Негізгі құрам 🏴 Англия – Гана 🇬🇭 ⏰ 00:50 📺 Тікелей эфир: «Qazsport», «Qazaqstan»
Qazaqstan.tv — страница 26
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 26. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🔹Мемлекет басшысы: Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 млрд доллардан астам қаржы салды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Ең әуелі еуропалық серіктестерге Қазақстанның Еуропаны Орталық Азиямен, Қытаймен, Кавказбен және Таяу Шығыспен байланыстыратын өңірлік логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын айтты. Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында, сондай-ақ құрамына Commerzbank, JPMorgan Chase Bank және Standard Chartered Bank кірген Банктер синдикаты MIGA (Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттіктің) кепілдігімен қол қойылған, құны шамамен 1 миллиард доллар болатын логистикалық инфрақұрылым саласындағы келісімді құптады.
✍️Қасым-Жомарт Тоқаев: Білімге негізделген экономика құрғымыз келеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі. Еуропалық бизнес өкілдеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Президент атап өткендей, Global Financial Centers Index рейтингінде АХҚО Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша бірінші орын алады. Орталықта әлемнің 90-нан астам елінен 5800-ден аса компания тіркелген, оның ішінде 250-ге жуығы – Еуропа елдерінен. АХҚО арқылы еуропалық компаниялар үлестік қаржыландыру ретінде 307 миллион доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Мемлекет басшысы Еуропаның қаржы және инновация институттарын Астана халықаралық қаржы орталығымен бірге орнықты қаржыландыру және финтех-технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды. Президент адам капиталын дамыту тақырыбына тоқталып, Еуропалық Одақ әлдеқашан еліміздің ғылым және білім саласындағы жетекші серіктесіне айналғанын атап өтті.
Президент: Қазақстан Еуропаға сенімді серіктес болуға дайын Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде мәлімдеді. «Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз «офтейк» негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Яғни стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті инвестицияға және технологияға айырбастауға ниеттіміз. Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін алға тартып, Қазақстан бұл ретте шынайы стратегиялық серіктестікті жақтайтынын жеткізді – Ең бастысы, біз ортақ табысқа жеткізетін сенім мен ұзақ мерзімді міндеттемені ұсынамыз. Еуропалық серіктестер табысы жоғары инвестициялық жобаларға белсенді түрде атсалысады деп сенеміз. Еуропалық қаржы институттарының Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына және өңірлердің өзара байланысын нығайтатын бастамаларға қолдау көрсеткенін құптаймыз. Осы орайда Еуропалық инвестициялық банктің қосқан үлесін жоғары бағалаймын. Банк вице-президенті Мора бүгін арамызда отыр. Сондай-ақ экономикалық диалог өрбітіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың сауда күн тәртібін ілгерілету ісінде жетекші рөл атқарғаны үшін комиссар Шевчовичке алғыс айтамын. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы күш-жігері үшін Арнайы өкіл Стипрайсқа ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы сөз соңында бүгінгі пікірталастар Қазақстан мен ЕО-ның стратегиялық серіктестікке қатысты ұстанымы ортақ екенін тағы да растағанын айтты. – Орта дәлізді Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясымен ұштастыру бойынша келісім үдерісі жүргізілуде. Біз Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз әрі орнықты көлік жолының негізін қалап жатырмыз. Еуропаның инвестициясына және озық технологиясына айырбас ретінде маңызды қазба байлықтары мен қуат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін прагматикалық формуланы ұсыну арқылы сенімді серіктес болуға әзірміз. Жоғары технологиялық агробизнестен бастап жасанды интеллект саласындағы жаңашыл өнертабыстарға, АХҚО аясындағы қаржыландыру тетіктеріне дейінгі көптеген салада ұзақмерзімді интеграцияға ашықпыз. Үкіметіміз маңызды бастамаларды тез әрі табысты іске асыру үшін коммерциялық ұсыныстарыңызды зерделейтін болады, – деді Президент.
🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі ✔️Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. «Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шетелден тікелей тартылған инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты. Бұл жетістік халықаралық деңгейде мойындалды. БҰҰ Сауда және даму ұйымының (ЮНКТАД) дүниежүзілік инвестициялар туралы соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан шет елден тікелей инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда бірінші орынға ие, сондай-ақ посткеңестік кеңістік пен теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер арасында көшбасшылықты сақтап келеді. Қазақстанда 4 мыңға жуық еуропалық компания табысты жұмыс істейді. Олардың көбі, әсіресе, Airbus, Polpharma Group, Air Liquide Group, Škoda Group және Alstom секілді компаниялар ондаған жылдардан бері сенімді серіктеске айналды. Сонымен бірге біз еуропалық инвесторлардың жаңа буынын қуана қарсы аламыз. Олардың қатарында Roca Group, Inditex, Maersk, Dewulf және Damen Shipyards Group сияқты танымал компаниялар бар», - деді Президент.
🎓Елімізде 184 адамға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен Қазақстанның 184 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. 👩🏻🎓Олардың 137-сі магистратура, 10-ы докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек, 51 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Шетелден онлайн тапсырыс беру ережесі өзгереді 1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелдік интернет-дүкендерден тауар сатып алу тәртібі өзгереді. Жаңа ережелер AliExpress, Temu, iHerb және басқа да халықаралық платформалар арқылы тапсырыс беретін азаматтарға қатысты. Енді электронды сауда тауарлары жеке санат ретінде рәсімделеді. Бұрынғыдай 200 еуроға дейінгі тауарлар баж салығынан босатылады. Ал бұл сомадан асқан жағдайда сатып алушы тауар құнының 5 пайызын кедендік баж ретінде төлейді. Бұған қоса қосылған құн салығы да есептеледі. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен жиі әрі көп көлемде тауар әкелетін азаматтарды бақылау күшейеді. Егер тауар жеткізу көлемі кәсіпкерлік мақсатта деп танылса, толық кедендік рәсімдеу мен тиісті төлемдерді төлеу міндеттеледі.
❗️Әлеуметтік желіде алауыздық тудырғандар жазаланады Әлеуметтік желі арқылы қоғамда алауыздық пен арандатушылықты қоздыратын жарияланым мен пікір авторлары заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бас прокуратура осы сипаттағы ақпарат таратқандарға қатысты жаза қатаң екенін ескертеді. 💸Кінәлі адам әрекетінің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Не болмаса 2 жылдан 20 жылға дейін қамалуы немесе бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен бірге, онлайн-платформаларда заңға қайшы контент орналастырғандар 20 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Бас прокуратура мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, таратқан адамдар да заң алдында жауап беретінін еске салды. 📌Сондай-ақ тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, қоғамда алауыздық тудыратын материалдарды жариялаудан бас тарту керегін айтады.
Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті Президент Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Морамен кездесу өткізді. ЕО және ЕИБ жоғары лауазымды өкілдерімен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен өткен келіссөздер нәтижесін жоғары бағалап, кездесуде Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара бейіл екендерін растағанын айтты. Мемлекет басшысы бұл сапардың экономикалық құрамдас бөлігі, атап айтқанда, құны 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылуы еуропалық бизнестің Қазақстан экономикасына және елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімін байқататынын жеткізді. Осы орайда Президент Еуропалық инвестициялық банкпен серіктестіктің нәти
Негізгі құрам 🇵🇹 Португалия - Өзбекстан 🇺🇿 ⏰ 21:50 📺 Тікелей эфир: «Qazsport»
🍔Balkhash Tour Fest-2026 қалай өтті? Balkhash Tour Fest-2026 фестиваліне шамамен 70 мың адам қатысып, жазғы маусымдағы ең ірі туристік іс-шаралардың біріне айналды. Бірнеше күнге созылған фестиваль аясында мәдени, спорттық және ойын-сауық бағытындағы 20-ға жуық шара ұйымдастырылды. Фестивальдің басты жаңалықтарының бірі – Балқаш көлінде алғаш рет өткен өңірлік Pikeman жаппай жүзу жарысы болды. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы өңірдің жаңа туристік брендіне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Фестиваль барысында салмағы 86,4 келі болатын қазыбургер дайындалып, Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді. Сондай-ақ 500 дрон қатысқан жарық шоуы болды. Сонымен қатар Балқаштың жаңа туристік нышандарының бірі ретінде жолбарыс мүсіні таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қою рәсімі өтті: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында «Әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы» келісім; 2. «Air Astana» АҚ мен Airbus компаниясы арасында 50 әуе кемесіне дейін тапсырыс беруге қол қою рәсімі; 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және «Е-жолдары» цифрлық платформасын жасақтауға грант бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 4. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен Еуропалық инвестициялық банк арасында Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бөлігі саналатын Қазақстан өңірлеріндегі жолдарды қалпына келтіруге арналған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жобаларын қаржыландыру бойынша меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында Минералдар
