ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20484
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын басқаруда ынтымақтастықты күшейтеді Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2025 жылғы 15 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған. Оның мақсаты – трансшекаралық су объектілерін тиімді бірлесіп басқаруды, ұтымды пайдалануды, сондай-ақ мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. Келісімде трансшекаралық су объектілері мен мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясын құру көзделеді. Комиссия су ынтымақтастығы мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылын үйлестірумен айналысатын болады. Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су ресурстары саласындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, суды бөлуге байланысты ықтимал келіспеушіліктердің алдын алуға, сондай-ақ екі елдің су шаруашылығы кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. t.me/mazhilis_kz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























