Келушілер олардың құрылғысымен танысып, жеке локомотивтердің кабиналарына көтеріле алады. Мұражай қорында теміржол шамдары, сигнал беру элементтері, рельстік инфрақұрылым заттары, жұмыс құралдары, мұрағат материалдары, әртүрлі жылдардағы техникалық құрылғылар және ведомстволық наградалар сақталған 250 астам экспонат бар. Алғашқы келушілер үшін экскурсияны кәсіби экскурсоводтар, сондай-ақ Астана локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы, ҚТЖ жастар кадрлық резервінің қатысушысы Жігер Сейітов өткізді. Ол машинист симуляторы жұмысын көрсетті және локомотивті басқару принциптері туралы нақты жағдайға негіздеп айтфп берді. Мұражай аумағында мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған вагон-мейрамхана және «Нұрлы жол»вокзалының пойыздар кестесін көрсететін ақпараттық таблосы бар кофехана орналасқан. Мұражай көлік, инженерия, өнеркәсіп және заманауи технологияларға арналған уақытша көрмелерді өткізуге арналған алаң болады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























