🔹 Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды 🔸 Вопросы сотрудничества в сфере обороны обсуждены в Белграде 🔹 Defense Cooperation Issues Discussed in Belgrade @PressMFAKZ
🙂Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Әли Бектаевтың төрағалығымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы рөлі талқыланды. Кездесуде ӘКК-лерді өңірлік даму институты ретінде дамыту, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру, инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сенаторлар ӘКК қызметінің ашықтығын арттыру, корпоративтік басқаруды жетілдіру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға бағытталған тиімді тетіктерді одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. 🚀@senate_kz
📌 МКК онлайн-сервистері — азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы МКК порталында қажетті ақпаратты алуға және салық міндеттемелерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ орындауға мүмкіндік беретін электрондық сервистер қолжетімді. 💻 Пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады: • салық төлеушілер мен контрагенттерді тексеру; • ҚҚС және салық берешегі туралы мәліметтерді алу; • салықтар мен бюджетке төлемдерді онлайн төлеу; • БКМ мен салық режимдерін тексеру; • онлайн кезекті брондау; • салықтар, өсімпұлдар және кедендік төлемдер бойынша калькуляторларды пайдалану; • салық есептілігінің және өтініштердің өзекті нысандарын алу. Сонымен қатар, портал арқылы кері байланыс қалдыруға және сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге болады. 🔗 МКК порталы: http://portal.kgd.gov.kz МКК-нің цифрлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз — жылдам, ыңғайлы және ашық! Толығырақ сілтеме бойынша🔗 ——— 📌 Онлайн-сервисы КГД — удобно для граждан и бизнеса На Портале КГД доступны электронные сервисы, позволяющие получать необходимую информацию и выполнять налоговые обязательства без посещения органов государственных доходов. 💻 Пользователям доступны: • проверка налогоплательщиков и контрагентов; • сведения по НДС и налоговой задолженности; • онлайн-оплата налогов и платежей в бюджет; • проверка ККМ и налоговых режимов; • онлайн-бронирование очереди; • калькуляторы налогов, пени и таможенных платежей; • актуальные формы налоговой отчетности и заявлений. Также на портале можно оставить обратную связь и предложения по улучшению сервисов. 🔗 Портал КГД: http://portal.kgd.gov.kz Используйте цифровые возможности КГД — быстро, удобно и прозрачно! Подробно по ссылке 🔗
📌 Как изменятся онлайн-покупки за рубежом? Прямой эфир с экспертом КГД 17 июня в 11:00 состоится прямой эфир на актуальную тему регулирования онлайн-покупок за рубежом и новых таможенных правил. В ходе эфира будут рассмотрены ключевые изменения и разъяснения по порядку таможенного оформления международных онлайн-покупок. Подключайтесь к прямому эфиру, чтобы получить актуальную информацию.
🗣ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының темір жол тасымалына 70 пайыздық жеңілдік берді ▶️«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапты тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету коэффициентін (70% жеңілдік) беру туралы шешім қабылдады. ▶️Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған. ▶️Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады. ▶️Тарифтер туралы толық ақпарат ресми сайттарда орналастырылған: – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Инфрақұрылым» → «Тарифтер» бөлімінде; – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Тарифтік саясат» және «Клиенттерге» бөлімдерінде. ➖➖➖ 🗣КТЖ предоставил 70-процентную скидку на железнодорожные перевозки социально значимых продовольственных товаров ▶️АО «НК «Қазақстан темір жолы» в рамках политики социально ответственного тарифообразования приняло решение о предоставлении понижающего коэффициента 0,3 (скидка 70%) к тарифам на услуги магистральной железнодорожной сети и перевозчика при перевозке социально значимых продовольственных товаров во внутриреспубликанском сообщении, а также пшеницы на мукомольные и хлебопекарные предприятия. ▶️Мера распространяется на более чем 30 наименований социально значимых продовольственных товаров и направлена на снижение транспортных затрат отечественных производителей продуктов питания, а также сдерживание роста цен на продовольствие на внутреннем рынке. ▶️Ожидается, что расходы грузоотправителей на железнодорожную перевозку сократятся в среднем на 40%, что станет дополнительным инструментом обеспечения ценовой стабильности и повышения доступности железнодорожных перевозок для отечественных товаропроизводителей. ▶️Подробная информация о тарифах размещена на официальных сайтах: - АО «НК «Қазақстан темір жолы» — в разделе «Инфраструктура» → «Тарифы»; - ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» — в разделах «Тарифная политика» и «Клиентам».
