Life News Новостной агрегатор

Минобороны РК » публикация №33046

Источник: Минобороны РК
Минобороны РК » публикация №33046

🇰🇿 Алматы облысында Sarbaz+ жобасының 89 қатысушысы Әскери ант қабылдады 78460 әскери бөлімінің базасында жүзеге асырылып жатқан Sarbaz+ жобасы сұранысқа ие технологиялық бағыттар бойынша мамандар даярлауға бағытталған. 🇰🇿 89 участников проекта Sarbaz+ приняли Военную присягу в Алматинской области Проект Sarbaz+, реализуемый на базе войсковой части 78460, направлен на подготовку специалистов по востребованным технологическим направлениям. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20447
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20447

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

📢📢 Мәжілістің жалпы отырысы тікелей эфирде: 📱 YouTube 🌐 Сайт Жалпы отырыста қаралатын заң жобалары: - «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасы - «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы - «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы - «2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы __ 📢📢 Пленарное заседание Мажилиса в прямом эфире: 📱 YouTube 🌐 Сайт Сегодня на пленарном заседании: - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о статусе формирований сил и средств системы коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности от 10 декабря 2010 года» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о сотрудничестве государств – членов Организации Договора о коллективной безопасности в области перевозок воинских и других формирований, их движимого имущества, а также продукции военного назначения от 15 сентября 2015 года» t.me/mazhilis_kz


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15201
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15201

Telegram-канал Сената Парламента РК ·

Председатель Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадина Абылкасымова рассказала на подкасте Taldau Talks о важности сохранения и дальнейшего расширения мер господдержки бизнеса. По ее словам, сегодня рассматривается вопрос увеличения максимальной суммы кредита с субсидированием процентной ставки для микро- и малого бизнеса с 200 до 500 миллионов тенге. Это позволит предпринимателям сохранить доступ к оборотным средствам, продолжить развитие проектов и укрепить устойчивость бизнеса. Смотрите новый выпуск по ссылке 🚀@senate_kz


ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6670
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6670

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ·

◾️ Житель Алматы обратился в суд с иском к бывшей супруге об изменении размера алиментов на троих детей 2009, 2012 и 2015 годов рождения. ◾️ Истец просил суд снизить размер алиментов до 5 МРП на каждого ребенка, ссылаясь на ухудшение материального положения. ◾️ В обоснование требований он указал, что работает у индивидуального предпринимателя и получает заработную плату в размере 100 тыс.тенге. ◾️ Ранее, в 2016 году судом с него были взысканы алименты в размере 20 МРП на каждого ребенка до достижения ими совершеннолетия. ◾️ Суды первой и апелляционной инстанций частично удовлетворили иск, снизив размер алиментов до 10 МРП на каждого ребенка. ◾️ Эти решения мать детей оспорила в кассации. ◾️ Кассационный суд по гражданским делам, рассмотрев дело, указал, что истцом не предоставлены доказательства ухудшения его материального положения. ◾️ Согласно материалам дела, в том числеданным налоговой отчетности, на момент обращения в суд истец фактически не работалу указанного ИП и имел достаточный доход для содержания детей. ◾️ Кроме того, установлено, что принадлежащий емуавтомобиль был формально подарен сестре, но фактически продолжал находиться в его пользовании, что свидетельствует о сокрытии имущества и уклонении от исполнения алиментных обязательств. ◾️ Учитывая отсутствие надлежащих доказательств ухудшения материального положения или семейного положения истца,кассационный суд отметил решения нижестоящих судов и вынес новое решение – об отказе в удовлетворении иска о снижении размера алиментов. При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник - Верховный Суд Республики Казахстан. https://t.me/kass_sud_kz


ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6669
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6669

