Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Лента публикаций издания Qazaqstan.tv в агрегаторе Life News. Заголовки выводятся в порядке выхода — от самых свежих к более ранним. Полные тексты остаются на сайте источника, мы публикуем только заголовок, краткое описание и ссылку.


Qazaqstan.tv » публикация №57966

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгінгі күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық! ✈️Ақтөбе - Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады «BURABAY»: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды 🚌Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды 🥇Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды 🎮29 шілдеде «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі басталады Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57965

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды Тергеу мәліметінше, 23 жастағы азамат Threads желісінде әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық жасалғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Алайда, тексеру барысында оның ешқашан мерзімді қызмет өтемегені анықталды. Ол ақша жинау үшін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Сот оны алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.


Qazaqstan.tv » публикация №57964

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Павлодар облысында алапат құйын тұрғындарды әбігерге салды Бүгін Павлодар облысы, Успенка ауданы, Қоңырөзек ауылында алапат құйын жүріп өтті. 190-ға жуық түтіні бар Қоңырөзек елді мекеніндегі 12 үйді зақымдап кеткен. Қоршауларды құлатып, терезелерді шаққан. Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр желісінің 7 бағанасы зақымданды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ал, кеше Екібастұз қаласына қарасты Құдайкөл ауылында нөсер жауын болып арты бұршаққа ұласты. Қатты дауыл қора-қопсыны құлатып, үй шатырларын ұшырды. Электр бағандарындағы сымдар үзіліп, ауыл бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды.


Qazaqstan.tv » публикация №57963

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

29 шілдеде «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі басталады 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды. Қазақстан атынан 11 команда бақ сынайды. Киберспорттан аты әлемге танымал спортшылар мен командалар қатысады. Толығырақ тілшіміз Ақниет Балтанова баяндайды.


Qazaqstan.tv » публикация №57962

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚗Елімізде автокөлік өндірісі артады Елде жаңадан үш көлік маркасы шығарылады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Сондай-ақ қауіпсіздікті күшейту үшін автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары енгізілмек. Енді автомобиль арзандай ма? 🎞Машина өндірісіндегі өзге де өзгерістер жөнінде Жанел Нұрболатқызының бейнесюжетінде.



Qazaqstan.tv » публикация №57960

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📚«Кітап оқитын ұлт» марафоны 1 миллионнан астам адамды қамтиды Елімізде республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны өткізілмек. Биыл марафонға бір миллионнан астам адамды тарту жоспарланған. Қатысушылар арнайы ұсынылған тізімдегі қазақ және орыс тілдеріндегі 300-ден астам шығарманың ішінен таңдау жасап, 15 кітапқа дейін оқи алады. Нәтижесінде жоба аясында оқылым санын 15 миллионға дейін жеткізу көзделіп отыр. 🔷Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылады. 🖇Аталмыш бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында қолға алынып отыр. Ұлттық әдебиетті қолдау, оқырман қатарын арттыру және отандық кітап индустриясын дамыту бағытталған.


Qazaqstan.tv » публикация №57959

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алакөлде катер қаққан зейнеткер екі аяғынан айырылды Жетісу облысы Алакөл жағалауында катер қаққан 69 жастағы зейнеткер екі аяғынан айырылды. Қайғылы оқиға Көктұма ауылы маңындағы жағажайда болған. Куәгерлердің сөзінше, су көлігінің жүргізушісі зейнеткерді абайсызда басып кеткен. Дәрігерлер оған көп мөлшерде қан жоғалту және травматикалық шок диагнозын қойған. Өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасалып, екі аяғына да санның төменгі бөлігінен ампутация жасалды. Науқас дәрігерлердің бақылауында.


Qazaqstan.tv » публикация №57958

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды 13–21 шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO) өтті. Әлемнің 117 елінен 700-ге жуық оқушы қатысқан білім додасында Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 🏆 🥈 Күміс медаль иегерлері: Тимур Мұрат – «Haileybury Almaty» халықаралық мектебі; Әли Еркебұланұлы – «NURORDA» мектеп-лицейі; Батырхан Бейганов – Республикалық физика-математика мектебі. 🏆 🥉 Қола медаль иегерлері: Ерасыл Алтынбек – «NURORDA» мектеп-лицейі; Марғұлан Шарел – Spectrum халықаралық мектебі; Амирлан Аманжолов – «Haileybury Almaty» халықаралық мектебі. 📚 Қазақстан IMO олимпиадасына 1992 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 16 алтын, 54 күміс, 86 қола медаль және 30 Құрмет грамотасын иеленді.


