Минобороны РК » публикация №33039
🎖 Маман атанып, әскери дайындықтан өткен резерв қатарына қосыл! 🇰🇿 Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінде оқу Қазақстан азаматтарына әскери-есептік мамандықты меңгеруге, әскери билет алуға және қажет жағдайда келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіндік береді. 👨🎓 Оқуға: ✅ мерзімді әскери қызметтен түрлі себептермен өтпеген 24 пен 27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар; ✅ әскери қызметке жарамды немесе денсаулық жағдайына байланысты болмашы шектеулері бар әскери міндетті азаматтар қабылданады. 📋 Жыл сайын даярланатын әскери-техникалық мамандардың саны Қорғаныс министрлігі тарапынан айқындалады. 💻 Оқуға кезекке тұру үшін eGov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет. 🔹 «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінде: 📄 «Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді кезекке қою» мемлекеттік қызметі орналастырылған. 💰 2026 жылы бір мамандық бойынша даярлау құны 545 мың теңгені құрайды. ⚙️ Әскери-техникалық мектептерде азаматтар: 🛡 әскери; 🚚 материалдық-техникалық; 🎯 әскери қамтамасыз ету бағыттарындағы мамандықтарды меңгереді. 🔧 Мұнда: 🚛 логистикалық орталықтардың мамандары; 🔩 автокөлік пен сауытты техниканы жөндеу шеберлері; ⚡️ автоэлектриктер; 🔋 аккумуляторшылар; 🔥 газ және электр дәнекерлеушілер; 👨🍳 аспаздар; 🥖 наубайшылар; 👨🔧 және басқа да мамандар даярланады. 🛸 Қарулы күштердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде ұшқышсыз басқарылатын авиациялық құрылғылар операторларын даярлау бағдарламасы іске асырылып жатыр. ⏳ Таңдаған мамандыққа байланысты оқу мерзімі орта есеппен 40–46 күнді құрайды. 🏠 Оқу кезінде тыңдаушылар: 👕 әскери киіммен; 🛏 жатын орынмен; 🍽 күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. 💼 Сонымен қатар: ✅ жұмыс орны; ✅ атқарып отырған лауазымы сақталады. ⚖️ Заң бойынша: 🚫 жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға; 🚫 білім беру ұйымынан оқудан шығаруға тыйым салынады. 📚 Оларға оқу демалысы да беріледі. 🎓 Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер: 🇰🇿 Әскери ант береді; 📜 сертификат алады; ⭐️ «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріледі; 🪪 әскери билет тапсырылады. 🛡 Әскери-техникалық мектепте оқыған азаматтар әскери даярланған резерв құрамына енгізіліп, мерзімді әскери қызметке шақырылмайды. 📍 Әскери-техникалық бейіндегі білім беру ұйымдары: 🏙 Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. ☎️ Оқу легіне қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты жергілікті әскери басқару органдарынан және әскери-техникалық мектептерден алуға болады. 💪🇰🇿 Сұранысқа ие мамандық меңгеріп, әскери билет алып, әскери даярланған резерв қатарына қосыл! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























