Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 3

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 3. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57889

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстан беделді химия олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды Өзбекстан астанасында химиядан IChO 2026 олимпиадасы өтті. Білім додасына 90 елден 350-ден аса оқушы қатысты. Қазақстан атынан Айзере Жеңісханова, Әбілмансұр Қали, Данил Полетаев, Аңсар Жақсылықов есімді жас химиктер бақ сынады. Қатысушылар теориялық және практикалық екі бес сағаттық кезеңде күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындады. Нәтижесінде ел құрамасының барлық қатысушысы олимпиадада жүлдегер атанды. Алтынды Айзере Жеңісханова иеленсе, ал қалған жас химиктер күміс медаль иегерлері атанды. Халықаралық химия олимпиадасы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1998 жылдан бері қатысады. Видео: oqu_agartu_ministrligi



Qazaqstan.tv » публикация №57883

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Жасөспірімдер арасында артық салмақ мәселесі жиілеп барады «13-14 жастағы балалардың арасында салмағы 100 келіден асатындар бар. Капсула ішіп қана арықтау мүмкін емес. Адам қозғалып, дұрыс тамақтанып, ұйқы режимін реттеп, тәртіпке бағынуы керек. Нәтиже күнделікті жақсы әдеттен басталады», - дейді жаттықтырушы Берік Молдабаев. «Мінсіз мүсін иллюзиясы» арнайы жобасын біздің YouTube арнамыздан көре аласыз.


Qazaqstan.tv » публикация №57882

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏫Қазақстанда 101 мектеп салынып жатыр Қазақстанда жыл басынан бері 59,3 мың оқушыға арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 84-ін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 17 мектептің құрылысы 2027 жылы жалғасады. Сонымен қатар еліміздегі 307 мектепте кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 📌Бұдан бөлек, 2026 жылы мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 209,8 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.



Qazaqstan.tv » публикация №57880

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Англия Әлем Чемпионатының қола медаль иегері атанды 🥉 Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен матч нағыз голдар шоуына айналды. Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. ⚽️ Райс 3' ⚽️ Конса 18' ⚽️ Сака 36', 45+1', 87' (П) ⚽️ Мбаппе 48', 66' ⚽️ Барколя 53' ⚽️ Дембеле 90+6' ⚽️ Беллингем 90+8



Qazaqstan.tv » публикация №57878

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇫🇷⚔️🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Франция - Англия матчы алдындағы атмосфера 🏆 Санаулы сағаттан кейін футболдан Әлем чемпионатының қола медалі үшін талас басталады. 🕐 01:50 📺 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында




Qazaqstan.tv » публикация №57875

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

☀️Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +47 градусқа дейін көтеріледі Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкент қалаларында аптап ыстық күшейе түседі. Қазгидрометтің дерегінше, ауа температурасы 42-47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал Астанада +24-26 градусқа дейін төмендейді. 🌥Елордада 19-21 шілде аралығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Алматыда демалыс күндері +40–42 градусқа дейін ыстық сақталып, тек 21 шілдеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Шымкентте де 19 шілдеде ауа температурасы +47 градусқа дейін жетіп, кейін біртіндеп төмендейді.


Qazaqstan.tv » публикация №57874

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎬Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмінің түсірілімі басталды Маңғыстау облысында халықаралық «Armour of God: Ultimatum» көркем фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды. Жобаның ашылу рәсімінде фильм режиссері Роберт Кун мен актер Джеки Чан кино саласындағы дәстүрге сай арнайы кинотарелканы сындырып, түсірілім жұмыстарына ресми түрде старт берді. Фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау өңіріндегі бірегей табиғи нысан Бозжыра шатқалында түсіріледі. Халықаралық шығармашылық топ Қазақстанның табиғи әлеуетін әлемге танытатын жаңа кинотуындыны әзірлемек. Видео: @salem_jackiechan


Qazaqstan.tv » публикация №57873

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥈13 жастағы Жасмина Түзелова «Славян базары» байқауында күміс жүлдегер атанды «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орын иеленді. Биыл байқауға әлемнің 19 елінен жас орындаушылар қатысты. Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша Жасмина үздіктер қатарынан көрініп, еліміздің намысын абыроймен қорғады. Байқаудың алғашқы кезеңінде ол қазақтың халық әні «Сарыарқаны» орындап, жоғары ұпай жинады. Ал екінші кезеңде «Ромашка-Василек» композициясын шырқап, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай иемденді.


