Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 6

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 6. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57773

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚨ІІМ: Шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып кетті 💧Шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 69 бала көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған жерлерде болған. Сонымен қатар балалар ересектердің қарауынсыз қалуы мен демалыс кезінде спирттік ішімдік ішу де қайғылы жағдайларға себеп болған. ⚠️Министрлік ата-аналарға балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.


Qazaqstan.tv » публикация №57772

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌Бүгін Алматыда «Құрылтай–заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сарапшылар алаңы өтеді Бүгін Алматыда «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» тақырыбында сарапшылар алаңы ұйымдастырылады. Іс-шара сағат 14:30-да басталады. 🤩Іс-шара барысында Құрылтайдың конституциялық трансформациясы, өкілеттіктерінің кеңеюі, заң шығару жұмысының сапасы, сондай-ақ оның мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңы ретіндегі рөлі және қызметін цифрландыру мәселелері талқыланады. 📱Тікелей трансляция Qazaqstan TV YouTube арнасында.


Qazaqstan.tv » публикация №57771

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚗Қазақстандағы автокөлік саны 6 миллионнан асты Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың маусым айында елімізде 167 878 автокөлік есепке қойылған. Бұл мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7%-ға жоғары. ✔️Есепке қойылған автокөліктер: 87,4%-ы – жеңіл автокөлік; 5,7%-ы – жүк көлігі; 0,9%-ы – автобус. ⛽️Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көліктердің 81,1%-ы бензинмен, 6,5%-ы дизельмен, 6,7%-ы гибрид, 1,7%-ы электр қуатымен жүреді. Қалған 5 851 көлік құралының қолданатын отын түрі көрсетілмеген. 🅿️2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) есепте тұр.


Qazaqstan.tv » публикация №57770

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤓Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қанша? Бакалавриатта стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 52 372 теңгені құрайды. Магистратура мен докторантурада стипендия 2022 жылмен салыстырғанда 1,75 есе өсті, 117 098 теңге және 262 500 теңге. ▫️Ал 2026-2027 жылдарға арналған мемлекеттік грант саны 89 мыңнан асады. Бакалавриатқа – 75 371, магистратураға – 11 007, докторантураға – 3 079 грант қарастырылған. 📌Қазір білім грантына өтінім қабылдау жүріп жатыр. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57769

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿 «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті Алматылық клуб сырт алаңда Черногорияның «Сутьескасын» 2:0 есебімен жеңіп, екі матч қорытындысы бойынша 4:1 нәтижесімен келесі кезеңге жолдама алды. ⚽️ Голдар: Исмаил Бекболат 68' Жоржиньо 80' (П) 📌 Екінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы Кипрдің «Омония» клубы болады. Алғашқы матч 22 шілдеде Кипрде, қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57768

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇦🇷 Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының финалында 🏆 Әлем чемпионатының екінші финалисі анықталды. Жартылай финалда Аргентина құрамасы Англияны 1:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. 🇪🇸⚔️🇦🇷 Осылайша, Әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина құрамалары чемпиондық атақ үшін таласады. 🇫🇷⚔️🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ал қола жүлде үшін матчта Франция мен Англия құрамалары кездеседі.




Qazaqstan.tv » публикация №57765

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Алматыда Қызыл кітапқа енген керқұланның екінші төлі дүниеге келді 14 маусымда Алматы хайуанаттар бағында Керқұлан (Пржевальск жылқысы) Құрбанкүл құлындады. Оған Желмая есімі берілді. Бұл - Құрбанкүлдің екінші төлі. 📍Алматы хайуанаттар бағы ақбөкенді, ақ аюды, ақиық бүркітті және Пржевальск жылқысын сақтау бағдарламаларына қатысады. Қызыл кітапқа енген керқұланның төлдеуі сирек кездесетін түрді сақтауға қосылған маңызды үлес болып отыр. Қазір Құрбанкүл, Желмая және әкесі Мерей келушілер кірмейтін, тыныш, арнайы аумаққа орналастырылған. Оларды мамандар ерекше күтіммен баптап жатыр. Видео: almatyzoo


Qazaqstan.tv » публикация №57764

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️Францияда кешегі футболдан жеңілістен кейін жаппай тәртіпсіздік болды Франция ұлттық құрамасының Әлем чемпионатының жартылай финалындағы жеңілісінен кейін елдің бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздік болған. Ызалы жанкүйерлер полициямен қақтығысып, көліктер мен көше мүліктерін бүлдірді. Париж полиция префектурасының алдын ала мәліметінше, Әлем чемпионатының жартылай финалына байланысты іс-шаралар кезінде қалада 141 адам ұсталған.



