ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20445
📆17 маусым күні сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Депутаттар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ депутаттар назарына бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Бұдан бөлек, жалпы отырыстың күн тәртібіне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы жобалар енгізілген. Сонымен қатар салалық депутаттар комитеттер бірқатар жаңа құжаттарды жұмысқа қабылдау туралы мәселені қарайды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бар. 📢📢Тікелей эфирді Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook-тегі парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарының эфирінен көре аласыздар. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды да қарай жүріңіздер. __ 📆17 июня в 10:00 состоится пленарное заседание Мажилиса. Депутаты рассмотрят проект ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития». Также на рассмотрение выносится законопроект о ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны. Кроме того, в повестку пленарного заседания включены проекты ратификации протоколов по вопросам сотрудничества государств – членов ОДКБ. Также профильные комитеты рассмотрят вопрос о принятии в работу ряда новых документов. В их числе проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о займе (Программа инклюзивного и устойчивого экономического роста) между Республикой Казахстан и Азиатским Банком Инфраструктурных Инвестиций», а также проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов». 📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте mazhilis.parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly. Следите за обновлениями в наших социальных сетях. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























