ҚТЖ PRESS » публикация №13325
🗣ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының темір жол тасымалына 70 пайыздық жеңілдік берді ▶️«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапты тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету коэффициентін (70% жеңілдік) беру туралы шешім қабылдады. ▶️Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған. ▶️Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады. ▶️Тарифтер туралы толық ақпарат ресми сайттарда орналастырылған: – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Инфрақұрылым» → «Тарифтер» бөлімінде; – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Тарифтік саясат» және «Клиенттерге» бөлімдерінде. ➖➖➖ 🗣КТЖ предоставил 70-процентную скидку на железнодорожные перевозки социально значимых продовольственных товаров ▶️АО «НК «Қазақстан темір жолы» в рамках политики социально ответственного тарифообразования приняло решение о предоставлении понижающего коэффициента 0,3 (скидка 70%) к тарифам на услуги магистральной железнодорожной сети и перевозчика при перевозке социально значимых продовольственных товаров во внутриреспубликанском сообщении, а также пшеницы на мукомольные и хлебопекарные предприятия. ▶️Мера распространяется на более чем 30 наименований социально значимых продовольственных товаров и направлена на снижение транспортных затрат отечественных производителей продуктов питания, а также сдерживание роста цен на продовольствие на внутреннем рынке. ▶️Ожидается, что расходы грузоотправителей на железнодорожную перевозку сократятся в среднем на 40%, что станет дополнительным инструментом обеспечения ценовой стабильности и повышения доступности железнодорожных перевозок для отечественных товаропроизводителей. ▶️Подробная информация о тарифах размещена на официальных сайтах: - АО «НК «Қазақстан темір жолы» — в разделе «Инфраструктура» → «Тарифы»; - ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» — в разделах «Тарифная политика» и «Клиентам».
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























