UKIMET » публикация №24489
Жаздың соңына дейін «ҚТЖ» АҚ пойыздары спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі 📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жолаушылар пойыздарын жаздың соңына дейін интернет желісіне толық қосу жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда интернет Нұрлы жол - Семей пойызында іске қосылған, сондай-ақ Алматы - Павлодар, Павлодар - Түркістан және Нұрлы жол - Атырау құрамдарында терминалдар орнатылуда. Бұған дейін жаңа технологияның техникалық дайындығы Астана - Алматы және Астана - Өскемен бағыттарында Eutelsat OneWeb және Starlink жүйелерін пайдаланған екі пилоттық жоба арқылы расталған болатын. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жолаушылар пойыздарын интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жұмысты бастаймыз. Мен тек жолаушылар пойыздары, оның ішінде ұлттық тасымалдаушының пойыздары туралы айтып отырмын. Біздің жоспарымыз - жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету», — деді Әнуар Ахметжанов. ➖ До конца лета поезда АО «КТЖ» будут обеспечены спутниковым интернетом 📌По итогам заседания Правительства состоялась пресс-конференция с участием руководства Министерства транспорта и АО «НК «КТЖ». Отвечая на вопросы журналистов, заместитель председателя правления КТЖ Ануар Ахметжанов сообщил, что пассажирские поезда до конца лета планируется полностью обеспечить доступом к сети интернет. По его словам, на сегодняшний день интернет уже запущен в поезде Нурлы жол - Семей, также идет установка терминалов на составах Алматы - Павлодар, Павлодар - Туркестан и Нурлы жол - Атырау. Ранее техническую готовность технологии подтвердили два пилота с использованием систем Eutelsat OneWeb и Starlink на направлениях Астана Алматы и Астана - Оскемен. «По поручению Главы государства начинаем масштабную работу по обеспечению интернетом наших пассажирских поездов. Я говорю только о пассажирских поездах, поездах национального перевозчика. По нашим планам, до конца лета мы планируем основные все маршруты обеспечить спутниковым интернетом», — сообщил Ануар Ахметжанов. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























