🎤 Канье Уэст Қазақстанда концерт беруі мүмкін Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Алматыда концерті өтеді деп жоспарлануда. Ақпаратты музыканттың продюсері Джозеф Карре Instagram Stories парақшасында жариялаған. 📅 Концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының Орталық стадионында өтуі мүмкін.
Qazaqstan.tv — страница 4
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 4. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
😍Қазақстандық командалар дрон-футболдан халықаралық турнирдің үздік ондығына енді Қазақстандық командалар 15-17 шілде аралығында Корея Республикасында өткен FIDA Intercontinental Cup 2026 халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 60-тан астам команда қатысты. 🔹Қазақстан атынан турнирге Class 20 және Class 40 санаттарындағы ұлттық құрамалар, сондай-ақ Class 20 санатындағы төрт клубтық 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Class 40 санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орын, ал Class 20 санатындағы ұлттық құрама 7-орын иеленді. Сонымен қатар Class 20 санатындағы қазақстандық клубтық командалардың бірі 60-тан астам команда арасындағы жалпы рейтингте үздік ондыққа енді. Халықаралық жарыстағы жоғары нәтижесі мен спорттық шеберлігі үшін қазақстандық барлық команда International Excellence Award халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екі әлеуметтік зерттеу қоғамдағы саяси көңіл күй мен сайлау белсенділігіне қатысты оң үрдісті көрсетті. Бұл туралы «SARAP» сарапшылар клубының отырысында жарияланды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 86,9 пайызы ел Президентіне сенім білдіреді. Респонденттердің 84,1 пайызы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалаған. Сондай-ақ қазақстандықтардың 75,1 пайызы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізген.
Домбыра мен қобызды ұшақ салонына алып кіруге рұқсат берілуі мүмкін Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Домбыра, қобыз және басқа музыкалық аспаптарды белгіленген талаптарға сай болса, ұшақ салонында тасымалдауға рұқсат берілуі мүмкін. Әуе компаниялары белгілеген талаптарға сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік беру қарастырылған. Мүгедектігі бар жолаушыларға берілетін жеңілдіктер заңнамалық деңгейде бекітілмек. Ұшақ сыйымдылығы аз басқа әуе кемесіне ауыстырылған жағдайда балаларға, мүгедектігі бар жандарға, жүкті әйелдерге, ауыр науқастарға және зейнеткерлерге басымдық беріледі. Жобаға сәйкес, рейс кешіккен жағдайда жолаушыға төленетін айыппұл тиісті өтініш берілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде төлеу ұсынылды. Жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қайтыс болған донор бір адамның өмірін сақтап қалды Астанада 1966 жылы туған пациентке қайтыс болған донордың жүрегі сәтті трансплантацияланды. Донордың отбасы ағза алуға келісім берген. Дәрігерлердің мәліметінше, реципиенттің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең қалыпты өтуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда өмірлік маңызды ағзаларды трансплантациялауды 4 739 адам, оның ішінде 125 бала күтіп отыр. Олардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет.
⚡️Бүгін екі облыстың әкімі ауысты Мемлекет басшысының Жарлығымен: ▫️Болат Ақшолақов Атырау облысы әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Серік Шәпкенов атқарды. ▫️Ұлытау облысының жаңа әкімі болып Есет Байкен тағайындалды. Ол Дастан Рыспеков орнына келді. 📺@qazaqstantv
🇰🇿🇰🇭Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен кездесті Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары кіреді. Атап айтқанда, еліміз бидай, тыңайтқыш және басқа да аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтуға әзір. Бұдан бөлек, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінен
Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған. Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алады.
Президент: Біз «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынамыз «Басты мақсат – цифрлық сауданы жандандыру және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда.
Президент: Қазақстан Дүниежүзілік ЖИ саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда осылай деді. ⏭️«Жасанды интеллектіні экономика мен қоғам игілігіне пайдалану, сөйте тұра оны адамның саналы әрі қабілетті басқаруында қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды. Аталған ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенімдіміз. Ол күллі адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзара тиімді серіктестік тетігі болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі 5 трлн долларға жетеді» Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда айтты. «БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға өскен. 2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі шамамен 5 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Демек, бір нәрсе анық: жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуға тиіс. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды. Аталған ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенімдіміз», – деді Президент.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылуы салтанатына қатысты
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті Дастан Рыспеков атқарған болатын.
🥖Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады 2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Ең көп арзандаған өнім – қияр. Оның бағасы бір аптада 4,6%-ға төмендеді. Сондай-ақ қызанақ пен сәбіз 3,2%-ға, жұмыртқа 0,4%-ға, ұн 0,3%-ға және тауық еті 0,2%-ға арзандады. 💬Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ең көп Ақтауда (0,7%-ға) төмендеді. Сондай-ақ Қонаев, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында да бағаның төмендеуі тіркелді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семейде баға өткен апта деңгейінде сақталды.
