UKIMET » публикация №24439
«Біз ондаған жылдарға есептелген инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыру заманауи есептеу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жасанды интеллект технологияларын енгізуді жеделдетуге және жаһандық технологиялық компанияларды тартуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — Қазақстанда Еуразиядағы ең ірі цифрлық кластерлердің бірін қалыптастыру», — деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан үшін заманауи деректер орталықтары мен есептеу платформаларын дамыту инвестиция тартуға, цифрлық сервистерді локализациялауға, инженерлік кадрларды даярлауға және технологиялар саласында жаңа экспортқа негізделген бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Өзінің жоғары өнімді инфрақұрылымының болуы сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, стартаптарды қолдауға, бұлтты сервистерді кеңейтуге және ел ішінде жасанды интеллект шешімдерін кеңейтуге жағдай жасайды. Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды: 🟦 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді; 🟦 «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, «ДӨО алқабы» жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды. Қол жеткізілген келісімдер «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























