Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 24

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 24. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57093

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» ордені табысталды – Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 106 жасқа келген ардақты тұлғаны халқымыз айрықша құрметтейді. Сондықтан мен Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым, – деді Мемлекет басшысы.


Qazaqstan.tv » публикация №57092

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады ✔️Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. – Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Qazaqstan.tv » публикация №57091

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. ✔️Өйткені өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі. – Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан журналистері осы жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін жемісті атқаруда. Наурыз айында біз – бәріміз бір ел болып, конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Еліміздің бас құжаты – жаңа Конституциямыз өз тұғырына қонды. Ата заңды әзірлеу және қабылдау оңай шаруа емес екені анық. Бұл – бірлігі бекем, рухы биік және жарқын болашаққа деген сенімі зор ұлттың ғана қолынан келетін бірегей қадам. Біз осы мақсатқа жету үшін ұзақ жолды жүріп өттік. Арнайы Конституциялық комиссия құрып, Негізгі заңның әр бабын ел мүддесі тұрғысынан мұқият сараладық. Бүкіл жұртты бір мұратқа ұйыстырған ортақ істе медиа саласы мамандарының маңызды рөл атқарғанын ерекше атап өту қажет. Журналистер қауымы Конституциялық комиссияның қызметі туралы сапалы және мазмұнды хабарлар таратты. Сондай-ақ Ата заңға енгізу үшін ұсынылған түзетулерге қатысты жан-жақты талдау жұмысын жүргізді. Науқан кезіндегі тікелей эфирлер, сараптамалық материалдар мен танымдық сұхбаттар – соның айқын дәлелі. Бас құжаттың жобасын дайындау және оны талқылау тәжірибесі мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасын мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Комиссия құрамында масс-медианың беделді өкілдері де болды. Сондықтан журналистер қауымын жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі деп айтсақ, қате болмайды, – деді Президент.


Qazaqstan.tv » публикация №57090

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔹Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.


Qazaqstan.tv » публикация №57089

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇦🇪Қазақстан – БАӘ: Ауыл шаруашылығы мен машина жасауда ынтымақтастық күшейеді Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды. Келісімге 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тауар саудасын одан ары кеңейту және оңайлату мақсатында қол қойылған. ⚪️Сенатор Әлібек Нәутиевтің сөзінше, келісімнің негізгі ерекшелігі - тауар номенклатурасының 85%-дан астамына қатысты импорттық кедендік баждарды жою. «Бұдан бөлек, тауарлардың шығарылған елін анықтау, кедендік ынтымақтастық, ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерлік меншік және басқа да сауда аспектілері енгізілген. Бизнесті дәйекті бейімдеу және аса сезімтал тауарлар бойынша тәуекелдерді болдырмау үшін Келісім ұзақ өтпелі кезеңдерді, ал жекелеген жағдайларда тауарларды еркін сауда режимінен алуды көздейді. Бұл ауыл шаруашылығы (ет, сүт, астық өнімдері), металлургия, және химия өнеркәсібі салаларына тиесілі», - деді ол. ✔️Сонымен қатар, отандық өндірушілерді қорғау мақсатында Келісімде қорғау шараларының тиімді пакеті, оның ішінде импорт күрт өскен жағдайда белгілі бір уақытқа баждар немесе квоталар енгізуге мүмкіндік беретін екіжақты қорғау шараларын қолдану ескерілген. ▶️Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия саласы, сондай-ақ IT-сектор және жаңа технологиялар секілді экономиканың түрлі салаларында қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.


Qazaqstan.tv » публикация №57088

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Атырауда мемлекетке 700 млн теңгеден астам актив қайтарылды Атырау қаласының прокуратурасы жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласына жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекетке жалпы құны 700 млн теңгеден асатын активтерді қайтарды. Прокурорлар сенімгерлік басқаруға берілген бірқатар нысан бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған. Нәтижесінде мемлекет балансына құны 400 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандары қайтарылды. Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісі негізінде ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған, жалпы құны 300 млн теңге болатын 28 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.



Qazaqstan.tv » публикация №57086

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎵 Құрманғазы оркестрінің 77 жыл бұрын түсірілген бейнесі жарияланды Бүгін - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылған күні. Оркестрдің тарихы 1933 жылы Алматы музыка-драма техникумы жанынан құрылған шағын домбыра ансамблінен бастау алған. Ал 1934 жылы композитор әрі академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен ансамбль негізінде тұңғыш қазақ халық аспаптар оркестрі құрылды. ⚜️ Назарларыңызға 1949 жылы оркестрдің құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген архивтік бейнежазбаны ұсынамыз.


