Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 5

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 5. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57808

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️«Семей орманындағы» өртті оқшаулау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр Абай облысы «Семей орманы» резерватындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Бородулиха ауданы аумағындағы қызыл жалынды өшіру жұмыстарын үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді. Сондай-ақ күштік құрылымдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиациясы жұмылдырылды. Сағат 14:50-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстарына 85 техника бірлігі және 5 тікұшақ жұмылдырылған. ТЖМ, ЭТРМ, ҰҚК және ҚМ авиациясы 123 рет өрт ошақтарына жалпы көлемі 157 тонна су төгу жұмысын орындаған. «Барлық күштер мен құралдар күшейтілген режимде жұмылдырылуда. Өрт ошағын оқшаулау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жағдай ТЖМ жедел штабының бақылауында», - делінген хабарламада.


Qazaqstan.tv » публикация №57807

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Халықаралық волонтерлер жылы: Дастан Сәтпаев пен ByDastann жаһандық амбассадор атанды Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды. 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. «Бұл бастама халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болып, әлем елдерін жанашырлық, ынтымақ және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға біріктірді» - делінген хабарламада.


Qazaqstan.tv » публикация №57806

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қауіпті ойыншық: Сквиш пен слаймға бақылау күшейді 🚫🧸 Балалардың сүйікті антистресс ойыншықтары – сквиш пен слаймның қауіпсіздігіне қатысты күмән көбейді. Әлеуметтік желіде алматылық бүлдіршіннің химиялық күйік алғаны туралы жазбадан кейін қаладағы сауда орындарындағы бұл өнімдер арнайы зертханалық тексеріске жіберілмек. ⚠️ Бұл ойыншықтардың қаншалықты қауіпсіз екені қалай анықталады? Олардың сапасына кім жауап береді? Тілші бейнематериалында.



Qazaqstan.tv » публикация №57804

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📝 Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57803

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇨🇳ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға орайлы мүмкіндік туып отырғанына назар аударды – Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жетті. Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор. Қазақстан Президенті Қытаймен достық саясат жүргізіп отыр. Бұл халықтарымыздың мүддесіне сай келеді, – деді Си Цзиньпин. 🔹Сонымен қатар ҚХР Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57802

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыс жылдан жылға нығайып келе жатқанына тоқталды – Былтыр Қазақстанға 1 миллионнан астам Қытай азаматы сапарлап келді. Екі ел астаналарында мәдени орталықтар ашылды. Елімізде Лу Бань шеберханалары табысты жұмыс істеуде. Бұл – қос халықтың арасында қалыптасқан достық пен өзара сенімнің тағы бір айғағы, – деді Президент. 🔹Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейіне назар аударды. 🔹Екі мемлекеттің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұстанымдары – ортақ. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында тиімді байланыстар орнаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57801

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇨🇳Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді 🟦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады. – Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді. 🟦Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Осы уақытқа дейін ҚХР еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция салды. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 49 миллиард долларға жетті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. 🟦Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторында бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылуда.




Qazaqstan.tv » публикация №57798

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅🇪🇸 Ресми: Карим Мендіқанов «Барселона» ойыншысы атанды 🇰🇿 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды. 📷 15 жастағы футболшы келісімшартқа қол қойғанын Instagram парақшасында жария етті. 🔹Өткен маусымда ол «Серданьола» сапында өнер көрсетіп, кейін «Сан-Кугат» клубына ауысты. Мұнда аз уақыттың ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. 📌 Жаңа маусымда отандасымыз «Барселонаның» жастар командасында өнер көрсетеді.



Qazaqstan.tv » публикация №57796

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Дубайға рейстер 21 шілдеден бастап тағы тоқтатылады Ормуз бұғазы мен өңірдегі ахуалдың нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейінгі рейстер Дубайдағы жолаушыларды елге қайтару үшін орындалады. 📢Жолаушылар билет құнын толық қайтара алады немесе оны кейінгі күнге не Air Astana әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондай алады. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57795

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Шымкентте 200 мың теңгеге бәстесіп, жарысқан жүргізушілер жазаланды 📹 Полиция олардың қарсы бағытқа шығып, қауіпті маневр жасап, жол қозғалысына қауіп төндірген сәттері түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желілерден анықтаған. 💸 Тексеру барысында жастардың 200 мың теңгеге бәстесіп, жарысты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялау үшін ұйымдастырғаны белгілі болды. Сондай-ақ қатысушылардың бірі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған. ⚖️ Құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылды. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Qazaqstan.tv » публикация №57794

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразияның толыққанды көлік хабына айналу жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. Осы орайда Президент еліміздің аумағында мультимодальді портты хаб құру туралы бастаманы құптады.