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ·

◾️ Алматы қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайына қатысты сотқа талап қоюмен жүгініп, 2009, 2012 және 2015 жылдары туған үш баласына төленетін алимент мөлшерін азайтуды сұраған. ◾️ Талап қоюшы материалдық жағдайының нашарлағанын алға тартып, әр балаға төленетін алиментті 5 АЕК мөлшеріне дейін төмендетуді өтінген. ◾️ Ол талабына негіз ретінде жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтінін және ай сайынғы жалақысы 100 мың теңге екенін көрсеткен. ◾️ Бұған дейін, 2016 жылы сот шешімімен одан әр балаға кәмелет жасына толғанға дейін 20 АЕК мөлшерінде алимент өндірілген болатын. ◾️ Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды ішінара қанағаттандырып, алимент мөлшерін әр балаға 10 АЕК-ке дейін төмендеткен. ◾️ Алайда балалардың анасы бұл шешімдерге кассациялық тәртіппен шағым түсірген. ◾️ Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот істі қарап, талап қоюшы өзінің материалдық жағдайының нашарлағанын дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағанын атап өтті. ◾️ Іс материалдарына, соның ішінде салық есептілігі деректеріне сәйкес, талап қоюшы сотқа жүгінген кезде көрсетілген жеке кәсіпкерлікте іс жүзінде жұмыс істемеген және балаларын асырауға жеткілікті табысқа ие болған. ◾️ Сонымен қатар, оған тиесілі автокөліктің формальды түрде әпкесіне сыйға тартылғаны анықталғанымен, көлік іс жүзінде оның өз пайдалануында қалған. ◾️ Бұл оның мүлкін жасырып, алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерден жалтаруға тырысқанын көрсетеді. ◾️ Талап қоюшының материалдық немесе отбасылық жағдайының нашарлағанын растайтын тиісті дәлелдемелер болмағандықтан, кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерінің күшін жойып, алимент мөлшерін азайту туралы талап қоюдан қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім қабылдады. Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет. https://t.me/kass_sud_kz



ҚТЖ PRESS » публикация №13329
ҚТЖ PRESS » публикация №13329

ҚТЖ PRESS ·

🗣«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қарағанөзек станциясында темір жолдан өту ережелерін бұзушылардың 20 жуығы анықталды 🔵Қарағанды өңірінде Қарағанөзек станциясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тоқта! Соқтығысулар!» профилактикалық акциясы болып өтті. 🔵Іс – шараны «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы әскерилендірілген теміржол күзеті және Көліктегі полиция желілік бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – жарақаттанудың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру. 🔵Қарағанөзек станциясы бұрын тіркелген жарақат жағдайлары мен вандализм фактілеріне байланысты ерекше бақылауда. Жаяу жүргіншілер көпірінің болуына қарамастан, жеке азаматтар тек теміржол қызметкерлеріне арналған қызметтік өткел арқылы теміржол өткелдерін кесіп өтуді жалғастыруда. 🔵Рейдтік іс-шаралар барысында бір күнде 20 жуық бұзушылық анықталды. Барлығымен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🔵Акция аясында биыл Қарағанды өңірі бойынша 1394 адам қамтылған 105 кездесу мен жиналыс өткізілді, теміржол өткелдерінде және жолдар бойында 65 рейд ұйымдастырылды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша 1002 автокөлік жүргізушісі нұсқаулықтан өтті. 🔵Темір жолға жануарлардың шығуын болдырмау үшін мал иелеріне ҚР ӘҚБК-ден 2724 үзінді көшірмесі табыс етілді, 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін 70 ресми хат жолданды. 🔵ҚТЖ теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелері мен заңнама талаптарын сақтау «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігі және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті шарты болып табылатынын еске салады. ➖➖➖ 🗣В рамках концепции «Закон и порядок» на станции Караганозек выявили около 20 нарушителей правил перехода железнодорожных путей 🔵В Карагандинском регионе на станции Караганозек в рамках реализации концепции «Закон и порядок», инициированной Главой государства, прошла профилактическая акция «Стоп! Наезды!». 🔵Мероприятие организовано филиалом АО «НК «ҚТЖ» – «Карагандинское отделение магистральной сети» совместно с сотрудниками военизированной железнодорожной охраны и Линейного отдела полиции на транспорте. Основная цель акции — предупреждение травматизма, пресечение правонарушений и формирование культуры безопасного поведения на объектах железнодорожного транспорта. 🔵Станция Караганозек находится на особом контроле в связи с ранее зарегистрированными случаями травматизма и фактами вандализма. Несмотря на наличие пешеходного моста, отдельные граждане продолжают пересекать железнодорожные пути по служебному переходу, предназначенному исключительно для работников железной дороги. 🔵В ходе рейдовых мероприятий за один день выявлено около 20 нарушителей. Со всеми проведены профилактические беседы и разъяснительная работа по соблюдению требований безопасности. 🔵В рамках акции в этом году по Карагандинскому региону проведено 105 встреч и собраний с охватом 1394 человек, организовано 65 рейдов на железнодорожных переездах и вдоль путей. Инструктаж по вопросам безопасности прошли 1002 водителя автотранспорта. 🔵Для предупреждения выхода животных на железнодорожные пути владельцам скота вручено 2724 выписки из КоАП РК, 13 человек привлечены к административной ответственности. В местные исполнительные органы направлено 70 официальных писем для принятия дополнительных мер по обеспечению безопасности. 🔵КТЖ напоминает, что соблюдение правил безопасности и требований законодательства на объектах железнодорожного транспорта является важной составляющей концепции «Закон и порядок» и необходимым условием сохранения жизни и здоровья граждан.