Qazaqstan.tv » публикация №57085

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Сенат ҰҚШҰ қызметіне қатысты заңды мақұлдады Сенат «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Сенат депутаты Геннадий Шиповскихтің сөзінше, құжатта ҰҚШҰ әскери құралымдарының мүше мемлекеттер аумағында уақытша болуы мен тасымалдану тәртібі нақтыланады. Сондай-ақ әскери тасымалдауға өтінім беру мерзімі үш тәуліктен бір тәулікке дейін қысқартылады. Бұдан бөлек, ҰҚШҰ шешімімен жүзеге асырылатын тасымалдар кезінде қабылдаушы және транзиттік тараптар бірқатар қызметті өтеусіз негізде көрсетеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57084

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Венесуэлада екі бірдей жойқын жер сілкінісі тіркелді Венесуэлада 1 минут ішінде магнитудасы 7.2 және 7.5 балдық екі жойқын жер сілкінісі қатар болған. Ел астанасы Каракас пен оған жақын аймақтарда тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап қалған. Жер сілкінісінің…


Qazaqstan.tv » публикация №57083

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Айбын-2026»: Жүзуден жарыс өтті «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында жүзуден жарыс өтті. Суда жүзу бағдарламаға биыл алғаш рет қосылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүзу – жас өрендердің тек физикалық емес, психикалық, тіпті зияткерлік дамуына да кешенді әсер ететін ең пайдалы спорт. Сондай-ақ, жасөспірімдер әскери кроссқа қатысты. Қатысушылар қашықтыққа жүгіруді арнайы әскери-қолданбалы жаттығулармен ұштастырып, төзімділік пен мергендік қасиеттерін сынға салды.



Qazaqstan.tv » публикация №57077

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🛜Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды Көлік министрлігінің хабарлауынша, Астана – Семей – Достық бағытындағы №121/122 пойызында Starlink технологиясы бойынша спутниктік интернет қосылған. Қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Пойызда интернетке қосылудың екі нұсқасы бар: 🔹WhatsApp және Telegram-да мәтіндік хабар алмасу үшін тегін қосылуға болады. 🔹Сондай-ақ интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге, бейне сервистерге және жұмыс қосымшаларына арналған ақылы тариф қарастырылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57076

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Венесуэлада екі бірдей жойқын жер сілкінісі тіркелді Венесуэлада 1 минут ішінде магнитудасы 7.2 және 7.5 балдық екі жойқын жер сілкінісі қатар болған. Ел астанасы Каракас пен оған жақын аймақтарда тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап калған. Жер сілкінісінің ошағы Каракастан шамамен 160 шақырым батыста орналасқан. Бұл туралы Reuters агенттігі ақпарат таратты. 🖇Сейсмологтардың (USGS) болжамынша, құрбандар саны өте көп болуы мүмкін. 📌Елде төтенше жағдай жарияланған. Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57075

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇿🇦 Тарихи жолдамадан кейінгі ОАР жанкүйерлерінің эмоциясы 🏆 Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өз тарихында алғаш рет жолдама алып, ел футболындағы жаңа белесті бағындырды. А тобы: 🇲🇽 Мексика - 9 ұпай 🇿🇦 ОАР - 4 ұпай 🇰🇷 Оңтүстік Корея 3 ұпай. (Үшінші орынмен топтық кезеңнің аяқталуын күтеді) 🇨🇿 Чехия - 1 ұпай


Qazaqstan.tv » публикация №57074

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇿🇦 ОАР тарихи жетістікке қол жеткізді! 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында ОАР құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен сенсациялық түрде жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. 🇰🇷 Ал Сон Хын Мин бастаған Оңтүстік Корея құрамасы 3 ұпаймен топта үшінші орынға тұрақтап, енді басқа топтардағы матчтардың нәтижесін күтетін болады. 🇲🇽 Мексика - 9 ұпай. 🇿🇦 ОАР - 3 ұпай. 🇰🇷 Оңтүстік Корея 3 ұпай. (Үшінші орынмен топтық кезеңнің аяқталуын күтеді.) 🇨🇿 Чехия - 1 ұпай.


Qazaqstan.tv » публикация №57073

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇲🇽 Мексика құрамасы қамшы салдырмады 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Мексика Чехия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. 📌 Осылайша, жарыс қожайындары топтық кезеңдегі барлық ойында жеңіске жетіп, 9 ұпаймен өз тобында бірінші орынға тұрақтады. 🇲🇽 Мексика 1:0 Оңтүстік Корея 🇰🇷 🇲🇽 Мексика 2:0 ОАР 🇿🇦 🇨🇿 Чехия 0:3 Мексика 🇲🇽


Qazaqstan.tv » публикация №57072

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍«Алтын Емел» ұлттық паркінде құландар видеоға түсіп қалды «Алтын Емел» ұлттық паркінде су ішуге келген құландар үйірі видеоға түсіп қалды. Құландар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бір кездері жойылып кету қаупінде болған бұл жануарлар қазір «Алтын Емел» ұлттық паркінде жүргізіліп жатқан қатаң қорғау шараларының арқасында көбейіп келеді. Видео: altynemel_np


Qazaqstan.tv » публикация №57071

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇧🇷 Бразилия плей-офф кезеңіне жолдама алды ✅ Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны жеңді. ⚽️ Винисиус Жуниор дубль авторы атанса, Матеус Кунья бір гол соғып, Карло Анчелотти шәкірттеріне жеңіс сыйлады. 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия 0:3 Бразилия 🇧🇷 🔹С тобы 🇧🇷 Бразилия - 7 ұпай 🇲🇦 Марокко - 7 ұпай 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия - 3 ұпай 🇭🇹 Гаити - 0 ұпай


