POLISIA.KZ » публикация №17355
🔹 "Қызмет адамдары" жобасы: адам өміріне араша түскен полицейлер Ақмола облысы ПД-да ең қиын сәттерде адамдардың жанынан табылып, оларға көмек қолын созған сақшылар туралы баяндайтын "Қызмет адамдары" жобасы басталды. Жобаның алғашқы кейіпкері – патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Ермек Самархан. 2025 жылдың тамыз айында Ермек Самархан әріптесі Нұрдәулет Оралбайұлымен бірге өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам туралы хабарлама алған. Оқиға Бурабай ауданына қарасты Кенесары ауылының маңында болған. Ер адам Астана – Петропавл автожолынан 500 метр қашықтықта даладан табылған. Ауыр халде болған, көп қан жоғалтқан азаматқа сақшылар дереу алғашқы көмек көрсеткен. Ермек пен Нұрдәулет жәбірленушіні қызметтік көлікке отырғызып, жедел жәрдем бригадасына жеткізген. Ер адам дәрігерлерге тапсырылғаннан кейін де патрульшілер жедел жәрдем көлігіне ауруханаға дейін жол бастап барған. Олардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ер адам аман қалды. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 История полицейского, который спасает жизни людей в Акмолинской области В департаменте полиции Акмолинской области стартовал проект "Лица службы", рассказывающий о сотрудниках, которые в самые трудные моменты оказываются рядом с людьми и приходят им на помощь. Первым героем проекта стал старший инспектор батальона патрульной полиции Ермек Самархан. В августе 2025 года он вместе с напарником выехал на сообщение о мужчине, пытавшемся совершить суицид. Полицейские обнаружили его в тяжелом состоянии, оказали первую помощь, остановили кровотечение и оперативно доставили к врачам. Благодаря их действиям жизнь человека удалось спасти. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























