UKIMET » публикация №24480
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілеріндегі қозғалыс осы жылдың қараша айында іске қосылады 📌 Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, теміржол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жалғасуда: жаңа желілер салынуда, қолданыстағы жолдар жаңғыртылып, жылжымалы құрам жаңартылуда және вокзалдарға реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаныы аяқтау жоспарлануда. Олардың ішінде “Дарбаза – Мақтаарал”, “Мойынты – Қызылжар” желілері де бар», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Биылғы қараша айында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілері бойынша қозғалысты іске қосу тапсырылды. «Жаңа жолдардың ашылуы транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – Көлік министрлігі мен “Қазақстан темір жолы” компаниясының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Исполнение поручений Президента: движение по дорогам «Дарбаза – Мактаарал» и «Мойынты – Кызылжар» запустят в ноябре т.г. 📌В Казахстане по поручению Главы государства продолжается масштабное развитие железнодорожной инфраструктуры: строятся новые линии, модернизируются действующие пути, обновляется подвижной состав и реконструируются вокзалы. «Укрепление железнодорожного каркаса страны Глава государства определил задачей первостепенной важности. Ведется масштабная работа по строительству новых железнодорожных линий, обновлению парка вагонов и локомотивов, модернизации действующих путей и реконструкции вокзального хозяйства. По поручению Президента в текущем году планируется завершить ряд крупных инфраструктурных проектов. Среди них «Дарбаза – Мактаарал», «Мойынты – Кызылжар», — подчеркнул Олжас Бектенов. Поручено запустить движение по линиям «Дарбаза – Мактаарал», «Мойынты – Кызылжар» в ноябре текущего года. «Открытие новых путей позволит обеспечить в текущем году рост транзитных перевозок до 55 млн тонн. Это на сейчас одна из самых главных задач Министерства транспорта и «Қазақстан темір жолы»», — отметил Руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