Qazaqstan.tv » публикация №57872

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

☀️Жаздың ыстық күндері өзен-көлге барып, суға түскіміз келеді. Алайда сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Суға тек шомылуға рұқсат етілген, арнайы жабдықталған жерлерде түсіңіз. Бейтаныс жерден суға секірмеңіз, тыйым салынған аумақтарда шомылмаңыз және қайықтар мен катерлерге жақын жүзбеңіз. Балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз. Жазғы демалысыңыз қызықты әрі қауіпсіз өтсін!




Qazaqstan.tv » публикация №57861

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤩«Ессіз Макс» фильмінің режиссері Джордж Миллер Қазақстанға ресми бейнеүндеу жолдады Голливудтың аты аңызға айналған режиссері, «Оскар» сыйлығының иегері әрі әйгілі Mad Max киноәлемінің авторы Джордж Миллер еліміздің тарихында тұңғыш рет Drive Forum GREAT ORDA ауқымды авто-мото туризм фестивалінің ұйымдастырушылары мен қонақтарына арнап эксклюзивті бейнесәлемдеме жолдады. Джордж Миллердің айтуынша, Mad Max әлемі Drive Forum GREAT ORDA фестивалін ұйымдастыруға шабыт бергенін білу – үлкен мәртебе. «Mad Max хикаясының шынайы рухы тек көліктер мен құлазыған жолдар туралы емес. Ол еркіндік, батылдық және қандай қиындық болса да тек алға ұмтылу туралы. Әрқайсыңыздың жаңа достар тауып, әсерлі, шабытқа толы ғажайып шытырман оқиғаларды бастан кешулеріңізге тілектеспін. Жолда жолыққанша!» – дейді ол сәлемдемеде. 📌«Kazakh Tourism» компаниясының мәліметінше, 24–26 шілде аралығында Қонаев қаласы Қапшағай жағасында Drive Forum GREAT ORDA фестивалі өтеді. Оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан, сондай-ақ Кипрден арнайы келетін қатысушыларды қоса алғанда, 1500-ден астам саяхатшы мен белсенді демалыс әуесқойлары жиналады.


Qazaqstan.tv » публикация №57860

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️ Франция - Англия матчының нақты есебін тап та, Trionda добын ұтып ал! 😍 🇫🇷 Франция - Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жүлде: Trionda добы ‼️ ЕСКЕРТУ: Пікірді «Qazsport» телеарнасының Telegram арнасындағы дәл осы посттың астына жазу қажет. Шарттары: ✅ 1. @qazsporttv және @qazaqstantv Telegram парақшаларына тіркеліңіз. ⚽️ 2. Франция - Англия матчының есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 есебі қабылданбайды. ✍️ 3. Пікір өзгертілмеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір пікірде жазылсын. Қатысушының тек бір ғана болжамы есепке алынады. Болжамдар матч басталғанға дейін қабылданады. 🥇 4. Допты бірінші болып дәл тапқан қатысушы жеңімпаз атанады. 📌 5. Жауаптар 01:50-ге дейін қабылданады.


Qazaqstan.tv » публикация №57859

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏞Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Астанадан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі беріледі. Осы мақсатта «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі. Бұл көлдің бірегей экожүйесін тиімді қорғауға және келушілердің қауіпсіз әрі емін-еркін тамашалауына мүмкіндік береді. 💬Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, жағалау аумағы абаттандырылады. Бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, тұрғындар мен қонақтарға табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруге жағдай жасалады. Бұл ретте көлдің нәзік экожүйесіне зиян келтірмеу басты назарда болады. 🔍Мамандардың зерттеуіне сәйкес, көл суындағы аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және басқа да бірқатар заттардың мөлшері шекті нормадан жоғары. Осыған байланысты көлде шомылуға және тұз жинауға қатаң тыйым салынады. ❗️Абаттандыру жұмыстары кезінде Көбейтұз көліне кіру уақытша шектеледі. «Жағалау сызығына жақындауға және белгіленген шектеу аймағынан өтуге рұқсат етілмейді. Көлге кіреберістерде тәулік бойы бақылау бекеттері қойылып, аумақты полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар бірлесіп патрульдейді», - делінген хабарламада.



Qazaqstan.tv » публикация №57856

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌡+45°С аптап ыстық: Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 🌦«Қазгидрометтің» мәліметінше, 19–20 шілдеде Қостанай облысының жекелеген аудандарында, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. ☀️Елдің шығысы мен орталығының басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы +35…+39°С, орталық және шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде +42°С, оңтүстік-батыста +44°С-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48°С-қа дейін аптап ыстық болады. ❗️Бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артады.


