UKIMET » публикация №24485
Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды Жолаушылар вагондарының жай-күйі халық тарапынан жиі шағым тудырып келеді. Осыған байланысты Премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. «Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде.Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі “Қазақстан темір жолы” және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр: 🟦осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді; 🟦биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды. ➖ Олжас Бектенов отреагировал на жалобы от пассажиров на состояние вагонов и поручил в кратчайшие сроки запустить новые Stadler 📌 Состояние пассажирских железнодорожных вагонов остается предметом жалоб у населения, в связи с этим Премьер-министр Олжас Бектенов поручил обеспечить в кратчайшие сроки поставки новых вагонов Stadler с соблюдением всех требований безопасности. «Продолжают поступать жалобы от пассажиров на состояние вагонов. Дальнейшие задержки поставок вагонов компании Stadler неприемлемы. Министерству промышленности совместно с компаниями «Қазақстан темір жолы» и Stadler необходимо поставить пассажирские вагоны в кратчайшие сроки с соблюдением всех технических требований по безопасности», — подчеркнул Премьер-министр. Руководитель Правительства поручил: 🟦 до конца текущего года обеспечить выход на железнодорожную сеть 215 новых локомотивов и около 1,5 тыс. грузовых и пассажирских вагонов; 🟦 до 1 сентября текущего года необходимо утвердить пятилетнюю программу приобретения 13 тыс. грузовых и 500 единиц пассажирских вагонов отечественного производства. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