Жаздың соңына дейін «ҚТЖ» АҚ пойыздары спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі 📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жолаушылар пойыздарын жаздың соңына дейін интернет желісіне толық қосу жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда интернет Нұрлы жол - Семей пойызында іске қосылған, сондай-ақ Алматы - Павлодар, Павлодар - Түркістан және Нұрлы жол - Атырау құрамдарында терминалдар орнатылуда. Бұған дейін жаңа технологияның техникалық дайындығы Астана - Алматы және Астана - Өскемен бағыттарында Eutelsat OneWeb және Starlink жүйелерін пайдаланған екі пилоттық жоба арқылы расталған болатын. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жолаушылар пойыздарын интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жұмысты бастаймыз. Мен тек жолаушылар пойыздары, оның ішінде ұлттық тасымалдаушының пойыздары туралы айтып отырмын. Біздің жоспарымыз - жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету», — деді Әнуар Ахметжанов. ➖ До конца лета поезда АО «КТЖ» будут обеспечены спутниковым интернетом 📌По итогам заседания Правительства состоялась пресс-конференция с участием руководства Министерства транспорта и АО «НК «КТЖ». Отвечая на вопросы журналистов, заместитель председателя правления КТЖ Ануар Ахметжанов сообщил, что пассажирские поезда до конца лета планируется полностью обеспечить доступом к сети интернет. По его словам, на сегодняшний день интернет уже запущен в поезде Нурлы жол - Семей, также идет установка терминалов на составах Алматы - Павлодар, Павлодар - Туркестан и Нурлы жол - Атырау. Ранее техническую готовность технологии подтвердили два пилота с использованием систем Eutelsat OneWeb и Starlink на направлениях Астана Алматы и Астана - Оскемен. «По поручению Главы государства начинаем масштабную работу по обеспечению интернетом наших пассажирских поездов. Я говорю только о пассажирских поездах, поездах национального перевозчика. По нашим планам, до конца лета мы планируем основные все маршруты обеспечить спутниковым интернетом», — сообщил Ануар Ахметжанов. 📱@KZgovernment
🇰🇿 «Әскер LIFE» подкастының жаңа шығарылымында студиямыздың қонағы – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы, майор Мейірбек Меңдіғалиев. Эфир барысында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаты, биылғы ерекшеліктері мен оған дайындық жұмыстары туралы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, «Жас сарбаз» қозғалысының қызметі, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы жобалары туралы сөз болды. 🎙Жастардың әскери салаға қызығушылығы қаншалықты жоғары? Әскери-патриоттық жиындар жас буынға не береді?Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауапты ҚР Қорғаныс Министрлігінің “YouTube” арнасында жарық көрген подкасттан тыңдай аласыздар https://youtu.be/rrwTlIqS7MY 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 С 21 по 27 июня Щучинск станет центром крупнейшего международного военно-патриотического проекта страны – сбора молодежи «Айбын-2026». Более 900 участников в составе 53 команд от силовых структур Казахстана, а также представители Азербайджана, Беларуси, Кыргызстана, России и Узбекистана продемонстрируют свои навыки в военно-спортивных, интеллектуальных и технологических состязаниях. «Айбын-2026» объединит молодежь разных стран, создавая условия для развития лидерских качеств, патриотизма и дружеских связей между будущими защитниками Отечества. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿 21–27 маусым аралығында Щучинск қаласы еліміздегі ең ірі халықаралық әскери-патриоттық жоба – «Айбын-2026» жастар жиынының орталығына айналады Өңірлерден құрамында 900-ден астам қатысушы бар 53 команда қатысады. Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген өкілдермен бірге олар әскери-спорттық, зияткерлік және технологиялық жарыстарда шеберліктерін көрсетеді. «Айбын-2026» халықаралық жиыны әртүрлі елдердің жастарын бір ортаға тоғыстырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға, патриоттық рухын нығайтуға және болашақ Отан қорғаушылары арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға жол ашады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге дейін алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс: Олжас Бектенов әкімдерге нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылауда ұстауды тапсырды 📌 Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымды дамыту мәселесі…