POLISIA.KZ » публикация №17359
POLISIA.KZ » публикация №17359

POLISIA.KZ ·

🇰🇿🇨🇿 Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды Толық ақпарат сайтта. 🇰🇿🇨🇿 Полиция Казахстана и Чехии разоблачили международный канал по распространению персональных данных граждан РК и стран СНГ Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17358
POLISIA.KZ » публикация №17358

POLISIA.KZ ·

🔹 Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда Толық ақпарат сайтта. 🔹 Криптокошельки, транзакции, синтетика: МВД бьет по финансовым и цифровым схемам наркобизнеса Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17357
POLISIA.KZ » публикация №17357

POLISIA.KZ ·

🎥 Полицейский спас мужчину в Жезказгане: кадры с видеожетона Инцидент произошел вечером 6 апреля. В 22:27 часов в полицию поступило сообщение о мужчине, повисшем на окне третьего этажа одного из жилых домов. Когда прибывшие на место сотрудники оценили обстановку, стало ясно: счет идет на секунды. Мужчина едва удерживался на карнизе и в любой момент мог сорваться вниз. Не теряя времени на вскрытие двери, стражи порядка приняли решение действовать через соседнюю квартиру. Поднявшись на второй этаж, инспектор службы патрульной полиции Ахмет Балгабай открыл окно, демонтировал защитную сетку и вместе с напарником сумел схватить мужчину и затащить его внутрь буквально за мгновения до возможного падения. Еще один случай произошел 31 марта этого года. Во время пожара в жилом доме Ахмет Балгабай вместе с коллегами участвовал в эвакуации жильцов и вынес мужчину из задымленного помещения.


POLISIA.KZ » публикация №17356
POLISIA.KZ » публикация №17356

POLISIA.KZ ·

🎥 Жезқазғанда полицей ер адамды құтқарып қалды: бейнежетонға түсірілген кадр Оқиға 6 сәуір күні кешкі уақытта болған. Сағат 22:27-де полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің үшінші қабатындағы терезеде ілініп тұрған ер адам туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жағдайды бағалап, әр секундтың маңызды екенін түсінді. Ер адам карнизден ұстап тұрған және кез келген сәтте төменге құлап кетуі мүмкін еді. Есікті бұзып ашуға уақыт жоғалтпай, полиция қызметкерлері көрші пәтер арқылы әрекет етуді ұйғарған. Екінші қабаттағы пәтерге көтерілген патрульдік полиция қызмет инспекторы Ахмет Балғабай терезені ашып, қорғаныш торын алып тастады. Кейін ол әріптесімен бірге ер адамды ұстап алып, ішке тартып кіргізіп үлгерді. Биылғы жылдың 31 наурызында ұқсас оқиға болған. Тұрғын үйдегі өрт кезінде Ахмет Балғабай әріптестерімен бірге тұрғындарды эвакуациялауға қатысып, түтінге толған бөлмеден бір ер адамды көтеріп алып шыққан.


UKIMET » публикация №24490
UKIMET » публикация №24490

UKIMET ·

Қазақстан мен Иран көлік дәлізін, порт инфрақұрылымын және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге келісті 📌ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран Ислам Республикасы Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Иран президентінің 2025 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықты іске асыруды, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуды, порт инфрақұрылымын кеңейтуді, өзара сауда көлемін ұлғайтып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруді талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыруды тездетіп, инвестор тарту жұмысын жедел үйлестіруді қамтамасыз ету мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды жандандыру ниетін растады. ➖ Казахстан и Иран договорились ускорить развитие транспортных коридоров, портовой инфраструктуры и инвестиционного сотрудничества 📌Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин провел двустороннюю встречу с делегацией Исламской Республики Иран во главе с Министром дорог и городского развития Фарзане Садек. Стороны обсудили реализацию договоренностей, достигнутых главами государств в ходе официального визита Президента Ирана в Казахстан в декабре 2025 года, развитие международного транспортного коридора «Север - Юг», расширение портовой инфраструктуры, увеличение объемов взаимной торговли и совершенствование транспортно-логистических связей между двумя странами. По итогам встречи стороны подтвердили намерение ускорить реализацию договоренностей, достигнутых на высшем уровне, обеспечить оперативную координацию работы по привлечению инвесторов, активизировать развитие транспортно-логистической инфраструктуры. 📱@KZgovernment


