Telegram-канал Сената Парламента РК » публикация №15202
🙂Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде Нұртөре Жүсіптің төрағалығымен «Психологиялық қызмет туралы» заң қаралды. Құжат психологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және сала қызметін құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Заңда психологтардың кәсіби даярлығы мен біліктілігіне қойылатын талаптар айқындалған. Сонымен қатар кәсіби стандарт пен Әдеп кодексін енгізу, мемлекеттік психологтар тізілімін құру және психологиялық қызмет көрсету сапасын арттыру тетіктері қарастырылған. 🚀@senate_kz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























