UKIMET » публикация №24470
Қазақстанда жолаушылар вагондарының тозуы 36%-ға дейін төмендеді 📌Қазақстанда сүйреу құрамның тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, жолаушылар вагондары паркінің тозуы 36%-ға дейін төмендеді. Үкімет отырысында жылжымалы құрамды жаңғырту туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда 433 локомотив сатып алудың нәтижесінде еліміздегі сүйреу құрам тапшылығы мәселесі толық шешімін тапты. Бұл магистральдық локомотивтердің орташа тозуын 66%-дан 58%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жолаушылар секторында 5 жыл ішінде тозу 46%-дан 36%-ға дейін қысқарды. «Біз жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастырып келеміз. 2030 жылға дейін тағы 754 локомотив сатып алу жоспарланған, олардың қатарына жүк, жолаушы және маневрлік локомотивтер кіреді. Қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты істен шығатын құрамды ескере отырып, шамамен 20 мың жаңа жүк вагоны сатып алынады. Сонымен қатар алдағы жылдары 746 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан барлық шаралар теміржол тасымалдарының қауіпсіздігі мен сенімділігін түбегейлі арттыруға мүмкіндік береді», — деді басқарма төрағасы. ➖ Износ пассажирских вагонов в Казахстане снизился до 36% 📌 В Казахстане полностью решили проблему дефицита тягового состава и снизили износ парка пассажирских вагонов до 36%. О модернизации подвижного состава на заседании Правительства доложил председатель правления АО «Қазақстан темір жолы» Талгат Алдыбергенов. По его словам, благодаря приобретению 433 локомотивов за последние три года, проблему дефицита тяги в стране удалось полностью решить. Это позволило снизить средний износ магистральных локомотивов с 66% до 58%. В пассажирском секторе износ за 5 лет сократился с 46% до 36%. «Мы продолжаем планомерное обновление всего подвижного состава. До 2030 года планируется приобрести еще 754 локомотива, включая грузовые, пассажирские и маневровые. С учетом прогнозного выбытия по сроку службы будет закуплено около 20 тыс. новых грузовых вагонов. Кроме того, на ближайшие годы запланирована поставка 746 пассажирских вагонов. Весь комплекс принимаемых мер позволит кардинально повысить безопасность и надежность железнодорожных перевозок», — подчеркнул председатель правления. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