Qazaqstan.tv » публикация №57855

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌«Болашақ ойындары-2026»: Астанаға 800-ден астам қатысушы келеді Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Жарыс цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерін біріктіретін фиджитал форматында ұйымдастырылады. Турнирге халықаралық клубтардан 800-ден астам спортшы қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, 12 күнге созылатын жарысты кемінде 100 мың көрермен тамашалайды. 📍Дода елорданың ірі спорт нысандарында – «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57854

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 💬Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 252 619 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға жоғары. Осы кезеңде нақты ақшалай табыс 0,1%-ға өсті. Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі орташа айлық номиналды жалақы 461 486 теңгеге жетті. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артқан.


Qazaqstan.tv » публикация №57850

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Бүгінгі күнді жақсы жаңалықтармен аяқтайық! 🎶Канье Уэст Қазақстанда концерт өткізеді 💸Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады ⚽️Қазақстандық командалар дрон-футболдан халықаралық турнирдің үздік ондығына енді ✈️Домбыра мен қобызды ұшақ салонына алып кіруге рұқсат берілуі мүмкін Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57849

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Мексиканың оңтүстігінде 7,3 балдық жер сілкінісі болды Мексиканың оңтүстігінде қуатты жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Магнитудасы 7,3 балл. Ең қатты дүмпу Пуэрто-Мадеро қаласында сезілген. Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. ➖Reuters агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері көршілес Гватемала мен Сальвадорда да сезілген. Сейсмологтардың деректеріне сүйене отырып, жергілікті билік өңір бойынша цунами қаупі туралы ескерту жариялаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57848

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тамызда «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайта іске қосылады 🏠 Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы биыл қайта іске қосылады. Өтінім қабылдау тамыз айында басталады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 45 миллиард теңге бағыттау көзделіп отыр. Оған ресми табысы бар және соңғы алты ай бойы міндетті зейнетақы жарналары тұрақты аударылған азаматтар қатыса алады. ✅ Бастапқы жарна ірі қалаларда 20 пайыз, ал өңірлерде 15 пайыз. Ипотекалық несие көлемі 50 миллион теңгеге дейін, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік бар.


Qazaqstan.tv » публикация №57847

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲Ұлттық банк бүгін бірыңғай QR кодты енгізуге кірісті Банктерде сынақ режимі өтіп жатыр. Жүйені тұрғындар 19 шілдеден бастап пайдалана алады. Енді кез келген банктің қосымшасынан бір ғана QR-кодты сканерлеп, сол арқылы төлем жасауға болады. Бұл тұрғындарға ғана емес, кәсіпкерлер үшін де тиімді. Бұдан былай олар банктердің QR-ын қолданғаны үшін жеке-жеке есеп айырыспай, бір ғана жүйе үшін төлейді. Ескеретін жайт, мемлекет кәсіпкерлерді бірыңғай жүйені пайдалануға міндеттемейді – бұрынғыдай бірнеше банктің QR-мен жұмыс істей беремін десе де әркімнің өз еркі.


Qazaqstan.tv » публикация №57846

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎤 Канье Уэст Қазақстанда концерт беруі мүмкін Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Алматыда концерті өтеді деп жоспарлануда. Ақпаратты музыканттың продюсері Джозеф Карре Instagram Stories парақшасында жариялаған. 📅 Концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының Орталық стадионында өтуі мүмкін.


Qazaqstan.tv » публикация №57845

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Қазақстандық командалар дрон-футболдан халықаралық турнирдің үздік ондығына енді Қазақстандық командалар 15-17 шілде аралығында Корея Республикасында өткен FIDA Intercontinental Cup 2026 халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 60-тан астам команда қатысты. 🔹Қазақстан атынан турнирге Class 20 және Class 40 санаттарындағы ұлттық құрамалар, сондай-ақ Class 20 санатындағы төрт клубтық 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Class 40 санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орын, ал Class 20 санатындағы ұлттық құрама 7-орын иеленді. Сонымен қатар Class 20 санатындағы қазақстандық клубтық командалардың бірі 60-тан астам команда арасындағы жалпы рейтингте үздік ондыққа енді. Халықаралық жарыстағы жоғары нәтижесі мен спорттық шеберлігі үшін қазақстандық барлық команда International Excellence Award халықаралық сыйлығымен марапатталды.



Архив Qazaqstan.tv — страница 3

Это 3-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.