🏠Елімізде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді 2026 жылы қаңтар-маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласындағы өсім 3,5%-ды құраған. 📌Құрылыс саласында 15,2% көрсеткішпен ең жоғары өсім тіркеліп отыр. Құрылыс секторындағы өсім тұрғын үй, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, әлеуметтік және коммуналдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты. Биыл I жартыжылдықта 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6,7%-ға жоғары. Пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,6 млн шаршы метрді құрайды. Жеке тұрғын үйлердің ауданы – 2,7 млн шаршы метр.
Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі лауазымынан босатылды «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында. Ол бұл қызметке 2024 жылы тағайындалған еді.
4️⃣Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау жалғасуда Биыл жергілікті әкімдіктер колледждерде мамандар даярлауға 140 мың мемлекеттік грант бөлді. Қазіргі уақытта 55 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы немесе тікелей колледжге тапсыруға болады. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігіне ие. 📌Колледждерге қабылдау кезінде ауыл жастары, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және заңнамада көзделген өзге де санаттар үшін қабылдау квоталары қарастырылған.
⚡️Болат Ақшолақов Атырау облысы әкімі қызметіне тағайындалды Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Серік Шәпкенов лауазымынан босатылды.
Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі лауазымынан босатылды Бұл туралы Ақорда хабарлады. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
🥊Қазақстанда 228 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысады Елімізде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысады. 526 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мамандандырылған мектеп жұмыс істейді, онда 400 мыңға жуық бала спортпен айналысады. Осы жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша, елімізде 26,5 мың спорт ғимараты жұмыс істейді. 2026 жылы 34 спорт нысаны іске қосылған, оның ішінде 21-і ауылдық жерлерде бой көтерген. Жыл соңына дейін тағы 87 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 11 Әлем чемпионатына және 26 Азия чемпионатына қатысып, 99 алтын, 33 күміс және 20 қола медаль иеленді. 📌2026 жылы Қазақстанда семсерлесу, стендтік ату және бочча бойынша Әлем кубоктары, сондай-ақ дзюдодан Grand Slam және IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA турнирлері өтті. 📺@qazaqstantv
⚜️Латиф Хамидидің туғанына – 120 жыл Бүгін қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, композитор, Қазақстанның халық әртісі Латиф Хамидидің туғанына 120 жыл толып отыр. Латиф Хамиди ұлттық кәсіби музыка өнерінің дамуына зор үлес қосып, қазақ әні мен симфониялық шығармашылығының өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған туындылар ұлттық мәдениеттің алтын қорынан берік орын алды. Латиф Хамидидің бай шығармашылық мұрасы мен есімі қазақ музыка өнерінің тарихында мәңгілік сақталып, кейінгі ұрпаққа рухани қазына болып қала береді.
🇪🇺 «Астана» - «Динамо Сити» арасындағы матч кезіндегі жарқын сәттер 📌 Елордалық ұжым Конференция Лигасының алғашқы айналымында албаниялық «Динамо Ситиден» 4:2 есебімен жеңілді.
😍Бүгінгі күнді жақсы жаңалықтармен қорытындылайық! ⚽️Қазақстандық Карим Мендіқанов «Барселона» ойыншысы атанды 🌐Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды 📍Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Ақтауда 🤯«Қайрат» чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті 📲«Xiaomi» Қазақстанда смартфон мен көлік шығаруға ниетті» Толығырақ оқу үшін
🇰🇿 «Астана» Конференция Лигасындағы жорығын аяқтады ⚽️ Елордалықтар алғашқы айналымда албаниялық «Динамо Ситиден» 4:2 есебімен жеңілді. 📌 Сырт алаңда минималды есеппен жеңіске жеткен «Астана» өз алаңыңда мүмкіндікті пайдалана алмады.
🇰🇿 «Астана» Конференция Лигасындағы жорығын аяқтады ⚽️ Елордалықтар алғашқы айналымда албаниялық «Динамо Ситиден» 4:2 есебімен есе жіберді. 📌 Сырт алаңда минималды есеппен жеңіске жеткен «Астана», өз алаңыңда мүмкіндікті пайдалана алмады.
«Динамо Сити» есепті еселеді 🇰🇿 «Астана» 1:3 «Динамо Сити» 🇦🇱
❗️«Семей орманындағы» өртті оқшаулау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр Абай облысы «Семей орманы» резерватындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Бородулиха ауданы аумағындағы қызыл жалынды өшіру жұмыстарын үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді. Сондай-ақ күштік құрылымдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиациясы жұмылдырылды. Сағат 14:50-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстарына 85 техника бірлігі және 5 тікұшақ жұмылдырылған. ТЖМ, ЭТРМ, ҰҚК және ҚМ авиациясы 123 рет өрт ошақтарына жалпы көлемі 157 тонна су төгу жұмысын орындаған. «Барлық күштер мен құралдар күшейтілген режимде жұмылдырылуда. Өрт ошағын оқшаулау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жағдай ТЖМ жедел штабының бақылауында», - делінген хабарламада.
😍Халықаралық волонтерлер жылы: Дастан Сәтпаев пен ByDastann жаһандық амбассадор атанды Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды. 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. «Бұл бастама халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болып, әлем елдерін жанашырлық, ынтымақ және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға біріктірді» - делінген хабарламада.
Архив Qazaqstan.tv — страница 4
Это 4-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.