Aqorda » публикация №33492
Aqorda » публикация №33492

Aqorda ·

Глава государства принял заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева 🟦Президент был проинформирован об итогах Alatau City Roadshow, организованного в Китайской Народной Республике. Канат Бозумбаев: ➤ сообщил, что в рамках международной презентации проведено 20 мероприятий и встреч, по результатам которых подписано 30 соглашений и меморандумов на сумму 6,4 млрд долларов. 🟦В ходе встречи с мэром города Шэньчжэня Цинь Вэйчжуном, главой администрации САР Гонконг Джоном Ли, а также с руководством крупных международных компаний были представлены инвестиционные возможности города Алатау. ➤ доложил о планах работы с учетом его поручений, озвученных в ходе недавней рабочей поездки в Алматинскую область. ➤ отчитался о реализации проектов в сфере водных ресурсов, включая модернизацию гидротехнических сооружений и строительство новых водохранилищ и каналов. 🟦Кроме того, рассмотрен ход исполнения национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». 🟦В этом году на обновление жилищно-коммунальной инфраструктуры будет направлено более 1,1 триллиона тенге, что является рекордной суммой за годы независимости. Финансирование будет обеспечено за счет заемных средств отечественных и международных финансовых институтов. Эти меры позволят в течение трех лет снизить износ коммунальных сетей до 40%. Глава государства: ❗️указал на необходимость широкого привлечения отечественных товаропроизводителей к проектам по модернизации энергетической и коммунальной инфраструктуры. 📌поручил держать на особом контроле прохождение вегетационного периода, особенно в южных областях. 📌 отметил важность формирования устойчивой модели развития Alatau City и создания благоприятной среды для привлечения глобального капитала и внедрения инноваций. Правительству поручено выделить необходимые средства на развитие инфраструктуры города Алатау. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33491
Aqorda » публикация №33491

Aqorda ·

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады 🟦Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді. Қанат Бозымбаев: ➤ халықаралық таныстырылым аясында 20 іс-шара мен бірқатар кездесу өткенін айтты. 🟦Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылған. 🟦Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен жүздесуде Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған. ➤ Мемлекет басшысының жуырда Алматы облысына сапары кезінде берген тапсырмаларын ескере отырып жасалған жұмыс жоспарын баяндады. ➤ су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу туралы есеп берді. 🟦Бұдан бөлек, кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу барысы қарастырылды. 🟦Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді.Бұл – тәуелсіздік жылдарында салаға бағытталған ең қомақты сома. Қаржыландыруды отандық және халықаралық қаржы институттары қамтамасыз етеді. Аталған шаралар үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін қысқартады. Мемлекет басшысы: ❗️энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігіне назар аударды. 📌еліміздегі, әсіресе, оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін айрықша бақылауды ұстауды тапсырды. 📌Алатау қаласын дамытуға арналған орнықты модель қалыптастырудың, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндетін жүктеді. t.me/aqorda_resmi


MFA Qazaqstan » публикация №24865
MFA Qazaqstan » публикация №24865

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Касабланкада Азия мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жолдары талқыланды 🔸 В Касабланке обсуждены пути наращивания торгово-экономического партнерства между Азией и Марокко 🔹 Asia and Morocco Chart a Course for Stronger Trade and Economic Partnership @PressMFAKZ


ТРК Президента » публикация №12329
ТРК Президента » публикация №12329

ТРК Президента ·

📌 Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Мемлекет басшысына ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндалды. ▫️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді. ▫️Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді. @ptrkkz


Aqorda » публикация №33490
Aqorda » публикация №33490

Aqorda ·

Глава государства провел заседание Совета Безопасности Республики Казахстан 🟦Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Совета Безопасности Республики Казахстан, на котором были заслушаны доклады членов Правительства о текущем состоянии космической сферы, реализуемых проектах и перспективах ее развития. 🟦Глава государства в своем выступлении подчеркнул стратегическое значение космической отрасли, уделив особое внимание обеспечению устойчивого функционирования спутниковой связи и космической инфраструктуры. 🟦Заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев представил информацию о реализации ключевых проектов космической отрасли, направленных на развитие спутниковых систем, совершенствование космической инфраструктуры и внедрение прикладных решений на основе космических данных в интересах экономики и государственного управления. 🟦Касым-Жомарт Токаев отметил, что глобальный космический сектор претерпевает коренные изменения. По его словам, эпоха, когда космическая деятельность была уделом «закрытого клуба» великих держав, осталась в прошлом. Сегодня на смену приходят частные компании, которые активно развивают прикладные направления, включая связь, вещание, навигацию, космомониторинг, научные исследования и обеспечение доступа к интернету. 🟦Отдельно были рассмотрены вопросы развития космической науки. Отмечена необходимость дальнейшей поддержки научных исследований, в том числе в области астрофизики. Положительно оценена реализация проекта «Байтерек», который стал важным этапом в укреплении национального технологического и инженерного потенциала. 🟦Глава государства также остановился на перспективах международного сотрудничества, указав на необходимость развития стратегического взаимодействия с Российской Федерацией и другими зарубежными партнерами. Подчеркнута важность улучшения социально-бытовых условий жизни граждан, проживающих в городе Байконыр и близлежащих районах. 🟦По итогам заседания Правительству дан ряд конкретных поручений, направленных на модернизацию космической отрасли и повышение эффективности использования ее потенциала в интересах государства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №33487
Aqorda » публикация №33487