🇰🇿🇪🇺Келіссөз қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысына ілтипат танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар қарсаңында Euronews ресурсында жарияланған мақаласымен мұқият танысқанын жеткізді Оның айтуынша, материалда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үш негізгі басымдығы айқындалған. Атап айтқанда, орнықтылықты нығайтуға, өзара байланысты кеңейтуге және азаматтар үшін тың мүмкіндіктерге жол ашуға ден қойылған. Бұл қарым-қатынастың ортақ күн тәртібіндегі Брюссельдің ұстанымдарымен үндеседі. ▪️Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның географиялық орналасуы, бірегей тарихы мен мәдениеті Еуропа мен Азияның арасына көпір бола алатынына назар аударды. – Қазақстан өзара көлік байланысын қамтамасыз етуде басты дәліз саналады. Транскаспий халықаралық көлік бағдары – осы бағыттағы ынтымақтастықтың табысты мысалдарының бірі. Әрине, қазіргі уақытта цифрлық технологиялар шешуші мәнге ие болып отыр. Сондықтан білім беру, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға инвестиция құю өте маңызды. Бүгінгі көпполярлы әлемде екіжақты қарым-қатынасты да, өңірлік деңгейдегі байланысты да дамытуымыз қажет. Біз Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты жалғастыруға шын мәнінде бейілміз, – деді Антониу Кошта.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика байланыстарын нығайту мәселелеріне тоқталды Атап айтқанда, Президент Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) және ЕО-ның Global Gateway бастамасын ұштастыру перспективасына назар аударды, сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі көлік-инфрақұрылым жобасына еуропалық серіктестердің қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді. Президент Қазақстанда айтарлықтай мол қоры бар аса маңызды шикізат материалдары саласы ынтымақтастықты дамытуға кеңінен мүмкіндік береді деп санайды. Еліміз өңдеу өнеркәсібіне, технология трансферіне және бірлескен өндірістік жобаларға еуропалық инвестиция тартуға ниетті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен энергетика, соның ішінде атом, цифрлық трансформация, ауыл шаруашылығы, су қауіпсіздігі және климат күн тәртібі секілді бағыттарда ықпалдастықты одан әрі арттыруға мүдделі екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев серіктестіктің тағы бір маңызды саласы ретінде білім беру, ғылым, мәдениет және азаматтар арасындағы қарым-қатынас сияқты гуманитарлық өлшемдерді атады. – Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да білім беру мен зерттеу бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын жоғары бағалайды. Біз алдағы уақытта да еліміздің университеттері мен еуропалық жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікке қолдау көрсетеміз. Қазақстан Horizon Europe бағдарламасы аясындағы қауымдастырылған ел мәртебесін иеленуге ниетті, – деді Мемлекет басшысы. Президент визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің аяқталғанына ерекше ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қазақстандағы саяси жаңғыру бағдарламасына дәйекті түрде қолдау көрсеткені және еуропалық тараптың басқару, инновация мен орнықты экономикалық даму салаларындағы озық тәжірибелерімен бөлісуге әзірлігі үшін ЕО жетекшілеріне алғыс айтты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық серіктестікті нығайтудың нақты тетігіне айналған «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» диалог платформасы маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. – Өзара сенім мен құрметке негізделген біздің қарым-қатынасымыз шынайы стратегиялық сипатқа ие болды. Мен Брюссельге сан қырлы ынтымақтастығымызды ортақ мүддеміз бар барлық салада тереңдету мақсатында келдім. Жаңа ғана қол қойылған маңызды келісім мен меморандумдар ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бейіл екеніміздің айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөз қорытындылары Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасында аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог жолға қойылғанын айтты. Сондай-ақ еліміздің аймақта бірінші болып ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойып, ратификациялағанын еске салды. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды. – Бүгінде ЕО Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Еуропалық компаниялар экономикамыздың түрлі саласына зор үлес қосып келеді. Олардың табысы еуропалық бизнестің Қазақстанға деген сенімін байқатады. Біз Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Сондай-ақ еуропалық инвесторлар үшін тұрақты әрі тартымды инвестициялық климат жасауға ұмтыламыз, – деді Президент.