Qazaqstan.tv » публикация №57762

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда 636 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алады 💵 Елімізде балалы отбасыларға арналған 5 негізгі қаржылай қолдау түрі бар. Яғни сәбилі болғанда біржолғы жәрдемақы беріледі, көлемі 164 350 теңге. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 теңге болып белгіленген. 👥 Бұдан бөлек, жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік төлемдер, көпбалалы және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57761

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Еліміздің кей өңірінде +46°С-қа дейін аптап ыстық болады 🗓️ Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы өзгереді. 16-18 шілдеде солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. 🌤️ Батыс пен солтүстікте аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді: батыста күндіз ауа температурасы +22…+35°С, солтүстікте +21…+36°С болады. Ал республиканың орталығы мен шығысында өте қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +41°С болады. 🌡️ Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында Орта Азия өңірлерінен келетін ыстық ауа массаларының әсерінен күн ыстық болып, температура +41…+46°С дейін жоғарылайды. Жауын-шашын жоқ.



Qazaqstan.tv » публикация №57759

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен барды Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57758

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57757

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркиядағы орман өрті: Мыңнан астам адам эвакуацияланды Түркияның Мугла облысы Милас ауданында ірі орман өрті әлі де жалғасып жатыр. Өрт тұрғын үйлер мен туристік аймақтарға дейін жақындаған. Өрттің жылдам таралуына аптап ыстық, ауаның құрғақтығы және қатты жел себеп болып отыр. Өңірде ауа температурасы 40°C-қа дейін жеткен. Қатты жел жалынды туристік нысандарға қарай айдап әкеткен. Қауіпсіздік мақсатында 350 қонақүй, 770 демалыс кешенінен барлығы 1120 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында 62 өрт сөндіру көлігі, көптеген арнайы техника және авиация тартылып, 517 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57756

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Қостанай облысында бруцеллезге байланысты 2 ауыл карантинге жабылды Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 23 сиырдан бруцеллез анықталып, екі ауыл карантинге жабылды. Індет шығуына байланысты Қазанбасы, Октябрское елді мекендерінен 323 бас ірі қарадан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Егер бруцеллез расталған жағдайда ауру мал 15 күн ішінде арнайы цехтарда сойылады. Қазір бұл өңірлерге малды сырттан әкелуге, не шығаруға тыйым салынған. Ал эпизоотияға қарсы республикалық жасақ ауру тараған аймаққа зарарсыздандыру жұмысын жүргізбек.


Qazaqstan.tv » публикация №57755

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚧 «Алматы – Қаскелең» тасжолы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі Жоба аясында екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Осылайша жолдың өткізу қабілеті екі есе артады. Құрылыс жұмыстары 20 шілдеде басталады. Жобаны аяқтап, пайдалануға беру 2027 жылдың желтоқсанына жоспарланған. 🔚Мамандардың мәліметінше, Алматыға күн сайын 300 мыңға жуық автокөлік кіреді. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57754

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌞 +45 градус: Шымкентте өрт сөндірушілер балаларға ерекше қуаныш сыйлады 🌡 Ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілген күні олар арнайы техниканың көмегімен балалар алаңына су шашып, кішкентайларға нағыз су мерекесін сыйлады. 🚒 Балалар асыр салып ойнап, ерекше көңіл күйге бөленді.


