Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 25

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 25. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57061

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️ Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды Алматыдан Шымкентке бағыт алған ұшақ қолайсыз ауа райына байланысты Тараз қаласындағы қосалқы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Ұшақ қону алдында шамамен 15 минут бойы күшті турбуленттілік аймағына тап болған. SCAT әуекомпаниясының мәліметінше, Шымкент әуежайы маңында қатты жел, найзағай және нөсер жаңбыр болған. Осыған байланысты экипаж қауіпсіздік мақсатында қосалқы әуежайға қонуды шешкен. Ұшақ Таразда шамамен 1,5 сағат аялдағаннан кейін рейсін жалғастырып, Шымкентке қайта сәтті қонды. 🎥: threads.com/@araytolegen


Qazaqstan.tv » публикация №57060

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✏️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды 🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 🔹Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.




Qazaqstan.tv » публикация №57056

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📞 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇺🇿Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады. Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.


Qazaqstan.tv » публикация №57055

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркістан облысында аптап ыстықтан жол бүлінді Түркістан облысында аптап ыстықтан бетон жолдар бүлініп жатыр. «Шымкент - Өзбекстан шекарасы» республикалық автожолының 712-шақырымында бетон жабыны жарылған. Ақауды жауапты мекеме дер кезінде қалпына келтірді. Кеше өңірде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Мамандар жоғары температурада жолға көп күш түсетінін, кернеу күшейіп, бетон плиталары кеңейіп кетуі мүмкін екенін айтады. Соңғы бір айда өңірдегі күре жолдардың 6 учаскесінде осындай ақау табылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57054

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚖️ Таразда 19 жастағы қызды алып қашқандар 3 жылға сотталды Таразда 19 жастағы қызды мәжбүрлеп алып қашқан Алматы облысының 3 тұрғыны сотталды. Тергеу мәліметінше, жәбірленуші мен алып қашқан азамат 5 жылдан астам уақыт сөйлесіп жүрген. Алайда қыз тұрмысқа шығудан бас тартқан. Соған қарамастан ер адам таныстарын тартып, қызды күш қолданып алып қашуды ұйымдастырған. Сот 3 айыпталушыны кінәлі деп танып, әрқайсына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.



Qazaqstan.tv » публикация №57052

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌡️ Астанада 85 жылдан кейін температуралық рекорд орнады 23 маусымда Астанада ауа температурасы ең жоғары +36,8°C-қа жетіп, жаңа рекорд тіркелді. 🔥 Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1941 жылы +36,4°C болған.


Qazaqstan.tv » публикация №57051

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Өзбекстан құрамасының жанкүйерлері матчқа атпен барды АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Өзбекстан-Португалия матчы алдында өзбек жанкүйерлері стадионға атпен барды. Сондай-ақ қалада өзбек палауы дайындалып, ұлттық құраманың ресми фан-аймағы ұйымдастырылды. 🎥: fwc26houston



Qazaqstan.tv » публикация №57049

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅ Енді әскердегілер тауар мен тағамға тапсырыс бере алады Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріндегі мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған Voenmart пилоттық жобасы іске қосылды. Қазір жоба Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонының оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде енгізілген. 📌 Voenmart жүйесі арқылы сарбаздар қажетті тауар мен тағамға тапсырыс беріп, оларды әскери бөлім аумағына тегін алдыра алады. Пилоттық жоба нәтижелері бағаланғаннан кейін жүйе еліміздің өзге әскери бөлімдеріне кезең-кезеңімен енгізіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57048

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

ШҚО мен Абай облысындағы 7 әлеуметтік нысан құрылысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу мәліметінше, «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысы құрылыс жұмыстарына тиісті техникалық қадағалау жүргізбегеніне қарамастан, орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған. Тінту кезінде жалған актілер мен мөр көшірмелері табылған. Ал мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты. ЖШС басшысына іздеу жарияланды, сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.



Qazaqstan.tv » публикация №57045

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Дәрілік заттарды өндіру және тарату: Алматыда 4 фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі тоқтатылды Polisia.kz сайтының хабарлауынша, ІІМ мен ҰҚК Алматы қаласында көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, оларды еліміздің дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметін тоқтатқан. «Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам сома көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленбеген», - делінген хабарламада. ✔️Бірлескен арнайы операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша, ондаған мың қаптама жалған дәрілік препараттар, оның ішінде айналымы шектелген дәрілер, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленген. 📌Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57044

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💸 Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымнан шықты 24 маусымнан бастап ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналыс мерзімі аяқталды. Енді олармен дүкендерде және басқа да сауда орындарында төлем жасауға болмайды. Ұлттық банк 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Сақ стилі» сериясындағы жаңа 2000 теңгелік банкноталарды айналымға кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Осыған байланысты ескі және жаңа банкноталар бүгінге дейін қатар қолданылды. 📌 Қолында ескі банкнотасы қалған азаматтар оларды алдағы 3 жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде жаңа үлгідегі ақшаға айырбастай алады.