Елімізде 2026 жылдың соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті басқаруды жеңілдететін бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. «Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Жапония, Еуропалық Одақ көлік саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін және желіні күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Көлік министрлігі “Қазақстан темір жолы” компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін бүкіл көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруды жеңілдететін “деректер көлін” құру шараларын қабылдауы қажет. Жалпы, министрліктің алдында теміржол көлігіндегі қызмет көрсету сапасын жақсарту, транзиттік және экспорттық жүк тасымалдарын арттыру міндеттері тұр. Саланы дамыту бойынша тиісті шешімдер тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін проактивті форматта қабылдануы қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ В Казахстане до конца 2026 года создадут единую цифровую базу для управления транспортно-логистической цепочкой 📌Премьер-министр Олжас Бектенов отметил важность внедрения цифровых решений и искусственного интеллекта для развития транспорта. «Многими странами мира, такими как Китай, Япония, Европейский союз, активно проводится работа по внедрению цифровых решений и искусственного интеллекта в сфере транспорта. Они служат для оптимизации графиков движения поездов, сокращения простоев, повышения пропускной способности и качества содержания сети. Министерству транспорта совместно с компанией «Қазақстан темір жолы» необходимо до конца текущего года принять меры по созданию «озера данных», которое облегчит управление всей транспортно-логистической цепочкой в режиме реального времени. В целом перед министерством стоят задачи по улучшению качества сервиса на железнодорожном транспорте, росту транзитных перевозок и экспортных грузоперевозок. Соответствующие решения по развитию отрасли должны приниматься в проактивном формате для обеспечения развития экономики Казахстана в целом», — подчеркнул руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды Жолаушылар вагондарының жай-күйі халық тарапынан жиі шағым тудырып келеді. Осыған байланысты Премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. «Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде.Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі “Қазақстан темір жолы” және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр: 🟦осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді; 🟦биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды. ➖ Олжас Бектенов отреагировал на жалобы от пассажиров на состояние вагонов и поручил в кратчайшие сроки запустить новые Stadler 📌 Состояние пассажирских железнодорожных вагонов остается предметом жалоб у населения, в связи с этим Премьер-министр Олжас Бектенов поручил обеспечить в кратчайшие сроки поставки новых вагонов Stadler с соблюдением всех требований безопасности. «Продолжают поступать жалобы от пассажиров на состояние вагонов. Дальнейшие задержки поставок вагонов компании Stadler неприемлемы. Министерству промышленности совместно с компаниями «Қазақстан темір жолы» и Stadler необходимо поставить пассажирские вагоны в кратчайшие сроки с соблюдением всех технических требований по безопасности», — подчеркнул Премьер-министр. Руководитель Правительства поручил: 🟦 до конца текущего года обеспечить выход на железнодорожную сеть 215 новых локомотивов и около 1,5 тыс. грузовых и пассажирских вагонов; 🟦 до 1 сентября текущего года необходимо утвердить пятилетнюю программу приобретения 13 тыс. грузовых и 500 единиц пассажирских вагонов отечественного производства. 📱@KZgovernment
Транзиттік әлеуетті арттыру: Үкімет халықаралық терминалдар желісін кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейту және жаңа жүк ағындарын тарту үшін Астана, Алят, Свислочи, Селятино, Будапешт, Чэнду және Констанцадағы жобаларды қоса алғанда, халықаралық терминалдық желіні дамытуды жеделдетуді тапсырды. «Соңғы бірнеше жыл бойы теміржол инфрақұрылымының дамуы негізінен іске асырылып жатқан жобаларды аяқтауға бағытталып келді. Вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту жоспарлары айқындалды. Инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажет. Осы орайда, жүк ағындарын Қазақстан аумағы арқылы қайта бағыттауға мүмкіндік беретін халықаралық терминал желісін кеңейту керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр: 🟦Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, 2027 жылдың 1-ші шілдесіне дейін Астана қаласында, сондай-ақ шетелдік Алят, Свислочь және Селятино қалаларында терминал желісін жүзеге асыруды аяқтауды; 🟦Будапешт, Чэнду және Констанца қалаларында жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. «Бұл жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Наращивание транзитного потенциала: Правительство ускорит реализацию проектов по расширению международной терминальной сети 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов поручил ускорить развитие международной терминальной сети, включая проекты в