Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 2

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57620

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгінгі күнді жақсы жаңалықпен аяқтайық! Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді Лондондық клубтың ойыншылары жаңа бапкері Хаби Алонсомен жазғы үзілістен кейін Кобхэмдегі оқу-жаттығу базасында маусымға дайындықты бастады. Жаттығу барысында футболшылар медициналық тексеруден өтіп, физикалық және доппен жұмыс істеуге бағытталған жаттығулар орындады. Келесі аптада грант конкурсына құжат қабылдау басталады Бүгін ел бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу аяқталды. Ал дүйсенбіден бастап мемлекеттік білім беру гранттарына құжат қабылдау басталады. Талапкерлер өтінімді жоғары оқу орындарына барып не болмаса eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Елде 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілді Биыл 5 айдың ішінде Қазақстанда 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілген. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы мен Ақмола облысы бар. Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі кілегейлі балмұздақ пен пломбир. Балаларға арналған кітап қоры 7 млн-нан асты Ал тұрақты оқырман саны 1 млн 700 мыңнан асты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Министрлік биыл кітапханалар қорын тағы 42 мың жаңа кітаппен толықтыруды жоспарлап отыр. Ауыр атлетіміз Әлем чемпионатында қола медаль ұтты Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеру жаттығуында 142, серпе көтеуде 162 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 304 келіні еңсерді. Мүгедектігі бар адамдар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады І топтағы мүгедектігі бар адамдар бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына бармай-ақ, онлайн билет сатып ала алады. 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57619

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏡 Елімізде бір айда үй сатып алу-сату бойынша 39 мыңнан астам мәміле жасалған 📈 Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда мәміле саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы және Астана қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз тіркелген. 📊 Мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер саны барлық өңірде өскен. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Қарағанды және Атырау облыстарында тіркелді.


Qazaqstan.tv » публикация №57617

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚠️Оралда полицейлер терезеден құлап кете жаздаған 4 жасар баланы құтқарып қалды Орал қаласында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кете жаздаған 4 жасар баланы құтқарып қалды. 📍Бүгін сағат 14:10 шамасында «102» арнасына көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердің терезесіне шығып кеткен кішкентай бала туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңда болған патрульдік полиция батальонының қызметкері көмек сұраған әйелдің дауысын естіп, баланы байқайды. Ол уақыт жоғалтпай, көмек көрсеткен. ✍️Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде баланың анасы аз уақытқа сыртқа шығып кеткен, ал бала пәтерде жалғыз қалған. Аталған дерек бойынша баланың ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.



Qazaqstan.tv » публикация №57615

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇺🇸Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Qazaqstan.tv » публикация №57614

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады «Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс аймақтарда бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Сонымен қатар шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы ел аумағының басым бөлігінде +33…+40°С, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°С-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде қатты және өте қатты ыстық болады.


Qazaqstan.tv » публикация №57613

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🍦Қазақстандық балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Оның 66,3%-ы Алматы облысының үлесіне тиесілі. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы және Ақмола облысы бар. Өндірістің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрады. ✍️Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстан 6,4 мың тонна балмұздақ экспорттап, 24,8 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4%-ға, ал ақшалай мәнде 77%-ға артты. 🔹Қазақстандық балмұздақ экспорты: Қазақстандық балмұздақтың 99,9%-ы ТМД елдеріне жөнелтілді. Негізгі нарық – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім экспортталды. Қырғызстан мен Өзбекстанға жеткізу көлемі де өсті. Экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті. 🔹Балмұздақ импорты: Есепті кезеңде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрады. Негізгі жеткізушілер - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия.


Qazaqstan.tv » публикация №57612

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Биыл тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді. Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады. ➖2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды. ➖Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. ➖Экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді. 📌Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.