Aqorda ·

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. 🟦Мемлекет басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. 🟦Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді. 🟦Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысы оң бағаланды. 🟦Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді. 🟦Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi


MFA Qazaqstan » публикация №24864
MFA Qazaqstan » публикация №24864

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қазақстан мен Испания стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады 🔸 Казахстан и Испания подтвердили стремление к углублению стратегического партнёрства 🔹 Kazakhstan and Spain Reaffirmed their Commitment to Further Deepening Strategic Partnership @PressMFAKZ



Минобороны РК » публикация №33041
Минобороны РК » публикация №33041

Минобороны РК ·

🇰🇿 Таразда әскери міндеттілер Әскери ант қабылдады Әскери жиындарға шақырылған 120 әскери міндеттінің 65-і ант қабылдады. Олардың қатарында оқуына, жұмысына немесе басқа себептерге байланысты әскерге бармаған және жоғары оқу орнында әскери кафедрада оқымаған азаматтар бар. 🇰🇿 В Таразе военнообязанные приняли Военную присягу Из 120 военнообязанных, призванных на воинские сборы, присягу приняли 65 человек. Это те, кто по различным причинам – из-за учебы, работы или отсрочки – не проходил срочную воинскую службу и не обучался на военной кафедре вуза. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


POLISIA.KZ » публикация №17355
POLISIA.KZ » публикация №17355

POLISIA.KZ ·

🔹 "Қызмет адамдары" жобасы: адам өміріне араша түскен полицейлер Ақмола облысы ПД-да ең қиын сәттерде адамдардың жанынан табылып, оларға көмек қолын созған сақшылар туралы баяндайтын "Қызмет адамдары" жобасы басталды. Жобаның алғашқы кейіпкері – патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Ермек Самархан. 2025 жылдың тамыз айында Ермек Самархан әріптесі Нұрдәулет Оралбайұлымен бірге өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам туралы хабарлама алған. Оқиға Бурабай ауданына қарасты Кенесары ауылының маңында болған. Ер адам Астана – Петропавл автожолынан 500 метр қашықтықта даладан табылған. Ауыр халде болған, көп қан жоғалтқан азаматқа сақшылар дереу алғашқы көмек көрсеткен. Ермек пен Нұрдәулет жәбірленушіні қызметтік көлікке отырғызып, жедел жәрдем бригадасына жеткізген. Ер адам дәрігерлерге тапсырылғаннан кейін де патрульшілер жедел жәрдем көлігіне ауруханаға дейін жол бастап барған. Олардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ер адам аман қалды. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 История полицейского, который спасает жизни людей в Акмолинской области В департаменте полиции Акмолинской области стартовал проект "Лица службы", рассказывающий о сотрудниках, которые в самые трудные моменты оказываются рядом с людьми и приходят им на помощь. Первым героем проекта стал старший инспектор батальона патрульной полиции Ермек Самархан. В августе 2025 года он вместе с напарником выехал на сообщение о мужчине, пытавшемся совершить суицид. Полицейские обнаружили его в тяжелом состоянии, оказали первую помощь, остановили кровотечение и оперативно доставили к врачам. Благодаря их действиям жизнь человека удалось спасти. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20446
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20446

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

Ертең Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөнінде заң жобасы қаралады. Жалпы Келісім былтыр 27 маусымда Минск қаласында жасалған еді. Оның негізгі мақсаты - ЕЭО мен БАО арасындағы сауда қатынастарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарларды Таяу Шығыс нарығына шығару үшін қолайлы жағдайлар жасау. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіміздің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі ретінде саналады. Сол себепті тиісті құжат қос тарап үшін сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттыру үшін берік негіз болмақ. Толығырақ заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев айтып берді. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram


Минобороны РК » публикация №33040
Минобороны РК » публикация №33040

Минобороны РК ·

🎖 Стань специалистом и пополни ряды военнообученного резерва! 🇰🇿 Обучение в Военно-технической школе Министерства обороны дает возможность гражданам Казахстана освоить военно-учетную специальность, получить военный билет, а при необходимости – поступить на военную службу по контракту. 👨‍🎓 На обучение принимаются: ✅ призывники в возрасте от 24 до 27 лет, которые по различным причинам не прошли срочную воинскую службу; ✅ военнообязанные, годные к военной службе или имеющие незначительные ограничения по состоянию здоровья. 📋 Количество обучаемых специалистов ежегодно определяется Министерством обороны. 💻 Для постановки в очередь на обучение необходимо подать заявку через портал eGov.kz. 🔹 В разделе «Воинский учет и безопасность» доступна государственная услуга: «Постановка в очередь призывников и военнообязанных для направления на подготовку по военно-техническим и иным специальностям». 💰 Стоимость подготовки по специальности в 2026 году составляет 545 000 тенге. ⚙️ В военно-технических школах граждане получают специальности: 🚛 материально-технического обеспечения; 🛡 боевого обеспечения; 🎯 боевых специальностей. 🔧 Здесь готовят: 🚚 специалистов логистических центров; 🔩 специалистов по ремонту автомобильной и бронетанковой техники; ⚡️ автоэлектриков; 🔋 аккумуляторщиков; 🔥 газо- и электросварщиков; 👨‍🍳 поваров; 🥖 пекарей; 👨‍💻 и других востребованных специалистов. 🛸 Для обеспечения потребностей Вооруженных сил в пилотном режиме реализуется программа подготовки операторов беспилотных авиационных систем. ⏳ В зависимости от выбранной специальности продолжительность обучения составляет в среднем 40–46 дней. 🏠 На период обучения слушатели обеспечиваются: 👕 военной формой одежды; 🛏 местом проживания; 🍽 трехразовым питанием. 💼 За обучающимися сохраняются: ✅ место работы; ✅ занимаемая должность. ⚖️ Законодательством предусмотрены: 🚫 запрет на увольнение по инициативе работодателя; 🚫 запрет на отчисление из организаций образования; 📚 предоставление учебных отпусков. 🎓 По завершении обучения выпускники: 🇰🇿 принимают Военную присягу; 📜 получают сертификат; ⭐️ получают воинское звание «рядовой»; 🪪 получают военный билет. 🛡 Граждане, прошедшие обучение в военно-технической школе, зачисляются в состав военнообученного резерва и не подлежат призыву на срочную воинскую службу. 📍 Военно-технические школы действуют в городах: 🏙 Актобе, Алматы, Атырау, Караганда, Кокшетау, Кызылорда, Павлодар, Семей, Талдыкорган, Тараз, Усть-Каменогорск, Уральск и Шымкент. ☎️ Информацию о сроках набора и формировании учебных потоков можно получить в местных органах военного управления и военно-технических школах. 💪 🇰🇿 Получи востребованную специальность, военный билет и стань частью военнообученного резерва Казахстана! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