Qazaqstan.tv » публикация №57957

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏔 Алматыда 151 шақырым шаңғы трассасы салынады Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жобасы қолға алынбақ. 🚡 Жоба аясында «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai курорттары біртұтас жүйеге қосылады. 🏔 Сондай-ақ 30 жаңа аспалы жол салынып, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын жаңа тау шаңғысы трассалары жасалады. 📈 Жоба толық іске асқанда курорттардың тәуліктік қабылдау мүмкіндігі 6 мыңнан 30 мың адамға дейін ұлғаяды. 🌍 Сонымен қатар 2029 жылға қарай Алматыға келетін шетелдік туристер саны 986 мыңнан 1,7 миллион адамға дейін өседі деп күтілуде.


Qazaqstan.tv » публикация №57956

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ауғанстанда тасқыннан жоғалғандар саны 100-ден асты Ауғанстанның Нұристан провинциясында болған жойқын су тасқынынан кемінде 20 адам қаза тауып, 100-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. 🏚 Табиғи апат салдарынан Парун қаласындағы тұрғын үйлер мен дүкендер қирады. Із-түзсіз жоғалғандардың арасында қала әкімі де бар. ⚠️ Елдің 34 провинциясының 10-ында алдағы күндері де нөсер жауын мен су тасқыны қаупі сақталады. Билік тұрғындарды өзен-көлдерге жақындамауға шақырды. 🌳 Мамандардың айтуынша, ормандардың жаппай кесілуі де тасқынның зардабын күшейтіп, елдегі гуманитарлық жағдайды қиындатып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57955

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👶🏻Таиландтан эвакуацияланған шала туған сәби үйіне шығарылды Таиландтың Пхукет қаласынан Қазақстанға жеткізілген шала туған сәби екі айдан астам уақыт бойы ем қабылдап, жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылды. Дәрігерлер тексеру барысында нәрестенің өміріне қауіп төндірген ішек перфорациясын анықтап, шұғыл операция жасады. Осылайша балалар хирургтері сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазір нәрестенің салмағы 2500 грамға жеткен.


Qazaqstan.tv » публикация №57954

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды Орал қаласындағы саябақтардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне екі кәмелетке толмаған қыз жүгініп, суда кішкентай күшіктердің қалып қойғанын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Олар жағдайды дереу бағалап, күшіктерді судан алып шықты. ✅ Полиция департаментінің мәліметінше, алты күшік те аман.


Qazaqstan.tv » публикация №57953

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥹Жолаушылар аптап ыстықта әлсіреген бірқазандарға көмек көрсетті Жолаушылар аптап ыстықтан әлсіреп қалған екі бірқазанға көмек көрсетті. Қатты ыстық пен судың тапшылығынан халі нашарлаған құстар ұша алмай қалған. Жолаушылар оларға су беріп, жақын маңдағы су айдынына жеткізген. Видео: ridder_town


Qazaqstan.tv » публикация №57952

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Атырауда тұрғынды бопсалап, 2,5 млн теңге талап еткен күдікті ұсталды 💰 Атырау облысында 35 жастағы ер адамнан 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен Индер ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. 🔍 Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57951

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚘 Былтыр Қазақстанда 170 мыңнан астам автокөлік шығарылды «Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында. 📈 Биыл алты айда 94 400 көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары. Жоспар бойынша жыл соңына дейін өндіріс көлемі 11%-ға артып, 190 мың автокөлік шығарылады.


Qazaqstan.tv » публикация №57950

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏫БЖБ мен ТЖБ оқу бағдарламасынан алынуы мүмкін Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. «Бастауыш сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ-ны дайындау мұғалімдердің көп уақытын алады және оны өткізу үшін шамамен 4 мың парақ қағаз жұмсалады», - деді Жұлдыз Сүлейменова. Алдағы уақытта оқушылардың қолмен жазатын бақылау жұмыстарының жаңа түрлері қарастырылуы мүмкін. Министр балаларға қолайлы, ал мұғалімдер үшін тиімді бағалау жүйесін енгізу қажет екенін айтты. ⤴️Толық ақпаратты видеодан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №57949

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💸Жүлде қоры 4 млн доллар: Астанада «Болашақ ойындары» турнирі өтеді «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Жарысқа әлемнің 35-тен астам елінен 900-ге жуық спортшы қатысады. Турнир бағдарламасына фиджитал-футбол, баскетбол, жекпе-жек, би, MOBA және Battle Royale сынды 8 бағыт енген. Жалпы жүлде қоры 4 миллион доллардан асады. Айта кетейік, Қазақстан бұл ауқымды халықаралық жарысты өткізетін үшінші ел.


Qazaqstan.tv » публикация №57948

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды 🚘 Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік құралдарының өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. «Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – «Астана» атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі», – деді Нұрлан Смағұлов. 🚌⚙️ Дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп электр көліктерінің желісі әзірленуде. «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57947

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда 3 жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы жалпы инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асатын KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыттары іске қосылды. 🚗 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөлік өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін, SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарын шығаруды және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансалары желісін дамыту көзделген.


