UKIMET » публикация №24476
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылуда – Берік Уәли 📌 Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли Президенттің вокзал инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ауыл және Белағаш стансаларында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Қалған сегіз бағыт бойынша жоғары динамика байқалуда: соңғы айда дайындықтың орташа көрсеткіші 32,5%- дан 40,1%-ға дейін өсті. Қазіргі таңда жобалары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған 6 вокзал бойынша, атап айтқанда Ақтоғай, Дегелең, Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл нысандары бойынша мердігер ұйымдарға шарт сомасының 20% мөлшерінде қосымша аванс төленді. Семей және Аягөз ірі тораптары бойынша әкімдіктің кепілдік хаттары негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобалар құнының 50% мөлшерінде аванс төленді, бұл Семей вокзалындағы жұмыстарды екі ауысымдық режимге ауыстыруға және құрылысшылар штатын 156 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. «Сегіз вокзал бойынша көзделген құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімдерге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылау мақсатында әкімдік тарапынан күнделікті мониторинг ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Жобалардың жүзеге асырылу барысы бақылауда», — деп атап өтті Берик Уәли. ➖ В области Абай модернизируют 10 железнодорожных вокзалов — Берик Уали 📌 На заседании Правительства аким области Абай Берик Уали доложил о ходе исполнения поручений Президента по модернизации вокзальной инфраструктуры. По его словам, к настоящему времени строительно-монтажные работы на станциях Аул и Белагаш уже полностью завершены и объекты введены в эксплуатацию. По остальным восьми направлениям отмечается высокая динамика: за последний месяц средний показатель готовности вырос с 32,5% до 40,1%. Для ускорения темпов подрядным организациям шести вокзалов, прошедших госэкспертизу (Актогай, Дегелен, Шар, Ушбиик, Жарма, Жаланашколь), выплачены дополнительные авансы в размере 20% на закупку техники и материалов. По крупным узлам Семей и Аягоз, на основании гарантийных писем акимата, АО «ҚТЖ» перечислило опережающее финансирование в размере 50% от стоимости проектов, что позволило перевести работы на вокзале Семей в двухсменный режим и увеличить штат строителей до 156 человек. «Строительные работы, предусмотренные по восьми вокзалам, ведутся в интенсивном режиме в соответствии с установленными сроками. В целях контроля за ходом выполнения строительных работ со стороны акимата организован и на постоянной основе осуществляется ежедневный мониторинг. Ход реализации проектов находится на контроле», — подчеркнул Берик Уали. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























