UKIMET » публикация №24472
Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы мен инфрақұрылымның дамуы туралы баяндамаларды тыңдап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. «Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда, менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30%-ға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына «ҚТЖ» небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Олжас Бектенов обратил внимание руководства КТЖ на отставание от плана по транзитным перевозкам На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов заслушав доклады о развитии железнодорожной отрасли и инфраструктуры, поручил председателю правления АО «НК «Қазақстан темір жолы» Талгату Алдыбергенову принять необходимые меры для своевременного исполнения утвержденных показателей. «Талгат Сагиевич, перед вами стоит задача по обеспечению транзитных перевозок в объеме 55 млн тонн. Однако, по имеющейся информации, на сегодня отставание плановых показателей составляет 30%. Вместо 23 млн тонн «КТЖ» перевезено всего 16 млн тонн. Поручаю обеспечить своевременное исполнение утвержденных показателей. Это ваша личная ответственность» — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