Qazaqstan.tv » публикация №57946

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған. Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57945

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары елге оралды 🌍 Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-халықаралық биология олимпиадасында (IBO-2026) Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылғы ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін қайталады. 🏆 Жүлдегерлер: Қайыркен Ерсұлтан (Павлодар облысы), Әшірханов Әлихан (Алматы қаласы), Желтова Софья (Алматы қаласы), Меженина Евгения (Қарағанды қаласы). ✈️ Елорда әуежайында олимпиада жеңімпаздары мен жаттықтырушыларын Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Даулетов, ата-аналар, ұстаздар мен жақындары салтанатты түрде қарсы алып, тарихи жетістікпен құттықтады.


Qazaqstan.tv » публикация №57944

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Ақтөбе - Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады 2 тамыздан бастап Ақтөбе мен Ташкент арасында тұрақты тікелей әуе рейсі ашылады. Жаңа бағыт бойынша рейстерді Centrum Air әуе компаниясы орындайды. Жиілігі - аптасына 2 рет. Тікелей әуе қатынасы жолаушылар үшін сапар уақытын қысқартып, туристік және іскерлік бағыттардың қолжетімділігін арттырады.


Qazaqstan.tv » публикация №57943

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏫Баянауыл ұлттық паркінде жаңа визит-орталық ашылды Баянауыл ұлттық паркінде туристерге арналған Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды. ❇️Аумағы 740 шаршы метрді құрайтын визит-орталықта келушілер туристік бағыттар, табиғи көрікті жерлер, ұлттық паркке кіру және қолжетімді туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар орталық өңірдің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.


Qazaqstan.tv » публикация №57942

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Құтқарушылар қымбат техникалар сақталған қойманы өрттен аман алып қалды Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында орналасқан қоймадан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынның көршілес қоймаларға таралуына жол бермеді. ТЖМ мәліметінше, өрт құрылыс материалдары сақталған бір қабатты қоймада болған. Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері, қалалық құтқару қызметі мен өрт сөндіру пойыздары жұмылдырылды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында кәсіпкерлердің қымбат техникалары мен тауарлық-материалдарының едәуір бөлігі сақталып, ірі шығынның алды алынды. 📎Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57941

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍«BURABAY»: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды «Қазақстанның інжу-маржандары» сериясындағы жаңа «BURABAY» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады. Монета 925 сынамды күмістен соғылып, оны дайындауда түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат қолдану технологиясы пайдаланылған. Бұл тәсіл бұйымның көркемдік ерекшелігін айқындай түседі. Монетаның массасы – 31,1 грамм, өлшемі – 45×30 мм, дайындалу сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. 📌Жалпы таралымы - 2000 дана.


Qazaqstan.tv » публикация №57940

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💫Көркем гимнастикадан Әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады? Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жарияланды. 🔹Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметінше, жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. 🔹Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды. 🗓Әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында өтеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57935

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгінгі күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық! 🎈Мексикада Димаштың 4,5 метрлік мүсіні әуе шарларынан жасалды ✈️Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін 🎓 Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды 🎮«Болашақ ойындары – 2026» турниріне билеттер сатылымда 🏃‍♂️Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57934

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏃‍♀️Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 22–24 шілде аралығында Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 🔹Ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Үш күн бойы ерлер мен әйелдер арасында 48 жеке бағдарлама бойынша, сондай-ақ 4×100 және 4×400 метрлік аралас эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады. ✅Жарыс жолына Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары шығады. Олардың қатарында Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мұхитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да спортшылар бар. «Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталады», - делінген хабарламада. 📍Жарыстар Қазақ ұлттық спорт университетінің стадионында, ал лақтыру дисциплиналары бойынша Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінің секторларында өтеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57933

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізіледі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы өтеуді көздейтін бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, биыл қыркүйектен бастап салымшылар өз жинақтарының 50 пайызын ғана емес, 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады. Бұл азаматтарға қаржысын тиімдірек инвестиция жасауға мүмкіндік береді.


О ленте источника Qazaqstan.tv

Life News автоматически добавляет в ленту новые публикации из RSS-канала издания Qazaqstan.tv. Тексты, изображения и комментарии остаются на сайте источника — в подборке выводятся только заголовки, краткие описания и ссылки на оригинал.

Если вы — представитель Qazaqstan.tv и хотите изменить работу с RSS-каналом или подключить дополнительный поток, напишите нам через контактную страницу.

Другие источники: #НеМолчиkz · Aqorda · Astanovka98 · Atameken Business · BES.media · Central Media24.kz · EGOV.PRESS · EL.INFO