ҚТЖ PRESS » публикация №13329
🗣«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қарағанөзек станциясында темір жолдан өту ережелерін бұзушылардың 20 жуығы анықталды 🔵Қарағанды өңірінде Қарағанөзек станциясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тоқта! Соқтығысулар!» профилактикалық акциясы болып өтті. 🔵Іс – шараны «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы әскерилендірілген теміржол күзеті және Көліктегі полиция желілік бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – жарақаттанудың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру. 🔵Қарағанөзек станциясы бұрын тіркелген жарақат жағдайлары мен вандализм фактілеріне байланысты ерекше бақылауда. Жаяу жүргіншілер көпірінің болуына қарамастан, жеке азаматтар тек теміржол қызметкерлеріне арналған қызметтік өткел арқылы теміржол өткелдерін кесіп өтуді жалғастыруда. 🔵Рейдтік іс-шаралар барысында бір күнде 20 жуық бұзушылық анықталды. Барлығымен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🔵Акция аясында биыл Қарағанды өңірі бойынша 1394 адам қамтылған 105 кездесу мен жиналыс өткізілді, теміржол өткелдерінде және жолдар бойында 65 рейд ұйымдастырылды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша 1002 автокөлік жүргізушісі нұсқаулықтан өтті. 🔵Темір жолға жануарлардың шығуын болдырмау үшін мал иелеріне ҚР ӘҚБК-ден 2724 үзінді көшірмесі табыс етілді, 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін 70 ресми хат жолданды. 🔵ҚТЖ теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелері мен заңнама талаптарын сақтау «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігі және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті шарты болып табылатынын еске салады. ➖➖➖ 🗣В рамках концепции «Закон и порядок» на станции Караганозек выявили около 20 нарушителей правил перехода железнодорожных путей 🔵В Карагандинском регионе на станции Караганозек в рамках реализации концепции «Закон и порядок», инициированной Главой государства, прошла профилактическая акция «Стоп! Наезды!». 🔵Мероприятие организовано филиалом АО «НК «ҚТЖ» – «Карагандинское отделение магистральной сети» совместно с сотрудниками военизированной железнодорожной охраны и Линейного отдела полиции на транспорте. Основная цель акции — предупреждение травматизма, пресечение правонарушений и формирование культуры безопасного поведения на объектах железнодорожного транспорта. 🔵Станция Караганозек находится на особом контроле в связи с ранее зарегистрированными случаями травматизма и фактами вандализма. Несмотря на наличие пешеходного моста, отдельные граждане продолжают пересекать железнодорожные пути по служебному переходу, предназначенному исключительно для работников железной дороги. 🔵В ходе рейдовых мероприятий за один день выявлено около 20 нарушителей. Со всеми проведены профилактические беседы и разъяснительная работа по соблюдению требований безопасности. 🔵В рамках акции в этом году по Карагандинскому региону проведено 105 встреч и собраний с охватом 1394 человек, организовано 65 рейдов на железнодорожных переездах и вдоль путей. Инструктаж по вопросам безопасности прошли 1002 водителя автотранспорта. 🔵Для предупреждения выхода животных на железнодорожные пути владельцам скота вручено 2724 выписки из КоАП РК, 13 человек привлечены к административной ответственности. В местные исполнительные органы направлено 70 официальных писем для принятия дополнительных мер по обеспечению безопасности. 🔵КТЖ напоминает, что соблюдение правил безопасности и требований законодательства на объектах железнодорожного транспорта является важной составляющей концепции «Закон и порядок» и необходимым условием сохранения жизни и здоровья граждан.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