Qazaqstan.tv » публикация №57752

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🍉Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады? Биылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс күні болмайды. Бұл Конституция күнінің енді 15 наурызда аталып өтуіне және 30 тамыздың мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуына байланысты. 📌Тамыз айында қосымша мерекелік демалыс қарастырылмаған. ▫️5 күндік жұмыс аптасы бойынша: 🤩21 жұмыс күні; 🤩10 демалыс күні болады. ▫️Ал 6 күндік жұмыс аптасы үшін: 🤩26 жұмыс күні; 🤩5 демалыс күні қарастырылған. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57751

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Англия🆚Аргентина: Финалға қай команда жолдама алады? Әлем чемпионатының жартылай финалында Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Тартысқа толы матчта қос команда финалға шығу үшін барын салады. 📺Шешуші ойынды бүгін 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыздар. 📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook


Qazaqstan.tv » публикация №57750

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚂Қызылорда облысында 3 тарихи вокзал жаңғыртудан кейін қайта ашылды Қызылорда облысында Қазалы, Жаңақорған және Шиелі теміржол вокзалдары күрделі жаңғыртудан кейін қайта пайдалануға берілді. 💬Көлік министрлігінің мәліметінше, ғасырлық тарихы бар вокзал ғимараттары заманауи талаптарға сай жаңартылып, толықтай қайта жабдықталған. ▫️1903 жылы салынған Қазалы вокзалының ауданы 1 мың шаршы метрден асады. Станция арқылы тәулігіне 24 жолаушылар пойызы өтеді. ▫️1976 жылы салынған үш қабатты Жаңақорған вокзалының ауданы 922,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Станция арқылы тәулігіне 30 пойыз қатынайды. ▫️1904 жылы салынған Шиелі вокзалы да толықтай жаңартылды. Ғимараттың ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы тәулігіне 26 пойыз жүреді. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57746

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Тауар және қызмет: Тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді 18 шілдеден бастап азаматтарға жеке қажеттіліктері үшін – тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алуға берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеудің жаңа тәртібі күшіне енеді. Толық ақпарат карусельде⤴️


Qazaqstan.tv » публикация №57738

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

ШҚО-да жазда қайда демалуға болады? ТОП-8 бағыт ҚР Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтар үшін Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы демалысқа арналған ең көрікті орындардың тізімін ұсынды. Тізімге табиғаты көркем көлдер, ұлттық парктер мен туристер жиі баратын демалыс аймақтары енгізілген. Толығырақ карусельден көріңіз ➡️


Qazaqstan.tv » публикация №57737

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📸Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүрген Қазақстанның Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) фототұзаққа түсіп қалған. Сирек кездесетін жыртқыш тұрақты бақылау нүктесінен бөлек, бұған дейін тіркелмеген шатқал аумағынан да анықталып отыр. Видео: qazaqormany


Qazaqstan.tv » публикация №57736

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Халықаралық олимпиадада топ жарған оқушылар елге оралды Физикадан халықаралық олимпиадада ең үздік нәтиже көрсеткен оқушылар елге оралды. Жүлдегерлерді Алматы әуежайында туған-туыстары мен қала тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды. Айта кетейік, Колумбияда өткен 56-халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль иеленді. Бұл - Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Биылғы білім додасына әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты.


Qazaqstan.tv » публикация №57735

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇪🇸 Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты 🏆 Әлем чемпионатының алғашқы финалисі анықталды. Жартылай финалда Испания құрамасы Францияны 0:2 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Гол авторлары: ⚽️ Оярсабаль 22' (П) ⚽️ Порро 58' 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿⚔️🇦🇷 Қызыл фурия финалда Англия - Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал франциялықтар қола медальға таласады.


Qazaqstan.tv » публикация №57734

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇫🇷🆚🇪🇸 Қос құрама матч алдындағы жаттығуын өткізді 🏆 Санаулы минуттан кейін Франция мен Испания арасындағы жартылай финалдық кездесу басталады. 🇫🇷 Франция ⚔️ Испания 🇪🇸 📺 Тартысқа толы кездесуді бүгін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыз.


Qazaqstan.tv » публикация №57733

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Даллас стадионы маңындағы Испания жанкүйерлерінің шеруі ⚽️ Бүгін сағат 23:50-де Франция мен Испания құрамалары Әлем чемпионатының финалына жолдаманы сарапқа салады. 🇫🇷 Франция ⚔️ Испания 🇪🇸 📺 Тартысқа толы кездесуді бүгін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыз!


Архив Qazaqstan.tv — страница 6

Это 6-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.