Qazaqstan.tv » публикация №57793

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Xiaomi» Қазақстанда смартфон мен көлік шығаруға ниетті» Шанхайда Қазақстан – Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі өтті. Шараға қатысқан танымал «Xiaomi» компаниясын Қазақстан қызықтырып отыр. 📱Компания елде смартфон және көлік өндірісімен айналысқысы келеді. ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел арасында құны 16 млрд доллардан асатын 70-тен астам құжатқа қол қойылғанын жеткізді. 📺«Ақорда» бағдарламасы 19 шілде 17:40-та көрсетіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57792

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.


Qazaqstan.tv » публикация №57791

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен жоғары технология саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективасын талқылады. Мемлекет басшысы CATL компаниясының елімізде аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу бастамасын құптады. Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс орнына айналуы мүмкін. Президент Қазақстанның шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндігі толық жететінін атап өтті.


Qazaqstan.tv » публикация №57790

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбинмен кездесті Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде тәжірибесі мол екенін ескеріп, жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды. Xiaomi басшылығы Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57789

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде айтты. «Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін!», – деді Президент.



Qazaqstan.tv » публикация №57780

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤝Дөңгелек үстел барысында қол қойылған коммерциялық құжаттарды алмасу рәсімі өтті Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар жасанды интеллект, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды.


Qazaqstan.tv » публикация №57779

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алматыда «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сарапшылар алаңы басталды 📌Сараптамалық платформа барысында Құрылтайдың конституциялық трансформациясы, оның өкілеттіктерінің кеңеюі және заң шығару жұмысының сапасы, сондай-ақ Құрылтайдың мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңы ретіндегі рөлі, оның ішінде қызметін цифрландыру мәселелері талқыланады. 📹Тікелей эфир Qazaqstan TV YouTube-арнасында жүреді.


Qazaqstan.tv » публикация №57778

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде айтты. «Былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Қазір Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде CNPC, CITIC және Huawei сияқты ірі компанияларды атап өту қажет. Біз Қытай бизнес өкілдерінің Қазақстан экономикасын жаңғыртуға сүбелі үлес қосып жатқанын жоғары бағалаймыз. Атап айтқанда, Sinopec компаниясымен ірі газ-химия кешені, Fufeng Group компаниясымен жүгеріні терең өңдеу зауыты, Lihua Group компаниясымен заманауи мақта-тоқыма кластері құрылысын қолға алдық. Қытайдың автокөлік кәсіпорындары Қазақстанда өндіріс орындарын аша бастады. Мысалы, елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылды»,- деді Мемлекет басшысы.


Qazaqstan.tv » публикация №57777

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді. – Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығына» бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Qazaqstan.tv » публикация №57776

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️Қытайдың Сучжоу қаласында ҚазҰУ филиалы ашылады Қазақстанның жетекші университеті Қытайда филиалын ашады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында айтты. 📌Филиал «Сучжоу» университетінің базасында құрылмақ. Оқу орны 3 мамандық бойынша студенттерді оқытады. Алғашқы жылы әр мамандыққа 100 студент қабылданады. 📺«Ақорда» бағдарламасы 19 шілде 17:40-та көрсетіледі. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57775

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Аққу мен балапандарын жолдан өткізген полицей көптің ықыласына бөленді Қостанай мен Тобыл арасындағы тасжолда аққу балапандарымен бірге жолдың арғы бетіне өтпек болған. 🚔 Құстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері көлік қозғалысын уақытша тоқтатып, аққулардың жолдан еш кедергісіз өткізді. Видео: Threads|maratkorea


Qazaqstan.tv » публикация №57774

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанада газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті Оқиға Астана қаласының Байқоңыр ауданында Ш.Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта болған. ТЖМ мәліметінше, көлемі 50 литрлік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан үш зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. 🎥: @res_vlad


Qazaqstan.tv » публикация №57773

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚨ІІМ: Шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып кетті 💧Шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 69 бала көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған жерлерде болған. Сонымен қатар балалар ересектердің қарауынсыз қалуы мен демалыс кезінде спирттік ішімдік ішу де қайғылы жағдайларға себеп болған. ⚠️Министрлік ата-аналарға балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.


Qazaqstan.tv » публикация №57772

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌Бүгін Алматыда «Құрылтай–заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сарапшылар алаңы өтеді Бүгін Алматыда «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» тақырыбында сарапшылар алаңы ұйымдастырылады. Іс-шара сағат 14:30-да басталады. 🤩Іс-шара барысында Құрылтайдың конституциялық трансформациясы, өкілеттіктерінің кеңеюі, заң шығару жұмысының сапасы, сондай-ақ оның мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңы ретіндегі рөлі және қызметін цифрландыру мәселелері талқыланады. 📱Тікелей трансляция Qazaqstan TV YouTube арнасында.


Архив Qazaqstan.tv — страница 5

Это 5-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.