Qazaqstan.tv » публикация №57043

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏕️ Еліміздің ТОП-5 үздік туристік ауылы анықталды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, биыл ТОП-5 үздік туристік ауыл қатарына Жетісу облысындағы Басши, Павлодар облысындағы Торайғыр, Шығыс Қазақстан облысындағы Берел мен Коробиха, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау ауылдары енді. ✔️ Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына кірді.




Qazaqstan.tv » публикация №57036

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇨🇴 Колумбия минималды есеппен жеңіске жетті 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кездесуде Колумбия Конго ДР құрамасын 1:0 есебімен жеңді. ⚽️ Жеңісті голды 76 минутта Даниэл Муньос Мехия соқты. 📌 Колумбия құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын 28 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.






Qazaqstan.tv » публикация №57031

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады 🟦MSC басшылығымен кездесу барысында көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🟦Жүк айналымын арттыруға айтарлықтай септігін тигізетін контейнерлеу деңгейін ұлғайтуға ерекше назар аударылды. 🟦Президент контейнерлік тасымалдау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналатын компанияның Қазақстан нарығындағы қызметіне жоғары баға беріп, бүгінде Орта дәлізді дамыту еліміз үшін стратегиялық басымдық саналатынын атап өтті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Эдуард Зигристке Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін күшейту бағытындағы нақты шаралар туралы мәлімет берді. 🟦Атап айтқанда, Әзербайжан және Грузия елдерімен бірге бірыңғай ұзақмерзімді тариф моделін енгізу мәселесі пысықталып жатыр. 🟦Каспий теңізіндегі жүк кемелері флотын кеңейту, Әзербайжанмен бірлесіп теңіз табанын тереңдету, сондай-ақ Құрық портын жаңғырту секілді негізгі инфрақұрылым жобалары қолға алынды. 🟦Бұл ретте Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптап, мұндай жобалар аталған бағыттың бәсекеге қабілеттігін елеулі түрде арттыратынын, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы көлемінің өсіміне ықпал ететінін айтты. 🟦MSC аға вице-президенті Мемлекет басшысына компанияның ұзақмерзімді инвестициялық жоспары туралы баяндады. Оның аясында логистикалық терминалдарға, темір жол активтеріне, порт инфрақұрылымына және теңіз қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы әуе арқылы жүк тасымалына қаржы құю қарастырылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57030

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары – сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Мартинес-Лахе Собредомен ынтымақтастық перспективасын талқылады. Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастық қазақ-испан қарым-қатынасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін, ал Қазақстанда барлығы 60-қа жуық испандық компания жұмыс істейтінін айтты. Президент әлемдегі жетекші ритейлер санатына енетін Inditex тобының еліміздегі қызметін кеңейту және Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистика торабына айналдыру жөніндегі жоспарын құптады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы компанияның уақыт өте келе елімізде логистика аясынан шығып, тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын құра алатынына сенімді екенін жеткізді. Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо Қазақстанда кәсіпкерлік пен инвестицияға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнесті өркендету жоспарымен бөлісті.


Qazaqstan.tv » публикация №57029

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев пен Groupe ADP компаниясы басшысының кездесуінде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді перспективасына баса назар аударылды. Президент әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі саналатынын атап өтті. Мемлекет басшысының бағалауынша, Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайы инфрақұрылымын басқаруға атсалысуы табысты серіктестіктің жарқын үлгісі болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның жаңа халықаралық терминал салу секілді бірқатар маңызды жобаны тиімді жүзеге асырғанына тоқталды. Бұл инфрақұрылымның жаңаруына және жолаушылар санының жылына 14 миллионға дейін артуына мүмкіндік берді. Филипп Паскаль Алматы әуежайын дамытуға арналған ұзақмерзімді бас жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берді. 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 55 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға жол ашады. Сондай-ақ кездесуде өңірл


Qazaqstan.tv » публикация №57028

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті ✔️Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. ✔️Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты.




Архив Qazaqstan.tv — страница 25

Это 25-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.