Qazaqstan.tv » публикация №57610

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды Қатонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды. Түркі халықтарының мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған ауқымды шараның алғашқы күні Берел ауылындағы «Патшалар жазығы» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Фестиваль қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақтан Нұрбаевтың рухына арналған «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия кешімен басталды. Жыр кешіне елдің әр өңірінен келген 16 ақын қатысып жатыр. Ертең жоба аясында «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұдан бөлек, құнан, топ, аламан бәйге мен жорға жарысына қатысушыларға арналған мандаттық комиссияның және төрешілер алқасының отырысы ұйымдастырылады. «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі гала-концертпен қорытындыланады. Концерттің басты қонағы ретінде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген ән шырқайды. Сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Башқұр


Qazaqstan.tv » публикация №57609

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎫Мүгедектігі бар адамдар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады І топтағы мүгедектігі бар адамдар бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына бармай-ақ, онлайн билет сатып ала алады. 📌Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған. «Бұл ҚТЖ электрондық билеттер жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде аталған санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды», - делінген хабарламада.


Qazaqstan.tv » публикация №57608

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Астанада қоқыс полигонында өрт шықты Елорданың Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді. 🚒 Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100…


Qazaqstan.tv » публикация №57607

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Проректор сахнадан түсіп, түлекке диплом табыстады Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегі диплом табыстау рәсімінде проректордың сахнадан төмен түсіп, түлекке диплом табыстаған видеосы желіде тарады. Көпшілік проректордың ізеттілік танытқанына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырған.


Qazaqstan.tv » публикация №57606

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌪 Ақтөбеде қатты дауыл салдарынан мұнара құлап, 3 адам зардап шекті Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында қатты дауыл салдарынан дүкен үстіне мұнара құлап, 3 адам зардап шеккен. Қазіргі кезде олардың денсаулығы қалыпты. Сонымен қатар бірнеше үйдің шатыры ұшып, бірқатар нысанға зақым келген. «Тексеру қорытындысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданады», - делінген әкімдік хабарламасында. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген. Қазір нысандарға келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан орталығында электр энергиясы мен ұялы байланыс қызметін қалпына келтіру үшін авариялық бригадалар жұмыс істеуде.


Qazaqstan.tv » публикация №57605

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Астанада қоқыс полигонында өрт шықты Елорданың Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді. 🚒 Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам және 47 арнайы техника жұмылдырылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57604

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📚Елімізде балаларға арналған кітап қоры толықтырылады Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалардың қорында 7 миллионнан астам кітап бар. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, балалар әдебиетіне деген сұраныс пен қызығушылық жыл сайын артып келеді. Жас оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары: 📗«Менің атым Қожа» – Бердібек Соқпақбаев; 📗«Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков; 📗«Әке мен бала» – Ыбырай Алтынсарин; 📗«Балалық шаққа саяхат» – Бердібек Соқпақбаев; 📗«Көксерек» – Мұхтар Әуезов. 🟢2026 жылы кітапханалар қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланып отыр. Жыл басынан бері кітап дүкендерінде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57603

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Венесуэладағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны артты Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан 3 899 адам қаза тауып, 16 740 адам жарақат алған. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеме жасаған. ✔️Табиғи апаттан зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізіліп, 16 892 отбасы уақытша орналастыру лагерлеріне көшірілген. ➖Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде жағдай әлі де күрделі. Апат салдарын жою үшін 24 миллион доллар қажет болса, қазіргі таңда оның 9 миллион доллары ғана жиналған. Негізгі қауіптер қатарында медициналық көмектің үзілуі, ауызсу тапшылығы және уақытша паналау орындарының шамадан тыс толуы аталған.


Qazaqstan.tv » публикация №57602

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше…


Qazaqstan.tv » публикация №57601

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.


Qazaqstan.tv » публикация №57600

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

♟Гарвард, Оксфорд және Кембридж шахматшылары Қазақстанға келеді Алматыда 3-10 тамыз аралығында жылдың ең ауқымды халықаралық жарыстарының бірі – FIDE World University Team Chess Championship турнирінің финалы өтеді. 📍Шараға Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің үздік студенттік командалары қатысады. Финалдық кезеңге қатысушылар қатарында Гарвард, Оксфорд, Кембридж және Пекин университеттері бар. Қазақстан намысын жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық спорт университеті қорғайды.