Минобороны РК » публикация №33039
Минобороны РК » публикация №33039

Минобороны РК ·

🎖 Маман атанып, әскери дайындықтан өткен резерв қатарына қосыл! 🇰🇿 Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінде оқу Қазақстан азаматтарына әскери-есептік мамандықты меңгеруге, әскери билет алуға және қажет жағдайда келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіндік береді. 👨‍🎓 Оқуға: ✅ мерзімді әскери қызметтен түрлі себептермен өтпеген 24 пен 27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар; ✅ әскери қызметке жарамды немесе денсаулық жағдайына байланысты болмашы шектеулері бар әскери міндетті азаматтар қабылданады. 📋 Жыл сайын даярланатын әскери-техникалық мамандардың саны Қорғаныс министрлігі тарапынан айқындалады. 💻 Оқуға кезекке тұру үшін eGov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет. 🔹 «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінде: 📄 «Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді кезекке қою» мемлекеттік қызметі орналастырылған. 💰 2026 жылы бір мамандық бойынша даярлау құны 545 мың теңгені құрайды. ⚙️ Әскери-техникалық мектептерде азаматтар: 🛡 әскери; 🚚 материалдық-техникалық; 🎯 әскери қамтамасыз ету бағыттарындағы мамандықтарды меңгереді. 🔧 Мұнда: 🚛 логистикалық орталықтардың мамандары; 🔩 автокөлік пен сауытты техниканы жөндеу шеберлері; ⚡️ автоэлектриктер; 🔋 аккумуляторшылар; 🔥 газ және электр дәнекерлеушілер; 👨‍🍳 аспаздар; 🥖 наубайшылар; 👨‍🔧 және басқа да мамандар даярланады. 🛸 Қарулы күштердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде ұшқышсыз басқарылатын авиациялық құрылғылар операторларын даярлау бағдарламасы іске асырылып жатыр. ⏳ Таңдаған мамандыққа байланысты оқу мерзімі орта есеппен 40–46 күнді құрайды. 🏠 Оқу кезінде тыңдаушылар: 👕 әскери киіммен; 🛏 жатын орынмен; 🍽 күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. 💼 Сонымен қатар: ✅ жұмыс орны; ✅ атқарып отырған лауазымы сақталады. ⚖️ Заң бойынша: 🚫 жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға; 🚫 білім беру ұйымынан оқудан шығаруға тыйым салынады. 📚 Оларға оқу демалысы да беріледі. 🎓 Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер: 🇰🇿 Әскери ант береді; 📜 сертификат алады; ⭐️ «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріледі; 🪪 әскери билет тапсырылады. 🛡 Әскери-техникалық мектепте оқыған азаматтар әскери даярланған резерв құрамына енгізіліп, мерзімді әскери қызметке шақырылмайды. 📍 Әскери-техникалық бейіндегі білім беру ұйымдары: 🏙 Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. ☎️ Оқу легіне қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты жергілікті әскери басқару органдарынан және әскери-техникалық мектептерден алуға болады. 💪🇰🇿 Сұранысқа ие мамандық меңгеріп, әскери билет алып, әскери даярланған резерв қатарына қосыл! 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com


ҚТЖ PRESS » публикация №13326
ҚТЖ PRESS » публикация №13326

ҚТЖ PRESS ·

🚂Алғашқы күндері «Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады 🔵«Нұрлы жол» теміржол кешені аумағында ашылған Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы алғашқы күндері-ақ 300 астам адамды қабылдап, елорданың жаңа мәдени және туристік орталығы мәртебесіне тез қол жеткізді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен «ҚТЖ «ҰК» АҚ басшылығы 3200 шаршы метр аумақты алып жатқан ауқымды кешеннің жұмысына бастау берді. 🔵Алғашқы экскурсиялардың басты қонақтары балалар үйінің тәрбиеленушілері, компания қолдаған дарынды балалар, сондай-ақ жетекші республикалық журналистер мен блогерлер болды. Машинистердің интерактивті симуляторларын, елдегі жалғыз көлемді экранды және аңызға айналған түпнұсқа локомотивтерді үйлесімді түрде біріктірген мұражай өскелен ұрпақты үлкен қуанышқа бөледі. 🔵ҚТЖ-ның кәсіби гидтері мен тәжірибелі машинист-нұсқаушылары балаларды күн сайын төрт тақырыптық зал бойынша аралатып, шынайы пойыздар кабиналарына көтерілуге және өздерін нағыз теміржолшы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бүгінде мұражайға деген қызығушылық артып келеді, ал кіреберісте Қазақстанның болат магистральдарының тарихына қол тигізгісі келетіндерден үзіліс жоқ. 🔵250 тарихи жәдігердің бірегей экспозициясының кадрларымен белсенді түрде бөлісетін медиа қауымдастық пен пікір көшбасшылары бұл кешенді күн сайын жастарды технологияға деген сүйіспеншілікке, инженерлердің еңбегіне құрметпен қарауға және болашақ мамандықтар үшін жаңа көкжиектер ашатын нағыз «темір жолдың баурап алар орыны» деп атайды. ➖➖➖ 🚂За первые дни уникальный Музей железной дороги на вокзале «Нұрлы жол» принял более 300 посетителей 🔵Открывшийся на территории железнодорожного комплекса «Нұрлы жол» Музей истории железных дорог Казахстана стремительно завоевал статус нового культурного и туристического центра столицы, приняв за первые дни работы более 300 человек. Старт работе масштабного комплекса площадью 3200 квадратных метров дали аким Астаны Женис Касымбек и руководство АО «НК «ҚТЖ». 🔵Главными гостями первых экскурсий стали воспитанники детских домов, одарённые дети, поддержанные компанией, а также ведущие республиканские журналисты и блогеры. Музей, гармонично объединивший интерактивные симуляторы машинистов, единственный в стране волюметрический экран и легендарные оригинальные локомотивы, вызвал колоссальный восторг у подрастающего поколения. 🔵Профессиональные гиды и опытные машинисты-инструкторы КТЖ ежедневно водят детей по четырем тематическим залам, позволяют им подниматься в настоящие кабины поездов и примерять на себя роль железнодорожников. Сегодня интерес к музею только растет, а у входа буквально нет отбоя от желающих прикоснуться к истории стальных магистралей Казахстана. 🔵Медиасообщество и лидеры мнений, активно делящиеся кадрами уникальной экспозиции из 250 исторических артефактов, единодушно называют этот комплекс настоящим «местом притяжения железных дорог», которое каждый день прививает молодежи любовь к технологиям, уважение к труду инженеров и открывает новые горизонты для будущих профессий.


