UKIMET » публикация №24486
Елімізде 2026 жылдың соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті басқаруды жеңілдететін бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. «Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Жапония, Еуропалық Одақ көлік саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін және желіні күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Көлік министрлігі “Қазақстан темір жолы” компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін бүкіл көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруды жеңілдететін “деректер көлін” құру шараларын қабылдауы қажет. Жалпы, министрліктің алдында теміржол көлігіндегі қызмет көрсету сапасын жақсарту, транзиттік және экспорттық жүк тасымалдарын арттыру міндеттері тұр. Саланы дамыту бойынша тиісті шешімдер тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін проактивті форматта қабылдануы қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ В Казахстане до конца 2026 года создадут единую цифровую базу для управления транспортно-логистической цепочкой 📌Премьер-министр Олжас Бектенов отметил важность внедрения цифровых решений и искусственного интеллекта для развития транспорта. «Многими странами мира, такими как Китай, Япония, Европейский союз, активно проводится работа по внедрению цифровых решений и искусственного интеллекта в сфере транспорта. Они служат для оптимизации графиков движения поездов, сокращения простоев, повышения пропускной способности и качества содержания сети. Министерству транспорта совместно с компанией «Қазақстан темір жолы» необходимо до конца текущего года принять меры по созданию «озера данных», которое облегчит управление всей транспортно-логистической цепочкой в режиме реального времени. В целом перед министерством стоят задачи по улучшению качества сервиса на железнодорожном транспорте, росту транзитных перевозок и экспортных грузоперевозок. Соответствующие решения по развитию отрасли должны приниматься в проактивном формате для обеспечения развития экономики Казахстана в целом», — подчеркнул руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