Qazaqstan.tv » публикация №57598

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌟Бүгінгі ең қызықты жаңалықтарға шолу 🟣Қазақстандық әже әлемнің ең сұлу әйелдерінің қатарына енді 55 жастағы Жанар Бегалинова АҚШ-тың Калифорния штатында өткен Mrs. Globe халықаралық сұлулық байқауында еліміздің намысын қорғап, әлемнің ең сұлу әйелдерінің қатарына енді. 🟣Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды 10-12 шілде күндері ШҚО-ның Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальдің гала-концертінде өнер көрсетеді. 🟣Әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді Алматы қаласында белгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Armour of God: Ultimatum» («Құдайдың сауыты: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсірілімін ресми бастау рәсімі өтті. 🟣Елена Рыбакина ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына кірді Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына енді. Отандасымыз рейтингтің 10-сатысына жайғасқан. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16 миллион доллардан асқан.


Qazaqstan.tv » публикация №57597

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😱Қытайда фабрика өртеніп, 28 адам қаза тапты Қытайдың Цзиньцзян қаласындағы аяқ киім фабрикасында өрт шығып, салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты. Мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, қайғылы оқиға бейсенбі күні түскі уақытта Huiteng Footwear фабрикасында болған. Оқиға орнына жүздеген құтқарушы жұмылдырылып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тез тұтанатын материалдар сақталған 1-қабаттан шыққан болуы мүмкін.


Qazaqstan.tv » публикация №57596

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетеді 10-12 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Бағдарламада этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ұлттық спорт ойындары және концерттік бағдарлама қамтылған. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальдің гала-концертінде өнер көрсетеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57595

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲Қоныс аудару, жұмыс табу мүмкіндігін енді онлайн бағалауға болады Migration.enbek.kz порталында ерікті түрде көшуге ниетті азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Платформа арқылы тұрғындар қоныстандыруға ұсынылған өңірлердегі жағдаймен танысып, сұранысқа ие мамандықтар тізімін көре алады. Сондай-ақ таңдалған аймақтағы бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй мүмкіндіктері және басқа да ұсыныстар туралы ақпаратты алдын ала білуге мүмкіндік бар.


Qazaqstan.tv » публикация №57594

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️ Еуропалық додадағы кезекті сын! Бүгін елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» командасына қарсы сырт алаңда ойнайды. Тартысқа толы кездесуді бүгін ⏰ 23:50-де біздің арнадан көріңіз!


Qazaqstan.tv » публикация №57593

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🪙Парламенттің 30 жылдығына арналған күміс монеталар сатылымға шығады Ұлттық банк мәліметінше, монетаның реверсінде Сенат пен Мәжіліс ғимараттары бейнеленген. Номиналы 1 000 теңгелік монетаға алтын жалату технологиясы қолданылған. Таралымы – 1 000 дана. 📌Коллекциялық күміс монеталар 10 шілдеден бастап банктің интернет-дүкенінде сатыла бастайды.


Qazaqstan.tv » публикация №57592

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Омбыға рейстерін уақытша тоқтатты Vietjet Qazaqstan Астана – Омбы бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты. Бұған Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулер және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауы себеп болып отыр. Бұл шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұзақ кідірістер мен кесте өзгерістерінің қаупін азайту мақсатында қабылданған. Астана – Омбы бағыты бойынша рейстер 20 шілдені қоса алғанға дейін тоқтатылды.



Qazaqstan.tv » публикация №57590

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Прокурор Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады Атырауда бір отбасын қырып салған қанды қылмыс бойынша прокурор Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ күдіктінің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мемлекеттік айыптаушылардың мәліметінше, әйелдің қанды қылмысты жасырғаны толық дәлелденбеген. Алматыда жүргізілген сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізу және қосымша дифференциалдық диагностика қажет деп танылған.


Архив Qazaqstan.tv — страница 2

Это 2-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.