Астане, Алят, Свислочи, Селятино, Будапеште, Чэнду и Констанце, чтобы усилить транзитный потенциал Казахстана и привлечь новые грузопотоки. «Последние несколько лет развитие железнодорожной инфраструктуры было сфокусировано на завершении реализуемых проектов. Определены планы по обновлению парка вагонов и локомотивов. Необходимо дальнейшее развитие инфраструктуры. Например, надо расширять международную терминальную сеть, которая направлена на переориентацию грузопотока через территорию Казахстана», –– подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-министр поручил: 🟦Министерству транспорта совместно с компанией «КТЖ» следует до 1 июля 2027 года завершить реализацию терминальной сети в Астане, зарубежных городах Алят, Свислочь и Селятино; 🟦 Приступить к реализации в городах Будапешт, Чэнду и Констанца. «Эти проекты позволят нарастить транзитный потенциал страны», –– отметил руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге дейін алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс: Олжас Бектенов әкімдерге нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылауда ұстауды тапсырды 📌 Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды. «Маңызды мәселенің бірі – теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын уақтылы аяқтау.Мұны әлеуметтік жоба деп айтуға болады, өйткені ол жолаушылар инфрақұрылымын жақсартуға, халыққа жайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданды. Әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек. Туындаған мәселелер бірден шешімін табуы тиіс. Мердігер ұйымдармен бірге нысандардағы жұмыс күші мен техникалық құралдарды көбейтуді қолға алыңыздар», — деп атап өтті Премьер-министр. Олжас Бектенов: 🟦Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауын қамтамасыз етуді; 🟦Астана, Алматы және Түркістанның тарихи вокзалдарындағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1 қазанға қарай аяқталуды тапсырды. ➖ К 1 июля 30 обновленных ж/д вокзалов должны принять первых пассажиров: Олжас Бектенов поручил акимам еженедельно проверять ход реконструкции 📌На заседании Правительства был рассмотрен вопрос развития железнодорожной отрасли и инфраструктуры. «Одним из важных вопросов на сегодня является своевременное завершение модернизации и реконструкции железнодорожных вокзалов. Его можно считать социальным проектом, так как он направлен на улучшение пассажирской инфраструктуры, повышение комфорта и качества обслуживания населения. По линии Правительства все вопросы решены. Акимы должны на еженедельной основе лично осматривать ход реконструкции и оперативно решать возникающие вопросы, обеспечив соблюдение графика и качество работ. Совместно с подрядными организациями принимайте меры по увеличению сил и технических средств на местах», – отметил Премьер-министр. Олжас Бектенов поручил: 🟦к 1 июля должны принять первых пассажиров 30 обновленных вокзалов; 🟦 к 1 октября должны быть завершены работы по остальным вокзалам, за исключением реставрационных работ на исторических вокзалах Астаны, Алматы и Туркестана. 📱@KZgovernment
Қолда бар жобалармен ғана шектеліп қалмауымыз керек: Олжас Бектенов жаңа теміржол жобаларын әзірлеуге дереу кірісуді тапсырды 📌Теміржол инфрақұрылымын дамыту экономика өсімін, жүк ағындарын және елдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, озық қарқынмен жоспарлануы…
Қолда бар жобалармен ғана шектеліп қалмауымыз керек: Олжас Бектенов жаңа теміржол жобаларын әзірлеуге дереу кірісуді тапсырды 📌Теміржол инфрақұрылымын дамыту экономика өсімін, жүк ағындарын және елдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, озық қарқынмен жоспарлануы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына келешегі зор инфрақұрылымдық барлық жоба бойынша қаржыландыру көздерін айқындай отырып, техникалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. «Біз қолда бар жобалармен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Ел экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз етіп, Еуразия кеңістігінде көлік-логистикалық хабқа айналу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңіне дайындалуымыз керек. Ұсынылып отырған саланы дамытудың үшжылдық жоспарын жалпы қолдаймыз. Көлік министрлігі, “Самұрық-Қазына»” қоры мен “Қазақстан темір жолы” барлық болашағы зор инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көздерін айқындап, техникалық құжаттаманы әзірлеуге дереу кірісуге тиіс. Жүк айналымы мен транзиттік тасымалдардың болжамды өсуін және экономиканың ұзақмерзімді қажеттіліктерін негізге ала отырып, уақыттың талабына сай белсенді шешімдер қабылдау өте маңызды», — деп тапсырды Олжас Бектенов. Сондай-ақ мемлекетаралық өткізу пункттері тораптарын кеңейту экспорттық және транзиттік бағыттағы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Осыған байланысты Премьер-министр көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды. 📱@KZgovernment
