ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20466
Қазақстандық тауарлар БАӘ нарығына шығарылғанда преференцияларға ие болады Мәжіліс бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады. Құжат сондай-ақ қазақстандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығару үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Атап айтқанда, екі тараптан да тауар номенклатурасының кемінде 85%-ына қатысты тарифтік либерализациялау (әкел кезіндегі кедендік баж салығын жою) туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ретте Әмірліктер тарапы 6 757 тауар позициясына (86,0%) қатысты преференциялар береді . Оның ішінде 6 565 позиция бойынша әкелгені кедендік баж салықтарының мөлшерлемесін нөлге түсіру арқылы, ал 192 тауар позициясы бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелгені үшін тарифтік квоталар белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-әрекетті арттырудың берік негізіне айналуға тиіс. t.me/mazhilis_kz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