Шымкенттік тұрғын 3,5 млн теңгесінен айырылды Интернет-алаяқтар WhatsApp арқылы досының атынан шұғыл қаржылай көмек қажет деген хабарлама жіберген. Ер адам көрсетілген банк шотына қомақты қаржыны еш күмәнданбастан аударған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 6 адамды ұстады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және планшет тәркіленді. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 7,5 млн теңге. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазақстандық альпинистер Денали шыңына Қазақстанның туын тікті Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды. 🇰🇿 6190 метр биіктікте әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді. Экспедиция сәтті аяқталды.
🇧🇪Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасында саяси диалог деңгейі жоғары екенін атап өтті 🟦Ол Бельгияның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді. 🟦Тараптар көлік-логистика, аса маңызды минералдар, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. 🟦Бұдан бөлек, ғылым және білім беру саласындағы ықпалдастық, әсіресе, университеттер, зерттеу орталықтары мен технологиялық компаниялар арасындағы серіктестікті ілгерілету перспективасы пысықталды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Барт де Веверді өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Премьер-министр шақыруды ықыласпен қабыл алды.
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті 🟦Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды. 🟦Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда аталған елден келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құрады. 🟦Өзара сауда айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты. – Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль иеленді. Ұлттық құрама сапында алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті. Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.
Әлеуметтік желіде алауыздық турдырғандар жазаланады Әлеуметтік желілерде алауыздық тудырғандар 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ карусельден оқыңыз.
🔴Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. ✔️Құтқарушылар 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарған. Сонымен қатар 10 адам ТЖМ күштерімен эвакуацияланған. 📎Зардап шеккендер жоқ. 40 шаршы метр аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді.
Бетті жауып тұратын киім кигені үшін 1613 адам жазаланды Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киім киюге заңмен тыйым салынған. Ережені алғаш рет бұзғандарға ескерту беріледі, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Шектеу ауа райының қолайсыз жағдайларында, медициналық көрсетілімдер кезінде, қызметтік міндеттерді орындау және спорттық, мәдени іс-шараларға қатысу барысында қолданылмайды.
🎶Димаштың «AQERKE» әні Бельгия радиосының эфирінде шырқалды Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласындағы AFM Radio эфирінде шырқалған. «Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан алғаш рет қойылуы емес. Dears жанкүйерлерінің көпжылдық белсенді қолдауының арқасында Бельгияның түрлі радиостанцияларында әншінің 60-тан астам туындысы тыңдарманға жол тартқан. Сонымен қатар, бұған дейін AFM Radio эфирінде қазақстандық өнерпаздың шығармашылығына толықтай арналған екі сағаттық арнайы бағдарламалар да ұйымдастырылды», - делінген Dimashnews сайтында.
Францияда аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болды Оның үшеуі – қарт адам, екеуі - екі және төрт жасар бала. Тағы 13 тұрғын жексенбіден бері суға кеткен. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елдің батысындағы Бордо қаласында ауа температурасы 42 градусқа жуықтаған. Meteo France қызметі қолайсыз ауа райы қалыптасқанын айтып, қауіптің күшейгенін ескертті.
Архив Qazaqstan.tv — страница 26
Это 26-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.