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілеріндегі қозғалыс осы жылдың қараша айында іске қосылады 📌 Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, теміржол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жалғасуда: жаңа желілер салынуда, қолданыстағы жолдар жаңғыртылып, жылжымалы құрам жаңартылуда және вокзалдарға реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаныы аяқтау жоспарлануда. Олардың ішінде “Дарбаза – Мақтаарал”, “Мойынты – Қызылжар” желілері де бар», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Биылғы қараша айында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілері бойынша қозғалысты іске қосу тапсырылды. «Жаңа жолдардың ашылуы транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – Көлік министрлігі мен “Қазақстан темір жолы” компаниясының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі», — деп атап өтті Премьер-министр. ➖ Исполнение поручений Президента: движение по дорогам «Дарбаза – Мактаарал» и «Мойынты – Кызылжар» запустят в ноябре т.г. 📌В Казахстане по поручению Главы государства продолжается масштабное развитие железнодорожной инфраструктуры: строятся новые линии, модернизируются действующие пути, обновляется подвижной состав и реконструируются вокзалы. «Укрепление железнодорожного каркаса страны Глава государства определил задачей первостепенной важности. Ведется масштабная работа по строительству новых железнодорожных линий, обновлению парка вагонов и локомотивов, модернизации действующих путей и реконструкции вокзального хозяйства. По поручению Президента в текущем году планируется завершить ряд крупных инфраструктурных проектов. Среди них «Дарбаза – Мактаарал», «Мойынты – Кызылжар», — подчеркнул Олжас Бектенов. Поручено запустить движение по линиям «Дарбаза – Мактаарал», «Мойынты – Кызылжар» в ноябре текущего года. «Открытие новых путей позволит обеспечить в текущем году рост транзитных перевозок до 55 млн тонн. Это на сейчас одна из самых главных задач Министерства транспорта и «Қазақстан темір жолы»», — отметил Руководитель Правительства. 📱@KZgovernment
Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал Мәжіліске келді. Шетелдік қонақты Мәжіліс депутаты, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Айдос Сарым күтіп алды. Тараптар…
Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал Мәжіліске келді. Шетелдік қонақты Мәжіліс депутаты, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Айдос Сарым күтіп алды. Тараптар парламентаралық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Португалиялық дипломатқа ілтипат білдірген Айдос Сарым Португалиялық дипломатты қарсы ала отырып, Айдос Сарым Қазақстанның Португалиямен қол жеткізілген мазмұнды ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайтынын және бұл мемлекетті Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ бүгінгі күні тараптар бірқатар маңызды екіжақты құжаттарды қарастырып жатқанын жеткізді. Қазақстан экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, адамдарды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру және реадмиссия мәселелері жөніндегі келісімдерге қол қоюға ерекше мән береді. Өз кезегінде Жозе Атаиде Амарал Португалияның Қазақстанмен екіжақты форматта да, халықаралық алаңдар аясында да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар тараптар сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрлық және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында Мәжілістің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарай жүріңіздер. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Қарағанды облысында 10 теміржол вокзалы мен 4 платформа жаңғыртылуда – Ермағанбет Бөлекпаев 📌 Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысында бүгінгі күні барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орта есеппен 94%-ға аяқталғанын хабарлады. Жаңғырту жұмыстарын халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, бес мердігер ұйым орындап жатыр, ал құрылыс алаңдарында 120 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта сегіз вокзал мен платформа бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Тағы алты жоба сараптамадан өтуде. Олардың қорытындылары жоспарлы түрде шілде айында шығады. Қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді. «Жобаларды жүзеге асыру процесі тұрақты бақылауда. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен бірлесіп, реконструкция барысында туындайтын мәселелерді жедел шешудеміз. Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті облыс әкімі. ➖ В Карагандинской области модернизируют 10 железнодорожных вокзалов и 4 платформы — Ермаганбет Булекпаев 📌 Аким Каргандинской области Ермаганбет Булекпаев на заседании Правительства сообщил, что на сегодняшний день строительно-монтажные работы по всем объектам завершены в среднем на 94%. Модернизация выполняется пятью подрядными организациями с учетом потребностей маломобильных групп населения, а на строительных площадках задействованы 120 рабочих. В настоящее время по восьми вокзалам и платформам уже имеется положительное заключение госэкспертизы. Еще шесть проектов проходят экспертизу с плановым выходом заключений в июле. Вопрос финансирования полностью урегулирован. «Процесс реализации проектов находится на постоянном контроле. Совместно с национальной компанией «Қазақстан Темір Жолы» оперативно решаем вопросы, возникающие в ходе реконструкции. Строительно-монтажные работы по всем объектам планируем завершить в июле месяце текущего года», — подчеркнул аким области. 📱 @KZgovernment
Ақтөбе облысының жеті теміржол вокзалын жаңғыртуға 10,8 млрд теңге бағытталды 📌 Үкімет отырысында облыс әкімі Асхат Шахарова жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады. Аймақтың негізгі ірі тораптары жоғары дайындық сатысында. Мәселен, Шалқар вокзалындағы құрылыс-монтаждау іс-шаралары 78%-ға аяқталды. ол осы жылдың шілде айында жоспарлы пайдалануға берілмек. Ақтөбе орталық вокзалында жұмыстар 75%-ға орындалды, ал Қандыағаш вокзалында жұмыстар 53%-ға бағаланды. «Модернизациядан өтіп жатқан 7 вокзалдың 4-еуі шағын вокзалдар. Бұл нысандарда жұмыстар 40-75% аяқталды. Нысандар осы жылдың 1 тамызына дейін пайдалануға беріледі», — деді Үкімет отырысында өңір әкімі. ➖ 10,8 млрд тенге направлено на модернизацию семи железнодорожных вокзалов Актюбинской области 📌 На заседании Правительства акима области Асхата Шахарова доложил, что работы ведутся согласно утвержденному графику. Основные крупные узлы региона находятся на высокой стадии готовности. Так, на вокзале Шалкар строительно-монтажные мероприятия завершены на 78% с плановым вводом в эксплуатацию уже в июле текущего года. На центральном вокзале Актобе работы выполнены на 75%, а на вокзале Кандыагаш оценивается в 53%. «Из 7 вокзалов, проходящих модернизацию, 4 – это небольшие вокзалы. На этих объектах работы завершены на 40-75%. Объекты будут сданы в эксплуатацию до 1 августа текущего года», — сообщил на заседании Правительства аким региона. 📱 @KZgovernment
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстоунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы…
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстоунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы бірлескен жұмыстарын, ұлттық заңнаманы жетілдіру, зардап шеккендердің құқығын қорғау және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту барысын талқылады. Марат Башимов Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру және адам саудасына қарсы күрес саласындағы озық тәжірибелерді алмасу шеңберінде ЕҚЫҰ-мен ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Кэри Джонстоун адам саудасына қарсы іс-әрекетке қатысты Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерді, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалады. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тиісті заңнаманың іске асырылуы мәселелерін талқылады. Тараптар Мәжіліс пен ЕҚЫҰ арасындағы адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және осы саладағы бірлескен күш-жігерді нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында Мәжілістің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарай жүріңіздер. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылуда – Берік Уәли 📌 Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли Президенттің вокзал инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ауыл және Белағаш стансаларында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Қалған сегіз бағыт бойынша жоғары динамика байқалуда: соңғы айда дайындықтың орташа көрсеткіші 32,5%- дан 40,1%-ға дейін өсті. Қазіргі таңда жобалары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған 6 вокзал бойынша, атап айтқанда Ақтоғай, Дегелең, Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл нысандары бойынша мердігер ұйымдарға шарт сомасының 20% мөлшерінде қосымша аванс төленді. Семей және Аягөз ірі тораптары бойынша әкімдіктің кепілдік хаттары негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобалар құнының 50% мөлшерінде аванс төленді, бұл Семей вокзалындағы жұмыстарды екі ауысымдық режимге ауыстыруға және құрылысшылар штатын 156 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. «Сегіз вокзал бойынша көзделген құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімдерге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылау мақсатында әкімдік тарапынан күнделікті мониторинг ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Жобалардың