Qazaqstan.tv » публикация №57070

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇧🇷 Бразилия плей-офф кезеңіне жолдама алды ✅ Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны жеңді. ⚽️ Винисиус Жуниор дубль авторы атанса, Матеус Кунья бір гол соғып, Карло Анчелотти шәкірттеріне жеңіс сыйлады. 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия 0:3 Бразилия 🇧🇷 🔹С тобы 🇧🇷 Бразилия - 7 ұпай 🇲🇦 Марокко - 7 ұпай 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия - 3 ұпай 🇭🇹 Гаити - 1 ұпай


Qazaqstan.tv » публикация №57069

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚗 Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін Қытайда өткен «Жазғы Давос» форумы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар ірі компания басшыларымен кездесті. Алдағы жылдары елімізде мыңдаған автокөлік шығарылуы ықтимал. 🇺🇸 Сенаторлар Трамптан Ирандағы соғысты тоқтатуды талап етті АҚШ Сенатында президент Дональд Трамптан Иранға қатысты әскери әрекеттерді тоқтатуды көздейтін заң жобасы ұсынылды. 🤒 Қандыағашта уланғандар саны 113 адамға жетті Барлығы бір мейрамханаға барған. Оқиғаға байланысты санитариялық талаптарды бұзу дерегі бойынша тергеу басталды. 🛒 Әскердегілер енді тауар мен тағамға тапсырыс бере алады Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған Voenmart пилоттық жобасы іске қосылды. 🌡 Астанада 85 жылдан кейін температуралық рекорд орнады 23 маусымда елордада ауа температурасы +36,8°C-қа жетіп, тарихи максимум жаңартылды. 🛣 Түркістан облысында аптап ыстықтан жол бүлінді «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» автожолының бір бөлігінде бетон жабыны жарылған. 🏥 Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды Алматыда ауыр жарақат алған 9 жастағы балаға күрделі ота жасалып, оның өмірі аман қалды.



Qazaqstan.tv » публикация №57067

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️Бек Шымат: Португалия Әлем чемпионы болады Футболдан өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем чемпионатына орай «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында матч алдындағы студиялық бағдарлама көрсетіледі. Бүгінгі бағдарламаның қонағы ақын Бек Шымат Португалия құрамасына жанкүйер екенін айтты. 📺Бізбен бірге болыңыздар!



Qazaqstan.tv » публикация №57065

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚘Той кортежінде тәртіп бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды Абай облысының Ақсуат ауылында той кортежіне қатысқан бірнеше жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған. ❗️Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға маневр жасау тәртібін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіру және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау бойынша барлығы 19 хаттама рәсімделді. Сондай-ақ көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57064

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Еуропада аптап ыстықтан мектептер жабылып, пойыздар тоқтады Италия, Испания, Францияда термометр 40 градустан түспей тұр. Бірнеше мемлекетте қауіптің қызыл түсі жарияланды. Ыстықтың кесірінен мектептер жабылып, қаларалық, халықаралық пойыздар тоқтады. Дәрігерлер ауруханаға түсушілердің саны күрт көбейді деп дабыл қағуда.


Qazaqstan.tv » публикация №57063

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

☀️«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады Шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы ықтимал. ❗️«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарына қуаңшылық қаупі бар. Ал Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында ылғалды бірқалыпты күн райы сақталады. 📌Елдің қалған аумағында да ауа райы бірқалыпты болады деп болжануда.


Qazaqstan.tv » публикация №57062

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆Қазақстандық мерген қыздар Әлем чемпионатында тарихи алтын жеңіп алды Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер құрамасы ISSF Әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, командалық сайыста Әлем чемпионы атанды. ✍️2026 жылғы 16-26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қыздар арасындағы «Трап» жаттығуында командалық есепте үздік нәтиже көрсетті. Олар 337 нысананы дәл көздеп, алтын медаль жеңіп алды. Айта кетейік, Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57061

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️ Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды Алматыдан Шымкентке бағыт алған ұшақ қолайсыз ауа райына байланысты Тараз қаласындағы қосалқы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Ұшақ қону алдында шамамен 15 минут бойы күшті турбуленттілік аймағына тап болған. SCAT әуекомпаниясының мәліметінше, Шымкент әуежайы маңында қатты жел, найзағай және нөсер жаңбыр болған. Осыған байланысты экипаж қауіпсіздік мақсатында қосалқы әуежайға қонуды шешкен. Ұшақ Таразда шамамен 1,5 сағат аялдағаннан кейін рейсін жалғастырып, Шымкентке қайта сәтті қонды. 🎥: threads.com/@araytolegen


Qazaqstan.tv » публикация №57060

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✏️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды 🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Архив Qazaqstan.tv — страница 24

Это 24-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.