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20445
ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20445

ҚР Парламенті Мәжілісі ·

📆17 маусым күні сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Депутаттар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ депутаттар назарына бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Бұдан бөлек, жалпы отырыстың күн тәртібіне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы жобалар енгізілген. Сонымен қатар салалық депутаттар комитеттер бірқатар жаңа құжаттарды жұмысқа қабылдау туралы мәселені қарайды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бар. 📢📢Тікелей эфирді Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook-тегі парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарының эфирінен көре аласыздар. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды да қарай жүріңіздер. __ 📆17 июня в 10:00 состоится пленарное заседание Мажилиса. Депутаты рассмотрят проект ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития». Также на рассмотрение выносится законопроект о ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны. Кроме того, в повестку пленарного заседания включены проекты ратификации протоколов по вопросам сотрудничества государств – членов ОДКБ. Также профильные комитеты рассмотрят вопрос о принятии в работу ряда новых документов. В их числе проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о займе (Программа инклюзивного и устойчивого экономического роста) между Республикой Казахстан и Азиатским Банком Инфраструктурных Инвестиций», а также проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов». 📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте mazhilis.parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly. Следите за обновлениями в наших социальных сетях. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram


Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15195
Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15195

Telegram-канал Сената Парламента РК ·

🙂Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Әли Бектаевтың төрағалығымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы рөлі талқыланды. Кездесуде ӘКК-лерді өңірлік даму институты ретінде дамыту, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру, инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сенаторлар ӘКК қызметінің ашықтығын арттыру, корпоративтік басқаруды жетілдіру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға бағытталған тиімді тетіктерді одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. 🚀@senate_kz


MFA Qazaqstan » публикация №24863
MFA Qazaqstan » публикация №24863

MFA Qazaqstan ·

​​🔹 Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды 🔸 Вопросы сотрудничества в сфере обороны обсуждены в Белграде 🔹 Defense Cooperation Issues Discussed in Belgrade @PressMFAKZ


Комитет государственных доходов РК » публикация №11688
Комитет государственных доходов РК » публикация №11688

Комитет государственных доходов РК ·

📌 МКК онлайн-сервистері — азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы МКК порталында қажетті ақпаратты алуға және салық міндеттемелерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ орындауға мүмкіндік беретін электрондық сервистер қолжетімді. 💻 Пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады: • салық төлеушілер мен контрагенттерді тексеру; • ҚҚС және салық берешегі туралы мәліметтерді алу; • салықтар мен бюджетке төлемдерді онлайн төлеу; • БКМ мен салық режимдерін тексеру; • онлайн кезекті брондау; • салықтар, өсімпұлдар және кедендік төлемдер бойынша калькуляторларды пайдалану; • салық есептілігінің және өтініштердің өзекті нысандарын алу. Сонымен қатар, портал арқылы кері байланыс қалдыруға және сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге болады. 🔗 МКК порталы: http://portal.kgd.gov.kz МКК-нің цифрлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз — жылдам, ыңғайлы және ашық! Толығырақ сілтеме бойынша🔗 ——— 📌 Онлайн-сервисы КГД — удобно для граждан и бизнеса На Портале КГД доступны электронные сервисы, позволяющие получать необходимую информацию и выполнять налоговые обязательства без посещения органов государственных доходов. 💻 Пользователям доступны: • проверка налогоплательщиков и контрагентов; • сведения по НДС и налоговой задолженности; • онлайн-оплата налогов и платежей в бюджет; • проверка ККМ и налоговых режимов; • онлайн-бронирование очереди; • калькуляторы налогов, пени и таможенных платежей; • актуальные формы налоговой отчетности и заявлений. Также на портале можно оставить обратную связь и предложения по улучшению сервисов. 🔗 Портал КГД: http://portal.kgd.gov.kz Используйте цифровые возможности КГД — быстро, удобно и прозрачно! Подробно по ссылке 🔗