жүзеге асырылу барысы бақылауда», — деп атап өтті Берик Уәли. ➖ В области Абай модернизируют 10 железнодорожных вокзалов — Берик Уали 📌 На заседании Правительства аким области Абай Берик Уали доложил о ходе исполнения поручений Президента по модернизации вокзальной инфраструктуры. По его словам, к настоящему времени строительно-монтажные работы на станциях Аул и Белагаш уже полностью завершены и объекты введены в эксплуатацию. По остальным восьми направлениям отмечается высокая динамика: за последний месяц средний показатель готовности вырос с 32,5% до 40,1%. Для ускорения темпов подрядным организациям шести вокзалов, прошедших госэкспертизу (Актогай, Дегелен, Шар, Ушбиик, Жарма, Жаланашколь), выплачены дополнительные авансы в размере 20% на закупку техники и материалов. По крупным узлам Семей и Аягоз, на основании гарантийных писем акимата, АО «ҚТЖ» перечислило опережающее финансирование в размере 50% от стоимости проектов, что позволило перевести работы на вокзале Семей в двухсменный режим и увеличить штат строителей до 156 человек. «Строительные работы, предусмотренные по восьми вокзалам, ведутся в интенсивном режиме в соответствии с установленными сроками. В целях контроля за ходом выполнения строительных работ со стороны акимата организован и на постоянной основе осуществляется ежедневный мониторинг. Ход реализации проектов находится на контроле», — подчеркнул Берик Уали. 📱 @KZgovernment
📌 Мәжіліс оңалту және банкроттық мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады ҚР Парламенті Мәжілісі оңалту және банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жолданды. Түзетулер рәсімдерді жетілдіруге, олардың ашықтығын арттыруға, өткізу мерзімдерін қысқартуға және банкроттық тетіктерін адал емес пайдаланудың тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Толығырақ сілтеме бойынша🔗 —— 📌 Мажилис одобрил поправки по вопросам реабилитации и банкротства Мажилис Парламента РК одобрил законопроект о внесении изменений в законодательство по вопросам реабилитации и банкротства. Документ направлен на рассмотрение в Сенат. Поправки направлены на совершенствование процедур, повышение их прозрачности, сокращение сроков и снижение рисков недобросовестного использования механизмов банкротства. Подробно по ссылке🔗
Қазақстанның теміржол машина жасаудағы өндірісі 22,5%-ға өсті 📌 Мемлекет басшысының көлік әлеуетін дамыту және елдің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде теміржол машина жасау отандық индустрияның негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Жалпы соңғы бес жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде салада инвестицияның өсуі байқалады. Біз Wabtec, Alstom және Stadler секілді жетекші әлемдік компаниялардың өндірістерін іске қосу арқылы капиталды тартып, саланы сапалы өзгерте алдық», — деп атап өтті министр. Бүгінгі таңда өнімнің жекелеген түрлері бойынша локализациялау деңгейі 35-40%-ға жетті. Локализацияны одан әрі дамыту отандық компаниялармен кооперацияны кеңейтіп, жаңа қосалқы бөлшектерді игеру және бірлескен өндіріс құру арқылы жалғасуда. Жалпы осы жылғы бес айда салада вагондардың барлық түрлері бойынша оң динамика байқалуда. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда кемінде 9%-ға, ал жекелеген өнім түрлері бойынша 1,7 есеге өсті. ➖ Производство в железнодорожном машиностроении Казахстана выросло на 22,5% 📌 В рамках реализации поручений Главы государства по развитию транспортного потенциала и укреплению промышленного каркаса страны, железнодорожное машиностроение стало одним из ключевых направлений отечественной индустрии. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. По его словам, сегодня на долю сектора приходится 13% общего объема машиностроения Казахстана. В отрасли работают 60 предприятий, которые обеспечивают стабильной работой более 8 тыс. человек. По итогам прошлого года производство показало рост: объем выпуска продукции увеличился на 22,5%, достигнув 734 млрд тенге. «За последние пять лет в железнодорожном машиностроении Казахстана заметно выросли инвестиции. Это стало прямым результатом государственных программ, направленных на обновление парка вагонов национального оператора. Нам удалось привлечь капитал и качественно изменить отрасль, запустив производства признанных мировых лидеров – Wabtec, Alstom и Stadler», — подчеркнул министр. На сегодня уровень локализации по отдельным видам продукции уже достиг 35-40%. Сейчас работа по повышению казахстанского содержания продолжается через расширение сотрудничества с отечественными поставщиками, освоение выпуска новых видов деталей и создание совместных предприятий. По итогам пяти месяцев выпуск подвижного состава вырос более чем на 9%, а по некоторым видам продукции – до 1,7 раза. 📱 @KZgovernment