Aqorda » публикация №33491
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады 🟦Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді. Қанат Бозымбаев: ➤ халықаралық таныстырылым аясында 20 іс-шара мен бірқатар кездесу өткенін айтты. 🟦Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылған. 🟦Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен жүздесуде Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған. ➤ Мемлекет басшысының жуырда Алматы облысына сапары кезінде берген тапсырмаларын ескере отырып жасалған жұмыс жоспарын баяндады. ➤ су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу туралы есеп берді. 🟦Бұдан бөлек, кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу барысы қарастырылды. 🟦Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді.Бұл – тәуелсіздік жылдарында салаға бағытталған ең қомақты сома. Қаржыландыруды отандық және халықаралық қаржы институттары қамтамасыз етеді. Аталған шаралар үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін қысқартады. Мемлекет басшысы: ❗️энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігіне назар аударды. 📌еліміздегі, әсіресе, оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін айрықша бақылауды ұстауды тапсырды. 📌Алатау қаласын дамытуға арналған орнықты модель қалыптастырудың, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндетін жүктеді. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























