ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20439
Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал Мәжіліске келді. Шетелдік қонақты Мәжіліс депутаты, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Айдос Сарым күтіп алды. Тараптар парламентаралық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Португалиялық дипломатқа ілтипат білдірген Айдос Сарым Португалиялық дипломатты қарсы ала отырып, Айдос Сарым Қазақстанның Португалиямен қол жеткізілген мазмұнды ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайтынын және бұл мемлекетті Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ бүгінгі күні тараптар бірқатар маңызды екіжақты құжаттарды қарастырып жатқанын жеткізді. Қазақстан экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, адамдарды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру және реадмиссия мәселелері жөніндегі келісімдерге қол қоюға ерекше мән береді. Өз кезегінде Жозе Атаиде Амарал Португалияның Қазақстанмен екіжақты форматта да, халықаралық алаңдар аясында да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар тараптар сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрлық және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында Мәжілістің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарай жүріңіздер. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























