Qazaqstan.tv » публикация №57014
🍔Balkhash Tour Fest-2026 қалай өтті? Balkhash Tour Fest-2026 фестиваліне шамамен 70 мың адам қатысып, жазғы маусымдағы ең ірі туристік іс-шаралардың біріне айналды. Бірнеше күнге созылған фестиваль аясында мәдени, спорттық және ойын-сауық бағытындағы 20-ға жуық шара ұйымдастырылды. Фестивальдің басты жаңалықтарының бірі – Балқаш көлінде алғаш рет өткен өңірлік Pikeman жаппай жүзу жарысы болды. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы өңірдің жаңа туристік брендіне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Фестиваль барысында салмағы 86,4 келі болатын қазыбургер дайындалып, Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді. Сондай-ақ 500 дрон қатысқан жарық шоуы болды. Сонымен қатар Балқаштың жаңа туристік нышандарының бірі ретінде жолбарыс мүсіні таныстырылды.





























